Шерханға хат
Дос Шерхан! Сенін «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Қазақстан. XXI ғасыр» атты мақалама байланысты хатыңды мұқият оқып шықтым. Осындай бір күдік-сұрақтың сенін тарапыңнан болатынын сезіп жүр едім. Сен бұдан бұрынырақта бір жерде «Қазақстан жері миллиард адамды асырай алады», — деп айтқанымда, «О не дегенін, оны білсе, андыздап отырған көршілер лап беріп, бас салатын болады», — деп қорқыныш айтқансың. Шынында бұл — Біріккен Ұлттар Ұйымы мамандарының ғалымдар берген деректер негізінде жасаған қорытындысы. Осыған орай тағы бір дерек бар. Біздің казіргі Жер-Анамыз (сен өте аянышты жазғансың оның жәйін) кемінде 20-30 миллиард адамды асырай алады және де тамағын ток, көйлегін көк етіп, жарасымды тіршілік жасауға мүмкіндік береді екен. Адамдардың ақылы жетсе, саясаткерлердің рахымы болса, жердің жомарттығында шек жоқ. Бұл аңқылдаған ақкөңіл оптимизм емес, кәдімгі нақты есеп, дерек. Иә, бұл — мүмкіндік, ал оны жүзеге асыру басқа мәселе.
Адам 70 жыл өмірінде миының бар мүмкіндігінің 4-ақ пайызы пайдаланады екен. Адамның тарихы — жер тағдыры — сол мүмкіндік пен болмыс шындық арасындағы айырмашылықты азайту жолындағы күрес, ұмтылыс қой. Екіншіден, Қазақстан жеріне осы заманда ешкім көз аларта алмас. Ресейдің, Қытайдың, АКШ-тың бізге қамқор-қорған боламыз деп ресми берген (Біз 104 ракетаны жойғаннан кейін) уәделері бар ғой. Оларға сенбесек, кімге сенеміз?!
Сенің ойында жатқан бір қыжылды да байқадым. Бір миллиард адамға қорегі жететін жерде бүгін 16 миллион адам неге тойымды тағам іше алмай отыр дейсің ғой? Ол рас, ол — сұрақ. Тамақ-тағам жөніне келсек, жағдай мынадай: осыдан бес жыл бұрынғы мөлшермен салыстырғанда, бүгін бір адамға 57 кг ет (бұрын 75 кг болатын), 260 литр сүт (бұрын 320 литр болатын) мөлшерінде келеді. Үкімет халықты ашықтырмаймыз, қажет тағамды шетелдерден алып келеміз: әрі сапалы, әрі арзанға (өзіміздегімен салыстырғанда) түседі дейді. Жұрт малын көбейте алмай жатса (Монғолияда қой екі миллионға көбейген), біз сонша қой керек не деп азайтып жатырмыз. Біз қазір өз шаруаларымызға жұмыс тауып (жұмыс істейтін жағдай жасап) бере алмай отырып, Голландияның, Францияның, Американын шаруаларын асырап жатырмыз. Оларда өнімді шығару емес, өткізу-сату проблема той. Өткен жылы шетелдерден ет, сүт, жұмыртқа сатып алуға жұмсалған миллиондаған долларды неге өз шаруаларымызға — фермерлерімізге бермейміз? Осы бір өте түсініксіз жайт!
Жер туралы әңгімеде сан жылдар бойы жыртылып, шаны шыққан тынды қайтадан қалпына келтіруге жүз жыл кетеді дейсің. Рас, біраз уақыт ол жерді тыныш қалдырса, соқа салмаса, екі-үш жылда тусырап, егін салуға емес, табиғи шөптің өсуіне жарап қалады. Ал аздап су берсе деген алыс болашақтық қиялы ғой. Фосфор тыңайтқышын біраз мөлшерде беруге болар еді. Мұны сен жақсы білесің. Өзінің «Қара маржан» романында Қаратау қазынасын жазғансың. Біз фосфор қоры жағынан дүние күзінде 2-3 орын аламыз. Қор мол, бірақ соны дұрыстап ала .алмай жатырмыз той. Соңғы үш жылда ие-қожасы торт рет игерді. Осыған орай сенің де дертіңді білем. Сол сен туған өңір — Қаратаудың қазынасын да, мен туған жер — Жезқазғанның қыруар байлығын да, езің хатта жазып отырған Қарағандының көмірін де қазір шетелдіктерге беріп, иелендіріп жатырмыз. Сен Қарағандыны айтып, талантты Саттардың тамаша романын дұрыс еске салдың. Ал бұл жағдай Ғабеңнің «Оянған өлке», әсіресе «Жат қолында» романдарында ғажап жазылған еді ғой.
Жақында «Хабар» бағдарламасы сол сен айтқан Қарағанды шахтерлерінің казіргі халін көрсетті. Жаның удай ашиды. Анау Теміртаудың алып зауытын сатып алған Испат-Қармет шойын балқыту үшін кокс керек деп Қарағандының бір топ шахталарын да қосып алды. Ондағылар енді күн көреміз деп қуанып жатыр дейді. Ал шетелдіктер алмаған торт шахтаның 6 мың кеншісі қайда барады, қалай күн көреді?
Ал қазба байлықтардың жалпы құны 10 триллион доллар деген деректі мен еліміздің геология және кен қорғау министрі, өте білімді жігіт Серікбек Дәукеевтің жазғанынан, айтқанынан алдым. Бұл — жалпы долбарлы-болжамды меже. Ал нақты, нағыз анықталғаны 3,7 триллион доллар болады деп айтқан да сол. Анау жердің астыңғы қабаттарында жатқан қазына болса, мынау осы жердің үстіне шығып, қолымызға тигелі, түскелі тұрған қазына деді. Жалпы, Қазақстан қазынасы мен үшін жатқан бір жыр. Ол жөніндегі деректерді жинап, тарамдап жүремін. Сол байлықтан алғанымыздан алмағанымыз сан есе көп! Жақында ана бір-екі қызық дерек көрдім. Болашақтың отыны — уран. Ол адамға ажал-қасірет емес, күш-қуат беретін болады. Оның бағасы да қымбаттап барады. Сол уранның жер бетіндегі қорының төрттен бірі Қазақстан жерінде жатыр. Бұл ғажап қазына.
Бізде алмас жоқ деп жүргенбіз. Сөйтсек, Көкше өңірінде техникалық алмас алатын шикізат бар болып шықты. Сол кенді дұрыс пайдалану керек еді де. Бір кезде бар өнеркәсіптің 93 пайызы орталыққа бағынады деп шағынатын едік, енді бәріне өзіміз ие болдық қой. Ал өндіріс әзір жүрмей жатыр. Осының бір өкініштісі — егер сол шетелдерге беріп жатқан кәсіпорындардың шығаратын өнімдері ешкімге қажет болмай, етпей жатса екен-ау. Соның кебін көрші Ресей кәсіпорындары алады екен. Менің бір таң қалатыным, Шерхан, сол Павлодардың глиноземін, Дөң хромитің немесе Соколов-Сарыбайдың рудасын неге шетелдіктер сатады, соларды өзіміз неге бірден сатпаймыз? Сол ертең сатылар өнімнің есебінен қарыз алып, осы өндірістерді өзіміз басқарып әкетуге болмай ма? Осыны түсінбеймін.
Талай жыл өндірісті басқарған әйгілі А.Күленов шетелдіктер тек өндірісті ғана алады, әлеуметтік салаға бармайды, балабақшасын ұстамайды, ал онсыз өндіріс алға баспайды деп айтты ғой.
Осының бәрі жетіскендіктен істеліп отырған жоқ, ақша жоқ, ақша үшін барып отырмыз дейді үкімет. Сол мыс ақша емес пе?
Сен, Шерхан, хатында тағы бір мәселені қозғайсың. «Караванный» таралымына қазақ басылымдарының бәрі жиналып жетер ме екен деп сұрайсың. Бәрін қосқанда — қайдам? Бірақ мен бір нақты дерек келтірейін. «Караван» 112 бет болып шығады. Демек бір нөмірінен «Қазақ әдебиеті» газетінің (16 беттен ғой) 8-ін жасауға болады. Ал таралымын алсақ, «Қазақ әдебиеті» — 18 мың, «Караван» 250 мың, сонда көлемін таралымына көбейтсек, «Караванный» бір нөмірінен 80-90 «Казак әдебиетін» шығарып тұруға болады екен! Амал жоқ, күрсінесің де! Сондай қазақ газеті неге жоқ деп күйінесің. Ол қағаз, сол қаржы басқа жақтан емес, осы Қазақстан жерінен табылып жатқан жоқ па?
Сен жазғананау телеарналардағы қазақша хабарлардың көлемін шығару үшін бір есеп жасағанмын. Аптасына Алматының 11 телеарнасымен бір тәулікте 115 сағаттық хабар көрсетіледі, соның 14-18 сағаты ғана қазақ тілінде екен! Солай! Қазір өзің айтқандай, газет-журналдардың таралым саны да азайып, баспадан шығатын, оқушыға жететін уақытты кешеуілдеген сайын жұрт теледидар мен радиоға көбірек көз салып, құлақ тосады. Сол теледидарда кезінде екеуміз де басқарушы болып істедік. Ол аса бір күрделі, киын, кино мен журналистиканы қосқан, сан алуан дүниеден тұратын сала. Мен істеген 80-жылдар мен үшін қандай ыстық болса («Тамаша», «Айтыс», «Терме», «Алатау» бағдарламасы, 40 сериялы видеофильм т. б.), сен істеген 90-жылдар да саған ыстық. Ол кезен туралы оғаш-ожар әр қилы пікірлер, қаңқу сөздер болды. Дегенмен шындық ашылды. Сол сен әкелген «Таңшолпан» жақында қайта шыға бастады, «Балбөбек» көрінді, «Тайбурыл» дайындалды...
Қазір ен атышулы деген казак журналистері, кинорежиссерлер теледидарға келіп, осында жұмыс істеуге тиіс қой. Кино тоқырап тұр, сондағы талантты режиссер-операторларды ТВ-ға тарту қажет. Біз де білім-тәжірибемізді жұмсап, ақыл-кеңес беруден бас тартпас едік, бірақ қазір, Шерхан, осы жұрт ақыл-кеңес сұраудан ат-тонын ала қашады.
Қоғамның саяси, экономикалық құрылым-жүйелерінің тиімді-тиімсіздігін адамның хал-ахуалына қарап өлшеуге де, айқындауға да болады. «Қазақстан. Адамның хал-жағдайы жөніндегі 1996 жылғы есеп» деп аталатын халықаралық құжатта (БҰҰ қатысқан) сондай талдау-бағалау болған.
Көрсеткіштің бірі — адамның орташа өмір жасы соңғы жылдары қысқарып бара жатыр. 1991 жылғы 68,6 жастан 66,1 жасқа дейін кеміді.
Ал деректерді айтып қана коймай, олардың туу себептерін де ашып талдап айтар болсақ, экономикаға барып тірелеміз. Жалпы ұлттық енімнің мөлшер-көлемі жан басына шаққанда Қазақстанда 1992 жылы дүниежүзілік банктің дерегі бойынша, 4270 доллардан келген болса (соның өзінде 174 елдің ішінде 64-орын алған), 1995 жылы бұл келем екі еседей азайып, жан басына 2760 доллардың өнімі шығарылған. Бұл — ең төменгі көрсеткіш, дамып келе жатқан емес, дами бастаған елдердің халін көрсететін жайт.
Сонымен, адамның орташа өмір жасы, денсаулық жағдайы, тұрмыс халін айқындайтын көрсеткіш-деңгей жағынан Қазақстан соңғы бес жылда 47 орынға жылысып, 53-орыннан 100-орынға бір – ақ түсті.
Жарайды, еңсені басар, көңілді бұзар деректерді осымен доғарайын. Кеше ғана біртүтас өмір сүріп, бірге болған елдердің қай-қайсысы болса да бүгін осындай қиын халге түсіп отыр. Әр елдің жағдай-мүмкіндігі әрқалай, сондықтан да әрқайсысы өзінің қалаған жолымен жүретін болар. Президент Н. Назарбаев биылғы жыл Қазақстан үшін бет бұрыс жылы болады, алға жылжу басталады деген. Мен де жыл басында, есінде болар, «Егемен Қазақстанда» құлдыраудың шегіне жеттік, жерге аяғымызды тіредік, енді көтерілер ме екенбіз деген үмітпен мақала жазған ем. Жарты жылдың алғашқы деректері көңілге үміт ұялатады. Тол былтырғыдан көбірек алынды. Егіннің халі жұбатады. Биыл бидайдың тоннасы 130 — 135 доллар болады, демек мұнайдан да қымбат. Ауылға осы көп демеу болар. Соны аман жинап алсақ десей. Бір жағынан алдымыздағы қысқа дайындық жайы алаңдатады. Былтыр көмірдің үстінде тұрған Қарағандының үйлері азынап-мұздап шықты. Шахтинск қаласында жағар отын болмай, мектептер жабылып қалды.
Шерхан, сен хатыңның соңында Малахов қайда жүр деп сұрайсың. Білетін біреулер: ұлдарын алып, Австралияға кетіпті дейді. Соны бір газеттер қорғап жазады. Жалпы, өз маңайымызда көңілге қаяу салатын жәйлар бар. Кейбір басылымдардағы өзара айтыс, бірін-бірі кемсіту, бетін тырнау, мәселе айналасында ашу көтеру, тартыс туғызу байқалады. Газет бетін дастарқан басындағы ұсақ әңгімелерге пайдалануға сен не дейсің, қалай қарайсың? Жалпы, көңілде жүрген ойлар, толғандырар мәселелер көп.
Сәлеммен, Камал досың
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі