Шерханға хат
Қадірлі Шерхан!
Болашақты нақтырақ ойлайтын, жақынырақ көретін, көз жіберіп, ой жүгіртетін кез келген секілді. Иә, бүгінгі күннің қиындықтары бас көтертпей, бой жаздырмай жатса да, алға көз тастапБолашақты нақтырақ ойлайтын, жақынырақ көретін, көз жіберіп, ой жүгіртетін кез келген секілді. Иә, бүгінгі күннің қиындықтары бас көтертпей, бой жаздырмай жатса да, алға көз тастап, көкжиекті барлап қойған артық емес. Болашақты ойлаған, болашаққа ұмтылған адам бір кадам болса да шапшаң жүреді. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай әрекет жасады, алдағы отыз үш жылға ой тастап, қиялмен барлап отыр. Президент Жолдауы тұрғысынан бүгін болашақ та басқаша көрінеді., көкжиекті барлап қойған артық емес. Болашақты ойлаған, болашаққа ұмтылған адам бір кадам болса да шапшаң жүреді. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай әрекет жасады, алдағы отыз үш жылға ой тастап, қиялмен барлап отыр. Президент Жолдауы тұрғысынан бүгін болашақ та басқаша көрінеді.
Үш жылдан кейін ғасыр мен ғасыр ғана емес (ол да жүз жылда бір ғана болатын белес қой), екінші мыңжылдық пен үшінші мың жылдық кездескелі, тоғысқалы тұр. Бұл — адамзат тарихында мың жылда бір ұшырасатын ғаламат оқиға.
Мен әрқашанда болашақ туралы ойлап жазып жүр едім. 1978 жылы «XXI тасырға саяхат» деген (Евней Букетов оған сын мақала арнаған) кітабымды жариялағам, 1986 жылы «Ғасыр қырқасында» деп аталатын кітабым басылған. Осыдан бір жарым жыл бұрын осы «Егемен Қазақстанда» шыққан «Қазақстан. XXI ғасыр» (екеуміздің хаттарымыз содан басталған) деген мақаламда келтірген деректер енді міне айқындалып, нақтыланып шыға келді. Есептеп қарасақ, Қазақстанның жер қойнындағы қазына-байлықтың жиынтық бағасы геологтардың есебінше он триллион доллардан асады екен. Демек, адам басына 600 мың доллардан келеді. Бірақ бұл ғажап байлық қалтада емес, жер астында жатыр. Қайда барсақ соны алға тартамыз. Қазақстанның әзірге сүйенер де сенер күші — сол қазба байлықта ғой. Жолдауда сөз мұнайдан басталады. Бар қуат-құдірет осы мұнайдан, бар жанжал-жанталас та сол мұнайдан шығады. Қазақстан жаңа ғасырда әлемдегі мұнайға бай он елдің қатарына қосылады. Бір ғана Каспий аймағының қоры 7 миллиард тонна: жер астындағы мұнай 2,5 миллиард, су астындағы (шельф) қоры — 4,5 миллиард. Енді сол мұнайды алам деушілерге жеткізудің тоғыз торап жолы алда тур. Каспийден Қара теңізге дейін тартылатын басты кұбыр іске қосылғанда Қазақстан 40 жыл бойына 8 миллиард, ал бар мұнайдан 400 миллиард доллар пайда түсіретін боламыз. Қарашығанақ 35 миллиард береді. Мұнай Каспийдің астымен Бакуге, одан Грузия арқылы Түркияның Жейхан портына, Жерорта теңізіне дейін жетеді. Тағы бір бағыт — Каспийдің шығыс жағалауымен Иранға, одан әрі Араб теңізі мен Парсы шығанағына шытады. Жақында тағы бір жоба көрінді.
Қазақстанның батысынан Қытайдың батысына дейін — үш мың километрге созылған ғаламат құбыр салынбақ. Онымен Қытай жылына 20 миллион тонна мұнай әкетпек. Құны 3,5 миллиард доллар. (Бір тонна мұнайды 100 километрге жеткізгенде сол елге 2 доллар түседі екен.) Он мың адам Қытайдан келіп салады. Екі жоба бар: Бірі — оңтүстік өңірмен өту, екіншісі — Балқаш көлінің солтүстігімен жүргізу. Қайсысы тиімді боларын болашақ көрсетеді.
Бұрын байлық туралы ылғи да шаттана, мақтана жазатын едік. Енді бір қабаржу араласады. Тіпті бір үкімет адамы 2030-жылга дейін мұнай қоры сарқылып қалар деп қойды. Каспий теңізін Парсы шығанағымен салыстырамыз, байлығы болсын, тағдыры ұқсамаса екен. Мына Каспий теңізінің мәртебесі де әлі айқындалған жоқ. Ол теңіз бе, әлде көл ме? Біз теңіз деп санаймыз, өз бөлігімізге ие болсақ дейміз. Ал Ресей оны қол, демек, бәріне бірдей ортақ қазынасын бірігіп пайдаланамыз дейді. Кешегі кездесуде АҚШ бізді қолдаймыз деді. Су астынан кұны 600 миллиард доллар болатын мұнай алынбақ. 80 пайызы Қазақстанға тиеді.
Қазақстан көмір қоры жатынан дүние жүзінде тоғызыншы орын алады. Барлық қоры 200 миллиард тоннадан асады. Жылу мен жарық адамдарға бұрын қуат, қуаныш беретін еді. Енді реніш, қиындық әкелетін болды. Бағаның өсуі бастырмалатып барады. Енді бір шатақ шықса, осыдан шытар. Қазір көмірдің халі қызық та қиын болып тұр. Қарағандыда екі миллион тонна көмір үйіліп жатыр, ал қалада жылу жоқ. Ол неден? Жолдауда көмірден кейін уран мен алтын аталады. Алтын — атам заманнан адам байлығының басты көрсеткіші. Ол жатынан біз әлемдегі алты бай елдің бірінен саналамыз. Семейдегі Бақыршық, Көкшедегі Васильков, Жамбылдағы Ақбақай алтын кен орындарының әлемдік мән-маңызы бар. Олармен қоса Алтайдан қорғасын-мырыш кенімен аралас), Балқаш пен Жезқазғаннан мыс рудасы ішіндегі) жылына екі жүз тоннаға дейін таза алтын алуға болады, алатынымыз әзір он тоннаға жетпейді. Бір килосы 12 мың, демек тоннасы 12 миллион доллар. Өзі колға түсіп, өзінен-өзі өтіп тұрған қазынаны игере алмай отырғанымыз түсініксіз, Шерхан!
Отан жерімізде жатқан қыруар мол күмісімізді (бір тана Жәйремде бір миллион тонна таза күміс жатыр) қоссақ, сонда біз әлемдік рыноктың көп өзгермейтін бағасымен алтын мен күмістен тана бір жылда бір жарым-екі миллиард доллар түсіреді екенбіз-ау!
Уран әдетте қорқыныш туғызады. Шынында, уран — қазына. Ол сіріңке секілді, одан адамдарды жоятын атом бомбасын жасауға да, адамды жылытатын қуат алуға да болады. Әлемдегі бар уран қорынын төрттен бірі Қазақстанда жинақталған. Оның мөлшері бір миллиондай тонна, ал әлемдік қоры — 4 миллион тонна екен. Аса бай уран рудниктері Қаратау аймағында, Қордайда, Созақта, Маңғыстау даласында, Атбасар мен Көкше ал-қабында, Семей өңірінде орналасқан.
Уран өндіру жатынан Қазақстан Қытай, Ресей, Өзбекстан секілді бай елдердің қатарында келеді. Семей жеріндегі бір тана Уңкәй кен орнының қоры (413 мың тонна) АҚШ-тың бар уран қорынан (337 мың тонна) асып түседі. Енді шетелдіктер оңтүстіктегі бай кендерді бермейсіңдер деп өкпелейді. Көбінесе оны шикі руда күйінде сатады. Егер бәрін жоғары байытылған күйінде сататын болсақ, онда Қазақстан уранның өзінен 1,5 миллиард доллар пайда келтіретін болар еді. Ал әзірше біз ураннан 60 млн. доллар ғана тауып отырмыз. Оны сатуға шек қойылып келген. Америка оны реттейміз деп уәде берді.
Болашақтың қалай бастырмалатып келе жатқанын байланыс нем жол қатынасынан көруге болады. Әйгілі Трансазия темір жолы сонау Тынық мұхит жағалауындағы Ляньюнтан портынан бастау алып, бүкіл Қытай жерін басып өтеді де, батыс шекарадағы Алашанхоу стансасына жетіп, Достық бекеті арқылы Қазақстан жеріне келіп кіреді. Алматыны, Шымкентті, Ташкентті басып, Түрікменстанға шығады. Сондағы Саракс бекетінен Тедженді басып Иранның Мешхед кентімен қосылған.
Сөйтіп, ежелгі түйелі керуен жүрген Жібек жолының ізімен сиді Тынық мұхиттан Жерорта теңізіне дейін темір жол белдеуі тартылды. Магистраль бұрынғы теңіз жолына (Суэц каналы арқылы өтетін) Қарағанда, жүк тасуды 10,5 мың километрге қысқартады. Біз осы жолдын дәл орта тұсындамыз. Сол темір жолмен қатаp Қиыр Шығыстағы Шанхайдан Батыс Еуропаға, Майндағы 1 Франкфурт қаласына дейін байланыстың ғажап бір түрі — оптикалық талшық кабелі тартылып жатыр. Ол жүйемен лазер сәулесінің күшімен бірден мыңдаған хабар катар беріледі. Сол кабель желісі Қазақстан жерімен Шығыстағы шекарадан Каспийге жетеді. Жан-жаққа тарамдалып Қазақстанды түгел орап алады.
Әр елдердегі компьютерлік тарамдар Интернет деп аталатын Біртұтас жүйеге бірігіп, әлемнің кез келген бұрышынан ақпарат-мағлұматтарды үйде отырып алатын, үйден шықпай-ақ халықаралық жиындарға қатысатын заман да келді. Буған Қазақстанда қосыла бастады. Тек соларды үйрететін өз мамандарымыз болса,.,
Сондай-ақ телехабарларды спутниктер арқылы қабылдайтын әрі тарататын «Нұрсат» желісін іске қосып, ақпараттық жеке меншік еркіндікке ие болдық.
Ал бүгінгі ең басты мәселе — халықтың қолында қазір қанша, қандай меншік мүлік бар? Жалпы халықтық меншіктегі дүниелер жеке адамдардың қолына көшуге тиіс емес пе?
Ал бізде соңғы жылдар ішінде адамдардың 15-20 пайызы ғана тікелей жеке меншік иелері болыпты.
Сонымен, қалай ойлайсың, Шерхан, бүгінгі меншік иелері кімдер? Ең тиімді өнеркәсіп салаларының иелері түгел дерлік шетелдік компаниялар мен фирмалар. Өнімді қанша шығаратынын да, кімге сататынын да шешетін өздері. Салықтарын оның да біразынан босаған) төлесе болды, басқа ештеңе талап ете алмайды. Орташа кәсіп орындардың оннан сегізі қарап тұр. Оларға айналмалы қаржы беріп қан жіберетін, жан бітіретін мемлекеттің шамасы жетпей жатыр. Оларды сонда істейтін адамдардың, ұжымдардың қолына, иелігіне беріп, «ал енді, өздерің амалын табыңдар» деп отырған жәйіміз таты жоқ. Соларға жан бітпей, солар қозғалмай бізде шаруа оянбайды. Бұрын елдегі бар мүлік-байлықтың иесі мемлекет, яғни халық дейтінбіз, бар қазына-байлықтың иесі — солар болатын. Енді мемлекет қолында ештеңе қалмай бара жатыр (бар өндірістің 20-25 пайызы тана қолында қалды, бұл — өзіміз қалаған жол. Тіпті, тіршіліктің ең жанды ағзалары болып саналатын электр, жылу орталықтары мен жарық, газ тарататын жүйелерге шейін жат қолға берілді. Ертең, бетін аулақ қылсын, қысылтаяң жағдай бола қалса, бар тұтқа тетікті қолдарына ұстап алған олар біздің айтқанымызды тыңдап, істей қоя ма? Кешегі Кентау жанжалын ақыры берешек ақшаны тауып беріп, қайтарып, шетелдік қожалар емес, мемлекет өзі реттеген жоқ па?
Шетелдік мамандар Қазақстанның экономикалық реформасын негізінен қолдай отырып олардың айтқандарын орындап жатырмыз ғой аграрлық рынокқа тіптен қосылмайтындықтарын айтады. Бұл салада түгелдей нарықтық қатынас заңдарымен жұмыс істеуге болмайды дейді. Мемлекеттің қолдауынсыз, көмегінсіз ауыл шаруашылығы дәл қазір өзінен-өзі күн көре алмайды . Біздің сонша қолайсыз да қатал табиғат жағдайымыз ауыл халін одан әрі ауырлатып жіберді. Егер езіміздің шаруаға жәрдем бермесек, басқанын шаруасын қолдап шығамыз, яғни астық пен етті шетелден сатып алатын боламыз. Қазір дәл солай, біздің жейтін тағамымыздың жартысынан көбі сырттан әкелінеді.
Сөйтсек, Шерхан, Еуропа елдерінде фермер шығындарының Австрияда — 52, Швецияда — 59, ал Швейцарияда — 80 пайызын мемлекет көтереді екен. АҚШ-та еттің 80 пайызы, астықтың 30 пайызы, Германияда мал өнімдерінің 60 пайызы, астықтың 52 пайызы мемлекет есебінен алынады.
Ал біз шаруа өзі күнін өзі көрсін дейміз. Бүгін, міне, шаруа өзге түгілі, өзін асырай алмай отыр. Осыдан 6-7 жыл бұрынғы малдан үштің бірін дейі ғана қалғанын жыл басында жазған едік. Осы жылдың 9 айында қалған малдың өзі көп облыстарда отыз-қырық пайызға азайған екен. Бір жылда қолдағы малдың үштен бірі азайып отырса, қалған мал қаншаға жетеді? Дәл қазір Қазақстан жағдайында жеке-жеке бөлініп кеткен ұсақ шаруашылық-фермерлер біртіндеп бас қосып, тіршілік қамын бірлесіп ойлай бастады. Жер-жерде артель, өндірістік кооператив деген аттармен бірлескен шаруашылықтар пайда болуда. Халыққа аты емес, заты қажет. Қалай деп аталса да өнім шығарып, жұмыс жүргізіп, ауқатты тұрмыс құруға жағдай жасалса — бастысы осы емес пе? Сол үрдісті мемлекет қолдаса, қарыз-несие берсе, техника жабдықтары бар МТС-тер, өнімді сатып, үлгіртетін сауда жүйесін құрса... Соған батыл бара алмай отырмыз. Неге?
Мен жақын арада Байқоңырда болып қайттым. Осы Байқоңырдан, тап осы алаңнан қырық жыл ішінде төрт жүздей ракета ұшырылған. Қазір біздің төбемізде, жерді айналып үш мыңға жуық әр түрлі спутниктер ұшып жүр. Сол Байқоңыр енді қажып, азып бара жатыр. Ресей үш жыл бойы космодромды жалдағаны үшін ақы төлемей, ал одан ұшырылған шетелдік космонавтары мен спутниктері үшін миллиондаған доллар алып жатыр. Қаланың да халі ауырлап барады. Ресеймен шапшаңырақ тіл табысып, мәселені айқындамаса болмайды-ау!
Біз соңғы кезде алыс елдерге баса назар аударып, байланыс-қатынастарымызды шапшаңдатып жатырмыз. Ол дұрыс қой. Ең дұрыс саясат — бәрімен дос болған. Президенттің АҚШ-тағы сапары сәтті де жемісті болғанын бәріміз білеміз. Ол дұрыс!
Дегенмен, алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала деген халық даналығы бар емес пе еді? Дәл қасымызда шекарамыз үш мың шақырымға жалғасып, қойымыз қоралас, ауылымыз аралас жатқан Ресеймен алыс-берісіміз (рухани байланысты ешкім әлсірете алмайды) құрт азайып барады. Екі арадағы сауда айналымы 30 пайызға азайды. Шынында, анау шығарып, өткізе алмай жатқан Қостанайдың рудасы, Ақтөбенің хромы, Павлодардың глиноземі, Қарағанды мен Екібастұздың көмірі атам заманнан Ресей кәсіпорындарына жіберіліп, оның есесіне өзімізге қажет мәшине-жабдықтарды алып отыратын едік қой. Енді соны бұзып алсақ, айырылсақ, экономикамыз орнығып береке таба алмайды. Жақында челябіліктер мен қостанайлықтар, энергетиктер өзара тіл табысты. Осы бір жақсы ырым болсыншы.
Үкіметті қалай сынасақ та, кінәласақ та, бар қиыншылық — қаржының жоқтығынан болып отырғаны белгілі. Расында, мемлекет қазынасында қаржы қалмаған. Оны жаңа жылдың бюджетін Парламентте тапқылағаннан көрдік қой. Сөйте тұра, қай жерде жасырын қаржы жатқанын біле бермейміз, білсек те көрмейміз. Көрсек те алмаймыз, ала білмейміз. Соған нақты кінәлілер бар той.
Анау шетелдік банктерде жасырын жатқан біздің байлардың қаржысы 2 миллиард доллардан асады екен. Бұл ғаламат қаржы емес пе? Соны қалай қайтарамыз?
Өз еліміздегі капиталдың 46 пайызы жымысқы экономикада жүр екен. Бұл қыруар ақшаны ашық жұмсауға мәжбүр етсек, қаншама қаржы ел қазанына құйылар еді. Анау кеден жүйесі деген, дұрыс ала білсе, қаржыны мол көзі екен ғой. Тәулігіне 50-60 миллион теңге. Мына бір қызық жайт. Сонау алыс елдерден теңкиген қара қапшықтарын әрі-берлі арқалап, сүйрелеп жүргендер киім-бұйымдарымыздың 70 пайызын қамтамасыз етеді екен.
Шерхан! Сенің «байлар мен кедейлер» туралы жазғанына менің қосылмайтын жерлерім бар. Қоғамның бел омыртқасы орташалар деп дұрыс жазғансың. Бірақ олар бізде әлі аз. Аз да әлсіз. Енді ғана топтасып, қалыптасып келе жатыр. Ал кедейлер деген күн санап емес, сағат санап көбейіп, қаптап барады. Баяғы Мағжан жазғандай, тоқсан мен тоғыздың арасы ашылып, үркердей топ — тоғызға, қарақұрым халық — тоқсанға қосылып жатыр, Президент Жолдауында ат төбеліндей байлардың қаптаған жарлы халықтан алшақтап кетуін болдырмауға назар аударылған. Бүгінгі байлардың қайдан, қалай шыққаны кумәнді. Сондықтан да оларды сыйлау киын. Өзің жақсы білесің, қай заманда болмасын, байларды ешбір жазушы мақтаған емес қой. Әсіресе бүгінгі байларды ешкім жақтай да, мактай да қоймас.
Қадірлі Шерхан! Сенің «Ай мен Айша» деп аталатын өмірбаяндық романыңның бірінші кітабын ықыласпен оқып шықтым. Біз білетін Шерхан Мұртазаның қайдан шығып, қалай үлкен азамат болып қалыптасқанын, соның тамыры мен тағдырын түсінгендей болдық.
Екеуміздің тағдырымызда ұқсас кезеңдер көп болған екен той. «Лениншіл жас» газетінде қатар жұмыс істегенбіз, екеуміз де газеттің Қарағандыдағы тілшісі болып қызмет еттік. Мен комсомол Орталық Комитетінде болғанда сені «Лениншіл жастың» редакторлығына бірінші хатшы Ө. Жәнібеков екеуміз ұсынған едік. Содан 1990 жылы Орталық партия комитетінің бюросында сен «Социалистік Қазақстан» газетінің, мен «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы боп бір мәжілісте бекітілдік. Сен үш бас газеттің, мен үш бас журналдың редакторы болып істедік. Екеуміз әр кезеңде телевизияны да басқардық. Солай бірге, бірлесе келе жатырмыз.
Мына кітабындағы кейбір оқиғалар да ұқсас. Сенің әкеңді 1937 жылы желтоқсанда түн ішінде ұстап алып кетеді той, менің әкемді де ауыл мұғалімі болатын) сол 1937 жылы желтоқсанда түн ортасында алып кеткен. Апамның аңырап жылағанынан қорқып оянғаным есімде. Менің әкемді де ез ауылдастары ұстатып жіберген. Сенің шешең секілді менің шешем де үш баланы өзі асыраған, колхоздың қойын батып, егінін жинаған. Міне, тағдырымыз, өміріміз осылай өтіп келе жатыр. Ұқсастық көп, айырма да аз емес. Сен «Ай мен Айшаны» жалғастырып жаза бер, біз асыға күтіп, аптыға оқитын болайық.
Екеуміздің хаттарымызда қозғалған мәселелермен сабақтас үлкен жазушымыз Әбдіжәміл Нұрпейісов, академик-тарихшы Манаш Қозыбаев, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов, ғалым-қаламгер Шерияздан Елеукенов, лауреат-жазушы Дулат Исабеков пікір-ойларын жариялап, экономикалық реформаның бағыт беталысы, халық тұрмысы, ауыл тіршілігі жайында ұсыныс-тұжырымдар жасаған. Осылай салиқалы да салдарлы жұрт біз айтпаған ойларды толықтырып жатыр.
Біз осы, Шерхан, ойлаған ой, алған мақсатымызды біраз орындап жатырмыз той деп санаймын. Алдағы әңгіме Президент Жолдамасы төңірегінде, еліміздің бүгіні мен болашағы жайында кеңірек те тереңірек қозғала, жалғаса түссе дұрыс болар еді.
Сәлеммен, досың Камал СМАЙЫЛОВ
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі