Өлең, жыр, ақындар

Аналар мерекесі

Ана! Ана! Ана! . . . "Ана"дегеннен артық құдіретті, мерейлі, мейірімді сөз бар ма екен бұл жалғанда? Махаббат пен шапағатты, сезім мен сенімді бар бойына жинаған сөздің түп-төркінінде қаншама мағына бар десеңізші. Осы орайда, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде “Анаға құрмет - парыздық міндет” атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мерекелік іс-шараның мақсаты-нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, студенттердің оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Іс-шара барысында «Ана туралы жыр», «Ана» әндері орындалып, аталған оқу орнының студенттері мерекеге арнап өлең оқыды. «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлері кеш қонақтарының көңілдерінен шықты. Қуанышымызға орай, студенттер белсене қатысып, топтың белсенді студенті Жұмагелді Тоқтарбек «Бульвар» әнімен іс-шараны аяқтады. Көктемнің құлпырған, шуақты мерекесі құтты болсын! Аналарымыз мәңгі жасасын!

Автор: Айша Кенжебекқызы

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева У. М


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз