Партияның лениндік ұлт саясатын жүзеге асырудың арқасында, Қазақстанның бұрынғы уақытта түсіне де кірмеген, мазмұны социалдық, түрі ұлттық көркемөнерінен жасап жатырмыз.
Қазақстанда бұрынғы басшылықтың мәдениет, көркем өнер құру мәселесі деп ірі қателіктерінің салдарынан бұл мәселелер жөнді қолға алынбай, сүйтіп құлашын кең жая алмап еді.
Қазақстанның өлкелік партия комитеті соңғы жылдары жаңа көркемөнер майданын шұғыл қолға алды. Аз уақыттың өзінде-ақ өзгертер көзге түсерліктей болды.
Музыка — драма техникумындағы оқушылардың тұрмысын түзеу, тіл мамандарын шақыруға мүмкіндік беру, мәдениеттілік қанатын кең жаюға, оқумен қатар ғылыми-зерттеу жұмысына жағдай туғызу — бәрі де соңғы 33 жылдан бастап жаңа басшылық қылумен байланысты қолға алған шаралар.
Ашып айтқанда: оқушылар степендиясын 150 сомға жеткізу; ірі сомалар шығарып музыка мамандарын шақыру, миллионнан аса ақша шығарып, бірнеше жүз кісілік оқу сахнасы мен техникумның үнiн салдыру; шақырылатын мамандарға үй, оқушыларға арналған ерекше жағдайлы жатақхана салу; қазақтың халық музыка шығармаларын жинап, зерттеп, көркемдеп, мәдениеттерінің, дамыту жолында қызмет істегеніне кабинет ашу, халық музыка аспаптарын (домбыра, қобыз, сыбызғы) жетілдіретін эксперимент мастерскойын ашу, Алматыда 100 кісілік бастауыш музыка мектебін ашу, тағы осы сияқты шаралардың қазақ тұрмысында бірінші көрініс екендігінде кімнің дауы бар.
Қазақ музыка — драма техникумында 135 кісі оқиды. Оның ішінде 89 кісі музыка бөлімінде, 46 кісі драма бөлімінде. Бұдан басқа жақын арада тағы да 15 кісі алынбақ, оның — оны музыка, бесеуі — драма бөлімінде оқымақ.
Музыка бөлімінде ән, фортепиано, оркестр бөлімшелері бар. Оркестр бөлімінде: скрипка, виалончель, труба, валтарно, тромбан, кларнет, флейта, гобой, альт, фагот кластары бар.
Драма бөлімі бізге драма актерлерін дайындады. Келесі жылдан бастап музыкалы театр, қуыршақ театры, жас буындар театры, шағын програмды театр актері мен режиссерін дайындайтын бөлімшелер ашылады.
Техникумда Москва, Ленинградтан шақырылған театр, музыка мамандары бар.
Музыка кабинеті «Қазақ музыкасының классиктері» деген жинақ, нотамен жазылған домбыраға жетекші шығармақшы. Жеке дауысқа, шағын аспапқа, ән-би ансамбльдеріне, үлкен оркестрге, фортепианоға халық шығармаларының материалдарын пайдаланып жаңа музыка жазып жатыр.
Мирзоян жолдастың көркемөнер қызметкерлеріңің жиналысында: «Биылғы жыл мәдениет, көркемөнер майданында көрнекті, бет бұрған жыл болмақ» — дегені көркемөнеріміздің қай саласын алсақ та расталып отыр.
Январьдың 11 күні кешкі сағат 9-да VIII Өлкелік партия конференциясын музыка — драма техникумы атынан Жұбанұлы құттықтап, конференцияға сыйлық тартып, техникум оқушылары музыка, би, цистика драма араласқан концерт қойып берді. Концерт орындаушылардың бәрі де — оқушылар. Қазақ тарихында алғашқы рет Европа құралдарында қазақтың «қара домалақ» балалары ойнады. 12 жасар Мұсаұлының скрипкада ойнауы тәртіпке қойылған. Вокалистерден бірінші боп ән салған Абдрахманқызының, рояльда шебер ойнаған Назарқызы мен Темірқызының өнері халыққа ерекше ұнады.
Әсіресе Садыққызы мен Темірқызының «Айжан қыз» күйіне билеген «Ұршық биі» — тамаша жаңалық. Халықтың сұрауы күнде болған соң екі рет биленді.
Али-Ардобос жолдасқа әзіл есебінде Балықбайұлы билеген «Күлкі биі» де қайтадан биленді.
Көпшіліктің ілтипатын аударған биомеханика болды. Бірінші рет қазақтың әйел-еркек жастарының қосылып ойын көрсетуі — ұлы өзгерудің басы екені халықтың қарсы алуынан-ақ анықталды. Екінші, үшінші, қозғалыстардан-ақ халық қол шапалақтап, көңіліндегі қуанышының желісін соңғы қозғалысқа шешіп үзбеді.
Музыка кабинеті істеп жүрген қызметтерін көрсетіп өтті. Рояльда «Топам», «Байжума» және халық композиторы Мұхамбеттің «Жаңа ауыл» атты күйін Брусиловский ойнап берді.
Музыка кабинеті мастерскойынан шыққан жаңа үш домбыра рояльға қосылып көркемделген қазақ күйі мен әндерін ойнап берді. Олардың ішінде соңғы кезде шыққан жаңа күй мен әндер бар. Бұл қазақтың екі ішекті домбырасының көп тілді рояльмен тарихта бірінші рет жүзбе-жүз кездесіп, басын қосуы еді.
Қазақ көркемөнерінің аяғындағы тұсау Октябрь төңкерісімен алынса да, бүгінге дейін қанатын кең жая алмай келген еді. Енді қазақ көркемөнері қатарға шығады.
Қазақ музыкасы өркендейді!
1934.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі