Өлең, жыр, ақындар

Қазақ Ұлттық Университетіне түсуге шақырамын!!!

Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Азия бойынша аумағы ең үлкен, әлемнің ең үздік 200 жоғарғы оқу орындарының ішіндегі университет. Бұл университет туралы білмейтін қазақстандықтар аз. Әркімнің жақын туыстары болмасада, алыс туыстарының бірі осы университеттен диплом алған.

Мен ЕНТ-ға дайындалып жүргенімде өзім үшін ҚазҰУ-не түсемін деп шешім қойған болатынмын. Себебі мен бұл университет туралы жаман айтып жүрген адамды кездестірмедім. Осында оқып жүріп осы университетке түскеніме еш өкінбеймін. Апайлар сабақты біздің түсінуімізге барынша оңай қылып өтеді. Осыған дейін бағаның әділетсіз қойылғанын байқамадым. Оқу менен ойын-сауықты бірге алып жүре алам деушілерге көптеген ұйымдардын есігі ашық. Ойын-сауық кештері, түрлі жарыстар апта сайын өтеді. Қазақ Ұлттық Университетіне түсіп, осында оқып жүргеніме өте қуаныштымын!!!

Автор: Болатхан Жалын, ҚазҰУ -механика-математика кафедрасының 1-курс бокалаврианты. Жетекші: Уразгалиева Светлана Аманжоловна.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер