ЕВНЕЙ БУКЕТОВ
А. Қ. Жоқ, менің мақсатым тірі алу еді ғой. Тірі алғанда мен мақтау да, орден де алатын едім органнан, оған жете алмадым ғой.
Бұл әңгіме — диалог 1978 жылы 20 сәуірде
магнитофон таспасына жазылып алынған.
ЕВНЕИ БУКЕТОВ. Сонда бардым деп айта беріңіз, қызметке барғаныңыздан бастап, 1931 жылдан.
АБЗАЛ ҚАРАСАРТОВ. 1931 жылы мен Бесқарағай ауданында милицияның райотдел! болып істеп тұрдым. Сол жұмыс істеп тұрған жерімде, ертеңгі сағат 9-да Семейде облотделде болсын деп приказ келді. Сонсоң мен келдім. Кабинетке кіргенімде бастық столдың орта жеріне қарсы отырып, менімен сөйлесті.
— Сізді басқа ауданға жіберейін деп отырмын. Басқа аудан болғанда Шыңғыстау ауданына жіберейін деп отырмын. Онда жағдай жақсы емес. Әр жерден бандылар шығып әр жерден соған елеңдеп, елдің көтеріліске ыңғайланатын түрі бар. Сондықтан мен сізді Шыңғыстауға халықпенен қоян-қолтық сөйлесіп, сол елдің түзу бағыт алуына жол береді деп жіберейін деп отырмын. Ол Абайдың немере інісі Құдайбергенов Шәкәрім тұрған жері. Шәкәрім ақын тек қана Қазақстанға емес, бүкіл жер жүзіне атағы шыққан адам деуге болады. Шәкәрім авторитет, беделді де. Шәкәрімнің бір ауыз сөзін елі жерге тастамайды. Сол Шәкәрімді тілін тауып, бабын тауып, ұстай білсең, соған жағдай туғызсаң, халықтан ешқандай жамандық шықпайды деп ойлаймын. Сондықтан сізді жібергендегі басты мақсат Шыңғыстауға барғаннан кейін, сол кісіні тауып алып, әңгімелесу керек. Ой-пікірін білу керек, жағдай туғызу керек, — деп маған қатты тапсырма берді. Сонымен, мен Шыңғыстауға келдім.
Е. Б. Сізді жіберген ОблГПУ-дың начальнигі кім еді.
А. Қ. Панов деген орыс. Орыс жігіті болғанымен менен үлкен, орта жастан асып кеткен кісі.
Е. Б. Сақа адам ғой, тегі.
А. Қ. Заместителі Волков деген. Ол да орыс. Шыңғыстауда менен бұрын Юдин деген қызмет істейді екен, райотделдің начальнигі болып, ол барлық жұмысты маған тапсырды. Мен қызметіме кірістім. Қызметіме кірісіп, райотделді алғаннан кейін біраздан соң...
Е. Б. Бұл июнь айы ғой, 1931 жылғы.
А. Қ. Иә июнь айы. Аршалы деген тауда банды жатыр деседі. Аршалыда Қозыбағаров Ахметжан дегеннің қыстауы бар. Қозыбағаров сол жердің атақты байы.
Е. Б. Тобықты ма?
А. Қ. Тобықты. Соның қыстауында банды ұйымдасып жатыр деген хабар келді.
Е. Б. Бұл Қарауылдың қай жағында еді?
А. Қ. Семей жағында. Сосын мен қасыма отрядты ертіп сол бандыны жоюға немесе ұстауға аттандым. Олардың сол Қозыбағарда жатқаны рас екен, онда олардың ауданда байланысты адамдары бар ғой, кім келді, Қарасартов келді, кім боп келді, начальник болып келді, деген сөздің барлығын біліп жүрген көрінеді.
Е. Б. Солай екен-ау...
А. Қ. Хабарды телефоны бар адамдай, не телеграфы бар адамдай ауданнан алып тұрады. Сонымен, менің ауданнан отряд ұйымдастырып шыққан хабарым жетіпті дағы, мен барған күні ол жерден табылмады. Мен іңірлеп бардым, жан-жағыма адамдарымды қойып отырып, сол Қозыбағардың қорасын алғанда, жаққан оты сөнбепті. Сол біздің алдымызда ғана кетуі керек, қайда кеткені белгісіз.
Е. Б. Ол жұртта ешкім жоқ қой, жобасы.
А. Қ. Жұртында қалған ешкім жоқ. Сосын мен сол түнде Семей тауына кісі жібердім. Семей тауы — Семей жақта, жалғыз тау, бір тобы сонда деп еститұғынмын.
Е. Б. Сіздің отрядыңыз, жобасы, 20 — 30 кісі ғой.
А. Қ. Жиырма шақты кісі. Содан хабар әкелді, сол Семей тауында жатыр деп. Біз сол күні түніменен жүріп отырып, таң ата Семей тауына жеттік. Олар Семей тауынан да табылмады. Ол жерден біздің хабарымызды естіген-естімегенін білмеймін, енді олар Тайлан деген тауға шығып кетіпті.
Е. Б. Ол тау қай жақтағы?
А. Қ. Бұл мынау қу ауданы жағында, Абыралы да. Енді біздің күндіз жүруімізге мүмкіндігіміз болмады, Семей тауын паналап алып, біз де сол Тайланға тарттың. Біз Тайланға келгенде, олар Шыңғыстау шығып кетіпті. Сөйтіп, біз бұларды қолға түсіре алмадық. Осыдан қайтып Шыңғыстауға қарай отрядты басқарып келе жаттым.
Е. Б. Әлгі сіз қуып жүрген бандыны басқарып жүрген кім?
А. Қ. Бұл бандыны басқарып жүрген одан-бұдан құралған кәмпескеленген байлар, оннан -бұннан қосылған қашқындардан құралған ғой. 13-15 шақты адам. Шыңғыстауға ілінгеннен кейін, бір биіктен бинокль салып, қарап жіберсем, Қарауыл жақтан жалғыз салт атты келе жатыр екен. Сосын біз Шыңғыстаудың ішіне қайта кірдік аттыға бойымызды көрсетпей, алдын кесіп қарсы жүрдік. Біз Шыңғыстауды бауырлап, келе жатқан да, атты кісі сол тауға бет қойып, жалғыз келе жатыр еді. Сосын мен отрядты бір таса жерге тастап, сол кісінің, алдынан шықтым. Білмеймін неге атпағанын. Ол кісіде келді, төбеден мен де шыға келдім. Қасымда Шарабаев Әбдірайым деген бар. Сол анадайдан ойбай мынау Шәкәрім қажы ғой деді. Рас па дедім. Рас деді. Сосын кездесе кеткен жерден мен аттан түстім, ол кісі де атынан түсті. Мен сәлем беріп, қолын алып амандастым.
Е. Б. Бұрыннан шығармаларын, өлеңдерін естіп жүрген кісіңіз ғой енді.
А. Қ. Атына бұрыннан қанықпын. Ол кісінің өлеңдерін біз бала кезімізде домбыраға қосып, ән салатынбыз және менің өзім де бала кезімнен әдебиет жағына бейім адаммын. Әлгі тапсырма да бар шығар, бірақ ол кісіні бір көруге мен құмармын. Сондықтан аттан секіріп түсіп сәлем бергенім, бұрынғы атағына қарай және үлкен кісі. Жеңіл киінген, басында бөркі бар, төгілген сақалы бар, денелі үлкен қарагер аты бар, қарагер аттың бір жағында сабы көрініп тұр, қоржынның бір басында сүйретпе бар, бір басы тағы толың. Сосын мен сізді бір көруге құмар едім, іздеп бара алмай жатырмын, қызметке келгеніме көп болған жоқ дедім.
Е. Б. Өзіңізді таныстырып тұрсыз ғой енді.
А. Қ. Таныстырып тұрмын. Мен аудандағы саяси орынның жаңа басшысымын, фамилиям Қарасартов, атым Абзал. Сізді құрмет тұтам, Қарауылдан алыс кеткен жоқсыз, үйіме жүріңіз, қонақ болыңыз, дедім.
Е. Б. Бойы сізден бойшаң, ғой, жобасы.
А. Қ. Ұзын бойлы, батыр түлғалы адам... Оған рахмет. Мен қазір қанжығама қоржын байлап жүріп сізге еріп барсам жұрт ұстап әкелді дейді ғой деді. Мына Шыңғыстың жайлауында бір жаппада үйім бар, менімен әңгімелескіңіз келсе сонда келіңіз деді. Мұныңыз да дұрыс екен, мен ауданға ертіп барғаннан кейін сізді әкеліп жапты дейді ғой, ұстапты дейді ғой, ана бір таудың астында менің ертіп жүрген отрядым бар.
Е. Б. Сіз бар шынын айтып жатырсыз ғой.
А. Қ. Шынын айтып жатырмын. Отрядпенен ыршып жүрген адамдарды іздеп таба алмадық, енді сізді тауып әкелді дейді ғой. Мұныңыз дұрыс екен, онда жолыңыз болсын, бірақ, сізді құрметтеймін, сіздің атағыңызды жақсы білемін, сыйлаймын. Мен кісі жіберейін, сіз сескенбей, бой тартпай әңгімелесуге келіңіз, мен ініңізбін. Қолды балаңыз сияқтымын.
Е. Б. Әдемі айтқан екенсіз.
А. Қ. Осыменен күн кеш болып кетті енді.
Е. Б. Қазақ далада кездескенде, жүгініп біріне-бірі қарсы отыра қалушы еді ғой аттан түскенде.
А. Қ. Жоқ жантайып отырдың.
Е. Б. Жантайып отырдыңыздар ма? Жерде көк мол ғой?..
А. Қ. Бір қолымда шылбырым бар, мен де ол кісінің қасында жантайып отырдым. Әбдірайым сырттау отырды. Жақсы, жолыңыз болсын, жағдайыңызбен сырттай танысып жатырмын. Бірақ, іштей де танысармын, менен көмек болмаса, басқа жағдай болмайды осыған сенсеңіз болады дедім. Сосын — жақсы деді ол. Бірақ, қарағым, шырағым деп лыпылдап тұрмайды.
Е. Б. Ондай жақсы сөз шықпады деңіз.
А. Қ. Ол кісі өтірік айтса да, қарағым, шырағым деуге болады ғой. Жоқ, ойын да, бойын да бірқалыпты ұстайды ол кісі. Сонымен тарастық, ол жайлауға тамына кетті, мен отрядыммен Қарауылға келдім. Соныменен, бірталай уақыт өтті, бірталай уақыт өткен соң мен кісі жіберіп шақырттым. Кісі жібергенде, басқа кісі жібергем жоқ, инабатты, тәуір бір адамды жібердім.
Е. Б. Барғасын енді инабатты, әдемі сөйлесетіні ғой, барып бастық шақырды, давай кел демей.
А. Қ. Егер мен мылтық асынған біреуін жіберсем, ол кісіге лайық емес қой. Ол кісіні мен де іштартып тұрмын ғой. Ол кісінің менен сескенбегенін, бойтартпағанын жақсы көріп тұрмын ғой. Сосын бір күні кабинетімде отыр едім дежурный жүгіріп келді, жолдас начальник, бір адам келіп тұр сізге деп. Кір десем кірмейді, бастығыңа Шәкәрім деген кісі келді деп айт деді. Сонымен жүгіре далаға шықтым. Шықсам есіктің, алдында үйге қысқа дайындық отын ағаш бар еді, сол ағашқа атынан түсіп отыр екен. Жалғыз өзі. Мінгені баяғы қарагер ат. Мен келіп әдеппенен сәлем бердім. Атты байла деп, атын байлаттым дағы, менің үйіме жүріңіз дедім. Мен ол кісіні кабинетке апаруға қимадым. Және ол кабинетке апарғанның өзін ұстады деп, лақап шығарады ғой. Жүріңіз менің үйім мына тұрған кеңсеге қатарлас деп үйге алып келдім. Астына төрт қабат көрпені төседім. Жоғары шығарып отырғыздым. Бұл енді түске таяу кез.
Е. Б. Бұл июль айының іші ме?
А. Қ. Бұл июль айы болар шамасы. Сосын арнап мал сойғыздым. Қашан аттанғанша мен ол кісінің қасынан ешқайда шыққам жоқ.
Е. Б. Үйге қондырдыңыз ғой.
А. Қ. Кім келсе де кеңсеге барғам жоқ. Үйге қондырдым. Қонып, шайын ішіп, жайланған соң, сіздің атағыңызға бала күнімнен таныс едім, сізді бір көруге құмар едім. Жағдайыңыз қалай менен жасырмай айтыңыз, сосын нендей тілек қоясыз, қандай мұқтажыңыз бар. Осының бәрін сіз мені аудандық ГПУ-дің начальнигі екен деп бой тартпай айтыңыз. Менің жерім кеңіп отыр. Өзім көңілденіп отырайын. Сізге деген адалдығыма сендіре отырайын. Ол кісі кәмпескеленген ғой. Кәмпескелеп сол жылы жылдың басында Естай Ерназаров келген екен оны ұстауға. Сол келгенінде 16 бас малый қайтарып беріпті.
Е. Б. Жақсылығын онша білмей отыр ғой, малый қайтарып бергенін.
А. Қ. Ырзашылық ондай сөзді айтқан жоқ. Әр нәрсеге — себеп қожа еді. Карл Маркс адамға — тұрмыс қожа, адамның ақыл ниетінің бәрі тұрмыста дейді ғой деді.
Е. Б. Карл Марксті оқып білгені ғой сол кезде.
А. Қ. Менімше себеп қой. Менің Шақпақ деген жерде балағаным бар, кешке ауылға бара қонайын деп Байқошқарға келе жатыр ем.
Е. Б. Балаган деген не нәрсе?
А. Қ. Балаган деген кішкене үй той. Ол үйдің өзінің салуында да бір гәп бар. Көрдім той әдейі барып. Шынында да, действительно аңшы кісі. Мерген, аңшы, бірақ басқадай серілік құрып кеткен кісі емес. Күндіз аң аулап көңіл көтеріп алып, кешке қарай ылғи жазу жазатын болыпты.
Е. Б. Сол балаганда отырып па?
А. Қ. Көбінесе сонда болатын көрінеді. Шыңғыстаудың ішінде. Соған келе жатыр едік. Бақанас, Байқошқар деген Балқашқа қарай ағатын екі өзен бар. Сол Байқошқардағы ауылға келе жатқанда тастың басында секіріп бір екі-үш қой шыға келді. Ауылдың жанында. Сосын қасымдағы жолдастарым аттан түсе салып, атуға ыңғайланып еді, атпаңдар бұл арқар емес, бұл қой дедім. Дегенмен соның біреуі атып жіберіп, бір көк тоқты қалпақтай түсті. Біздің ана Шақпақта жатпай ауылға келгеніміз Мағыраждың көк тоқтысының ажалына себеп.
Е. Б. Мағыраж деген ағайындары ғой жобасы.
А. Қ. Мағыраж деген сол совхоздың адамы.
Е. Б. 1931 жылы совхоз бар ма еді?
А. Қ. Байқошқар бір колхоз, Бақанас бір колхоз. Ұйымдасқан колхоз ғой.
Е. Б. Шәкәрім қажы колхозда бар ма екен?
А. Қ. Колхозда болған ғой, Бақанаста болған. Дәл колхоздың өзінде тұрмаған. Осылай бір күн, бір түн сөйлескенде менің бетіме тура қарап бір сөйлемеді ғой. Тура өзі бет алған жаққа қарап сөйлейді, ал енді маған күллі денесімен бұрылып қасқырша қарайды да, қайтадан өз қалпына отырып сөйлейді. Мен керемет ұйып тыңдап отырмын. Бір күн, бір түн сөйлескенде езу тартып бір күлмеді.
Е. Б. Үкіметтің саясатын әңгіме қылған жоқсыздар ғой.
А. Қ. Сіздің жағдайыңызбен танысқым келіп отыр. Мені жіберіп отырған облотдел. Облотдел сізбенен кездесіп, әңгімелесуді тапсырды. Әңгіме жасағанда, сізге жағдай туғыз, үй бер, ол кісінің біздің халқымызға әлі берері көп, ететін еңбегі көп, жақсы жағдай туғыз. Ол кісі совет тағдырынан, осы колхоздың өмірінен халықтың қадырлылығын жазсын, бірақ қорғанбасын. Бізге, халыққа керек адам. Халыққа керек болған соң сізге де керек деген маған берген тапсырмалары бар. Сіз Шақпақта отырмаңыз, Қарауылға көшіртіп алайын, үй бергізейін, мал бергізейін, барлық жағдайдың бәрін ұйымдастырып берейін, тек қана, осы өзіңіздің, бұрыннан жазып келе жатқан еңбегіңізді жаза беріңіз. Қалған өміріңізді мына халқыңыз үшін еңбек етіңіз дедім. Бұл ойланатын мәселе екен, ержеткен балалар бар, ақылдасайық бұл жөнін. Айтқаның дұрыс деді. Бұл кездесуде пәлен-түген деген артық сөз болған жоқ.
Е. Б. Құлқы дұрыс емес қой. Сонда сіз сол арада, колхоздастырып жатырмыз, кем-кетіктерге өкімет көмектесіп жатыр, жаңа тұрмыс құрып жатырмыз, осыған қалайсыз? Деген сұрақ қойған жоқсыз ба?
А. Қ. Жоқ, ондай сұрақтан бұлтарып қала ма деп қорықтым. Көңіліне алып қалады ғой. Еш нәрседен қауіптенбесе екен, сезіктенбесе екен, нағыз шын пейіліменен кіріссе екен, қай кісіні айтса дағы сеніп отырып айтса екен дедім.
Е. Б. Сізбен сіз деп сөйлесе ме, әлде сен дей ме?
А. Қ. Маған ол кісі сіз дейді.
Е. Б. Қарағым деу жоқ баяғы.
А. Қ. Қарағым-шырағым деген сөзді далада да, үйімде де еш жерде естігем жоқ.
Е. Б. Сізге Абзал дей ме, әлде Әбеке дей ме?
А. Қ. Әбеке де демейді, Абзал да демейді.
Е. Б. Қызың екен.
А. Қ. Ал ертеңінде таңғы астан соң, қайтайын, сый-құрметке рахмет деді. Сосын пар атты жеккізіп, үн-шайын, керек-жарағын бір әбдіреге салғызып, беретін тиын-тебенімді сол әбдіренің ішіне салып апартқызып салдым. Міне көргенім осы.
Е. Б. Бұл енді екінші кездесу ғой. Бірінші рет таудың ішінде ұшырастыңыздар.
А. Қ. Ал түрін әлі ұмытқаным жоқ. Барымды салып, адал ықыласыммен күттім. Сонан бері де 47 жыл өтіпті. Өзім міне жетпіске келіп отырмын.
Е. Б. Енді сіздің Шәкәрімнің шығармаларына жүгінуіңіз ғана қалды ғой. Өзінің әңгімесі салқын болса да. Тілегіңізді қабылдамаса да. Солай ғой.
А. Қ. Солай. Ол кісінің отырысы, жүріс-тұрысы, сөз саптауы ерекше еді. Ондай адамды сирек көрген нәрсем. Соның өзі ол кісіні бір ғұлама ғалым сияқты көрсетуші еді.
Е. Б. Нағыз ақсүйек қой.
А. Қ. Бір туар тұлға ғой. Кейде ол кісінің ой көкжиегін жас болып ұқпаған болармын деп ойлаймын. Түске кіреді. Үркесің. Менікі қызмет, ГПУ-дың тізгіні... Ол кісі құдайға сыйынатын, Мекеге барған кісі, қажы. Алаштың ақсақалы болып бірінші съезде сөз сөйлеген. Сосын дәулетті бай болған кісі. Текті ғой.
Е. Б. Түнде жатқанда Абай туралы әңгіме қозғаған жоқсыздар ма?
А. Қ. Халыққа зияны болмаған адам. Еш нәрсеге мойын бұратын кісі емес. Дүние деп, анау-мынау деп. Онымен Абай туралы сөйлескеніміз жоқ, менің бар мақсатым сол кісіні Кеңес үкіметіне тартып, сол кісіге жақсылық істеу, сол кісінің күйін тапсам өзім де органның алдында беделді боламын ғой. Әрине, осының бәріне көнбестен 1931 жылы кетті ғой өмірден.
Е. Б. Сізді бала деп менсініңкіремей отырған жағдай байқаған жоқсыз ба? Өйткені сіз ол кезде тіптен жассыз ғой.
А. Қ. Қарап отырсам, тым жаспын.
Е. Б. Сізді бала деп менсініңкіремей отыруы да мүмкін ғой. Сақа кісі ғой әбден көпті көрген.
А. Қ. Енді оның ішінен не ойлап отырғанын қайдан білейін? Жалғыз-ақ мені ГПУ-дың начальнигі деп қорықпасын дегенім ғой. Мен ол кісіге қолына су құйып, құшағымды жайдым, өзім дәмімді аузына шайнап бергем жоқ, өзге жақсылықтың бәрін істедім. Сонда ол маған сенімін күшейтсе екен, маған шын беріліп, адал жүрегімен сөйлессе екен деп отырмын. Осындай жағдайдың бәріне көнбей, ақыры сентябрьдің үші күні 7— 8 ауылнай елді Шыңғыстың ана шеті менен мына шетіне сыртынан елдің күллісін әкеліп ауданға жауып, шабуыл жасады ғой.
Е. Б. Соны ұйымдастырған Шәкәрім екеніне анық көздеріңіз жетті ме сол кезде, сол шабуылда?
А. Қ. Сол шабуылды Шұбартаудан Қытайға өткен Айдынкөл, Шалқар, Шәпет деген бандиттер биледі. Солар ішінара қатынас, байланыс жасаған ғой.
Е. Б. Шәкәрімге сөз салады ғой енді.
А. Қ. Бізді, ГПУ-саяси орын деп неге айтады, біз білмесек, естімесек. Мен сол алғашқы отрядты жібергенде, тапсырма беріп жібердім, тек қана Шәкәрімді алып кел дедім.
Е. Б. Үшінші сентябрьде алғашқы отрядты жібердіңіз бе?
А. Қ. Одан бұрын жібердім. Райкомға банды ұйымдасып жүр, деп жұрт арыз жазған. Шұбартаудан банды келіп жатыр деген лақаппен мен райкомның начальник бюросын шақыртып, құрама отряд құрғызып, райкомның бірінші секретары Ақлайқов бар, Серікбаев Түгелбай деген прокурор бар, бас-аяғы 30 — 4 0 шақты адамды мен жібердім ғой. Сондағы берген тапсырмам: сол бандымен атысу емес, тек қана бәлен адамды, түген адамды ұстап әкел, ал Шәкәрім өзі кіріспесе, ел сондай түгел көтерілмейді. Түйеге мінген адам да келді, өгізге мінген адам да келді.
Е. Б. Бұрынғы жіберген отрядыңыз Шәкәрімді ұстай алмады ма сонда?
А. Қ. Оны ұстай алған емес, олар өзара байланыста екен. Әлгі Шалабаев Әбдірейім дедім ғой, Әбдірәйім түлкі десең тым нашарлау, айласынан басқа қаруы жоқ, енді оған түлкі десеңізші.
Е. Б. Сіздің жаныңызда жүрген.
А. Қ. Біздің ертіп жүргенімізде оның бізге қандай көмегі тиетіні белгілі ғой. Бетін бұрып әкеткен ғой. Сонда Шұбартауға кеткен. Бақанасқа да бармаған, Байқошқарға да бармаған. Олардың ұйымдасып жатқан жерінің ортасына соқпастан Шұбартау өтіп кеткен ғой. Бұл хабарды алғаннан кейін мен екінші отрядты жібердім. Екінші отрядтың бастығы Іргебаев Иманғали дейтұғын коммунист райфинотделдің бастығы, начальник милиция, екінші отрядта жиырма шақты адамды тағы жібердім. Сонда Шәкәрімге ешкімді тигізбеске жоғарғы жақтан арнайы тапсырма бар ғой. Менің мақсатым Шәкәрімді тірідей қолға түсіріп алу, өзін ғана. Ал өзгесінің түк істемейтінін білем ғой. Сол екі ортада олар шабуыл жасады ғой.
Е. Б. Сонда екінші отрядыңыздың да адамы онша болмаған ғой, жобасы?
А. Қ. О да онша емес.
Е. Б. Бәрі де сол Шәкәрімге тиеді деп бата алмай жүрген шығарсыздар.
А. Қ. Егерде мен осындай шара қолданбасам, менің өзімді НКВД қайда жіберетінін білесіз ғой. Не қарап отырдың дейді ғой. Менің істеген еңбегім, ұйымдастырған мәселем бәрі де дұрыс болып шығып отыр ғой.
Е. Б. Оны енді бастықтарыңызға айтып отырсыз ғой, связдарыңыз бар ғой Семеймен. Рацияларыңыз бар ма еді Семеймен?
А. Қ. Рацияда ондай мәселе берілмейді ғой, берілгеннің өзінде Шыңғыстауда осындай көтеріліс болып жатыр, қауіпті деп рациямен бергенде: Шыңғырлау ауданы деп туу Оралда ма еді, Гурьев те ме еді сол жаққа кетуі мүмкін ғой.
Е. Б. Шифрмен бересіздер ғой.
А. Қ. Шифрменен шатасып кешігіп келмей жатты ғой. Біздің жолда байлаған әр жерде атымыз бар, сол Семейге екі жүз шақырым жерге тура тартады.
Е. Б. Бір он шақты сағатта жетеді ғой.
А. Қ. Қайткен күнде де жетеді ғой. Осының барлығына қарамастан, Бақанаста Абаев Рамазан деген жігіт әйелі екеуі мұғалім еді. Олар енді жайшылықта халықтың, алдында сөйлегенде Құнанбайдың тұқымы, бәлен-түген деп айтпай тұра ала ма, айтады ғой.
Е. Б. Баяғы алпауыт бай ғой, дейді ғой, шыны сондай ғой енді.
А. Қ. Өздері және басқа жердікі, сол қай жердікі екенін білмеймін, ол әлгі Сәрсенбаев Медеу жазған.
Е. Б. Иә, Медеу Сәрсекеев бар сол жерде.
А. Қ. Жазды ғой.
Е. Б. Не туралы жазып еді?
А. Қ. Сол баяғы Рамазан туралы. Сол пьеса комсомолдың 60 жылдығына арналған.
Е. Б. Мақтап жазды ма Рамазанды?
А. Қ. Мен ойын түсінгем жоқ. Соны Бақанастан алып шығады. Атқа мінгестіріп. Бақанас пен Қызылшіліктің арасы талай жер.
Е. Б. Бандиттер алып шығады ғой.
А. Қ. Ия. Таң ата Қызылшілікке келгенде бір аттың құйрығына тартып өлтіреді, әйелімен екеуін. Өне бойы пара-пара, жалан,аш шіліктің ішінде жатқанда алдың біз.
Е. Б. Өлген адамдарды.
А. Қ. Ия, екеуінің моласы бір. Екі жәшікті бір қабырға қойдық.
Е. Б. Қарауылда ма?
A. Қ. Қарауылда. Қазір тұрған шығар. Қызыл кірпішпенен салдырған. Соның жанында Шоғырбаев Олжабайдың моласы бар.
Е. Б. Олжабайға келеміз ғой. Мынау осы Абаев Рамазанды өлтіруін Шәкәрім біліп отырған ба?
А. Қ. Бандиттер ақ туды көтеріп «Абылай, Абылай» — деп жойылсын советтер, құрысын коммунизм деп. Ақ туды көтеріп ауданға шапқан ғой.
Е. Б. Қай күні сонда бұл, сентябрь айы ғой?
А. Қ. Сентябрьдің 3-інде ауданға шапқан.
Е. Б. Анау жіберген отряд, август айында ғой?
А. Қ. Сол августың аяқ кезі. Мен тура шынын айтып отырмын. Бұл әңгіменің қалай туғанын, қалай болғанын. Өйткені, менің жараланып больницаға жатқан қағазым да бар.
Е. Б. Жаралы болғанда қалай жаралы болдыңыз, аналар келді ғой, сол кезде сіз не әрекет жасадыңыз, соны айтсаңыз?
А. Қ. Шыңғыстың ішінен Қарауыл өзенінің бойымен шыға келген бетінде сол Қарауыл өзенінің бергі алқымында, аудан мен екі ортада арнасы бар ғой, соның ішінде отырған бір колхоз бар, Қарауыл колхозы. Сол колхоздың ішінде председатель Какарти бұрынғы Семейдің атақты ұстасы төменнен жоғарылатылған, жұмысшы еді. Тап сол отрядтарды жіберіп жатқанда ол үйінде жоқ. Ол Арқа, Орда деген жақтағы колхоздарда шөп дайындатып жүрген. Астында өзінің боз жорға аты және жетегінде қаратөбел бәйге аты және бар. Сол екі атымен келіп, таң алдында үйіне белдеуіне байлап, шөбін салып, жата қалған ғой. Сонан соң бандиттер «Абылай, Абылай», деп таң ата тиген ғой ауданға. Мен кабинетте отыр едім, маған милициялар шауып келді, менің енді адамдарым бар ғой жан-жаққа қойған.
Е. Б. Ұйықтамай жүрсіз ғой.
А. Қ. Дүйсетай деген шауып келді, ойбай тов.начальник Шыңғыстың ішінен бандиттер қарақұртша қаптап, ауданды алайын деп жатыр. Сонан соң ауданға кірмей тұрып, Шалабаевтың үйін алған ғой. Сонда Олжабайдың, аттары кісінеп тұрмаған ғой. Қарғиды ғой енді үйін құлататын болып. Сол кезде ұшып түрегелгенде қаптап келе жатқан дауысты естіп, қолында маузер мылтығы бар, есігінің алдындағы жарға түсіп тығылып көз алмай тұрған. Сосын аналар келіп ұстаған. Ұстағанда сол Қаражігіт емес, Қара бала деген біреу балтаменен шапқылап өлтірді.
Е. Б. Маузермен қайрат жасай алмады ғой, шамасы.
А. Қ. Тек ұстап тұрып қалыпты, енді қара құртша қаптаған бандиттерге не істей алады ол.
Е. Б. Ауданнан екі-үш шақырым жер ме?
А. Қ. Қарауыл колхозы 2-3 шақырым жер. Кірпіш заводын алады. Оның бер жағында потребсоюзды алып, тонап жатты. К,асыма екі-үш адамды ерттім де, ауданның ортасында бір жалғыз бейіт бар еді соған жеттім, біраз атыстың, бір гранат лақтырдым.
Е. Б. Екі отрядты Шыңғыстауға жібердіңіз, шамасы, аудан орталығында адамыңыз жоқ қой?
А. Қ. Семейден келген, военкоматтың комиссиясы бар, бір жағына сол ие. Олар 5-6 кісі. Ал, бір жағынан өзім шықтым, ал райкомның секретары Оразалинде наган бар. Сол көрінген де жоқ. Ақтөбеден келген адам болса керек.
Е. Б. Қашқан ғой.
А. Қ. Таң алдындағы ұрыс жаман ғой. Оңай емес.
Е. Б. Есіткенде үрейленіп кеткен ғой. Содан бейіттің тұсында басым қайрат жасамақсыз ғой, жаныңыздағы жігіттермен?
А. Қ. Сол бейіттің түбінде атысып жатқанда Айдакимов Уақбектің басына оқ тиді. Жобаев Мырза, мен өзім де оқ атып, ауданды бермеу жағдайында, сонсоң бұл жерден гранаттың даусын есітті де бандиттер өте алмады.
Е. Б. Гранаттан қорықты ғой?
А. Қ. Иә, бутылкообразный ручный гранат оның даусы жаман болады. Сонымен шабуыл тойтарылды. Менде бір Конюх шал бар еді. Сол шал жан ұшырып атымды жетектеп әкелді. Аттың алды-артынан оқ бұрқ-бұрқ етеді.
Е. Б. Ай, сол шал қорықпай-ақ алып келе жатыр ма?
А. Қ. Қорықпай, маған әйелім жіберген, атты алып келе жатыр.
Е. Б. Ойпыр-ай ер екен!
А. Қ. Иә, бейіттің түбіне тығылып тұрып, енді қырылдық, аянатын ешнәрсе жоқ деп, сол екі арада жылқыны айдатып алғам. Сол 40-50 адам, қарсы шаптық. 20 шақты адамды атқа мінгізіп, қолдарына туды беріп, біз енді Қарауылдың тауына қарай, өзеннің ішіне қарай өрледік.
Е. Б. Сол 20 адамды қалай ұйымдастырдыңыз? Зираттың басына шығып па?
А. Қ. Атпенен жан ұшырып бардым, дайындал деп приказ бердім, көбі өзіміздің жігіттер, милицияның қызметкерлері, селсоветтің адамдары, бас-аяғы жиырма шақты адам. Сонсоң өзеннің ішіне барып, біз де қанатымызды жайып, арасы 50 метрден, қарсы атака жасадық. Бәрібір өлім. Аттан түсе қалып екі рет гранат лақтырдым. Соның даусы да себеп болған болар, Қарауылға қарай бара жатқан шет жағы лап қойып қашты. Содан потребсоюздың арты қарақұрт деңіз, кірпіш заводының іші, олар да жапырлап қаша бастады, алды қашқаннан кейін арты да қашады ғой.
Е. Б. Сіздер отряд жинап, олар сонда қырады-ау деп тұрды ма?
А. Қ. Жоқ, олар өте алмай тұрды. Өйткені потребсоюз бен кірпіш заводының арасы, жазық, жүгірген адам да, жатқан адам да көрініп тұрады бәрі, ал мына жағында аурухана, құрылыс салынып жатыр еді. Оң жағына военный комиссияны жібердім.
Е. Б. Әрине қару-жарақ бандиттерде жоқ қой.
А. Қ. Бандиттерде қару-жарақ жоқ. Сонымен тауға жақындай бергенде менің алдымнан бір сары атты көлденеңдей берді. Тұра қалып атып, тұра қалып атып, менімен атысып тауға кірді. Тауға кіріп, мен де тауға кіргенде, бір жартастың түкпірінде іркіліп тосып тұр екен. Бандиттер қаптап кетті. Біреуі қолымнан, біреуі иығымнан салып өтті. Қолымда винтовкам бар, сонсоң бір салын өткенде көзім жарқ ете түсті, содан есеңгіреп барып құладым.
Е. Б. Сойылмен ұрып жатыр ғой сізді.
А. Қ. Сойылмен ұрып өтті. Аттан құлаппын, тобылғының ішінде, оны мен білмеймін. Сонсоң енді артымдағы адамдар да келе жатыр ғой. Жалғыз-ақ есімде қалғаны арқамнан біреу құшақтап отырғаны. Мен лоқсып құса бердім, есім ауған. Сөйтсем, Омаргазин екен. Құшақтап отырған райком секретарь! Енді қайтқан жауға не деуші еді?
Е. Б. Бәрін ұқты ғой.
А. Қ. Сонсоң енді атқа мінін қашқан ғой. Мені алып қайтты, артына мінгестіріп, өне бойымды қан жауып кетті. Сонда Олжабайдың халі не болды деп, сонда келдім, сөйтсем Олжабай сол шидің ішінде теңкиіп жатыр екен, бетін шауып тастап, шапқылап өлтірген.
Е. Б. Есіңіз кірді ғой.
А. Қ. Бірте-бірте есім кірді. Маған тақияменен су әкеліп берді, содан больницада жаттым. Семейден отряд келді. Отряд бір ай соңына түсіп, 17-18 кісі Шәкәрім басқарған, оның ішінде Берлеш бар, соның шөбере туысы. Зияшов па еді? Жадымда жоқ, Қытайға өтіп, одан қайтып та келді. Шәкәрім келген соң, Зияш деген кіші баласы.
Е. Б. Ол біздің үкіметпен қарсы ғой.
А. Қ. Сонсоң енді басқа адамдардың аттары есімде жоқ, Тергеуде бәрі де анықталды ғой. Сонсоң мен тәуір болдым. Следствия жүріп жатыр.
Е. Б. Неше күндей жаттыңыз?
А. Қ. Мен он бес күндей жаттым. Сонсоң ол отряд келді, 30-40 кісі Семейден вооруженный, үшеуі тергеуде қалды, өзгесі атқа мінді, бір ай қуды, тіпті таба алған жоқ. Шәкәрім олардың жүрген жерін көріп отырады да, өзінің білетін жері — мына жағы Шыңғыстың қыр беті, Шыңғыстың тауы, осының бәрін біледі. Келе жатқанын көріп отырады да, бұлар Шақпаққа келсе, олар Шыңғыс тауға барады, ал Көкпектасқа келсе, олар Қарамұрынға қарады. Міне, солай әуре қылып қойған. Семейден бұйрық келді, Қарасартовтың, өзі шықсын, отряд ұйымдастырып деп. Сонсоң ғой менің шыққаным.
Е. Б. Шәкәрімді ұста дейді ғой.
А. Қ. Ұста дейді, ұста дегенде тапсырмада сол тірі алу еді ғой. Оған болмады ғой. Сол біз Керегетас деген жерде кешке қарай жаңбыр жауды, жаңбырдың аяғы қарға айналды, октябрьдің аяғы еді, шөптің басын сілбі алды. Сол Керегетастың ішінде сол баяғы.
Е. Б. Сілбі деген мұзданды деген бе?
А. Қ. Сілбі деген мұзданған. Сол бір тас қорған бар, баяғы қалмақтың қыстаған жері дейді. Қалмақтан босатып алғаннан кейін, киіз үйде қазақтың өзі отырған. Сондай қонысты жерде жатырмыз. Таң алдында шапқыншы келді.
Е. Б. Қос тігесіздер ме сонда?
А. Қ. Жоқ, қос тігілмейді. Товарищ начальник, аналар келді. Анау биіктің ар жағындағы сайға түсіп жатыр дейді. Сонсоң біз сайға өрлеп тарттық. Тауға өрлей-өрлей келіп, жүк артқан түйе, қосақтаған бірнеше бәйге аттар, жинап алған. Үйір-үйір. Сол келіп түсіп жатқанда, Шәкәрімнің өзі келіп, қарауыл салған ғой. Соның түбінде менің бір ісім жатыр. Мен қарауыл салғанда, қалқаның астында жаттым дейді әлгі кісі, тастың түбінде жатыр ғой. Ол кісі келіп дүрбі салған. Дүрбі салған да, маған шапқан, бізге хабарға шапқан, сайда шауып бара жатқан кісінің дүрбіні елемегені ғой. Сонсоң келген даты аттан деген, әлгі жерде түйе де қалған жүк артқан. Үйір-үйір алты жылқы да қалған. Қашып келген де Керегетастың екі жағын қоршап біздің кісілер жайылып кетті.
Е. Б. Сіздерде қанша адам?
А. Қ. Қырыққа толмайды, отрядтың бір бөлегін Шыңғыстың еліне жібергем. Шыңғыстың мына жағынан біреуі, ана жағынан біреуі шықсын деп, мен ортада. Шағын 20-ға тарта кісі. Сонсоң тартып берген Қарамойылға қарай, Шақпақты бауырлап, мына тау ғой алдында біздің кісі барды ғой.
Е. Б. Ар жағында.
А. Қ. Атыс басталды да кетті. Содан олар ұйытқып қайта таудың баурайына қарай салған. Былай да кете алмады, былай да кете алмады. Сөйтіп жүргенде, сол астында тор жорға ат, Шәкәрімге оқ тиген.
Е. Б. Сонда Шәкәрім, қартайған кісі, сол бірге жүйткіп шауып жүр ме?
А. Қ. Шауып жүр, 80-нің ішінде 88 де ме екен. Тор жорға атқа да, өзіне де оқ тиген. Оқ жақ жаурынының астына тиген. Сонсоң ана тор аттың сауырынына.
Е. Б. Сіздің көзіңізге Шәкәрім іліккен жоқ па?
А. Қ. Шәкәрім келе жатты. Күн жаңа шығып келе жатқан. Жер аппақ, қар ғой. Анау тор жорға аттың шапшып тұрған қапы, жаңбырша жауып келеді. Теңселіп келе жатыр, теңселіп тауды өрмелеп келді де, аттан құлады.
Е. Б. Кімнің оғы тигені белгісіз ғой.
А. Қ. Белгісіз. Ол кезде қайсысының оғы тигені қайдан белгілі болады. Мына жақтан да атып жатыр, ана жақтан да атып жатыр.
Е. Б. Ана өздері де атып жүр ме, олар Шәкәрімнің адамдары.
А. Қ. Олар да атып жүр, атып жүрген шығар. Бірақ тор жорғамен алғашқы бір көрінгенде аттың жалынан бұрқылдаған көк түтін көрініп тұрды. Бірнеше рет атты өзі.
Е. Б. Шәкәрім бе?
А. Қ. Өзі. Стволы үшеу, қайсымен атамын десе де ықтияр өзінде, происходеишісі ағылшын происхождениясы.
Е. Б. Өзі ұстап жүр ме? Ойпыр-ай, қайратын-ай.
А. Қ. Аттан жығылды, жығылғанда мен жүгіріп бардым.
Е. Б. Жанындағы адамдар кетіп қалған ба? Жалғыз тастап Шәкәрімді.
А. Қ. Кетіп қалған, аты билеп, бұрын алып кеткен ғой. Сонсоң қасында әлгі Шәкәрімнің өзі өмірі ертіп жүретұғын Жұмағали дейтін жігіт бар. Шәкәрімнің өзі құс салғанда саятшы өзінің бір жақсы көретін адамы екен. Сол бар, сонсоң Халықов деген татар бар.
Е. Б. Анау Шәкәрімнің жанындағы жігіт қой Жұмағали деген.
А. Қ. Жоқ, ол менің қасымда. Ол бізбен бірге жүр ғой. Барсам жер таянып отыр екен. Сонсоң басын көтеріп: — Шәке, көзіңізді ашыңыз, дедім мен, көзін ашқанда қалай сіз мені танисыз ба дедім, басын изеді танимын деп, сонсоң төмен қарап кетті. Ал сонда етегінен асып таудың биігінде отыр ғой, қан төмен ағып жатыр.
Е. Б. Қай жеріне тиген екен оқ?
А. Қ. Оқ оң жақ жауырыны астына тиіп, мына жерін пәре-пәре етіп кеткен. Ол қарсы келе жатқанда атпаған, әрі қашып бара жатқанда оқ тиген ғой. Сонсоң тағы да осыны анықтап сұрайыншы деп енді менің ойым сөйлеуге келе ме деп тұрмын ғой. Тағы да басын, бетін өзіме қаратып, қалай танисыз ба, сіз анық таныдыңыз ба? Мен кіммін деп едім, жауап бермеді. Беруге шамасы келмеді. Тіл беруге шамасы келмеді. Көзін тағы ашты. Мен Қарасартов Абзалмын дедім, сонсоң басын изеді. Міне бар біткені осы. Мені әлгі кісілерді тастадым да, сонсоң анау қашқан бандыны қуып кеттім. Сол жақтан оралып келсем, тор атта өліпті, Шәкәрім де іліпті. Күн батуға төмендеп кеткен. Сонсоң шананы алдырып, текеметті жайғызып, киімін, барлығын жөндеп.
Е. Б. Бір-екі сағаттан кейін ғой, қайтып келгеніңіз?
А. Қ. Иә, бір-екі сағаттан кейін. Сонсоң біз де жетісіп жүргеніміз жоқ қой, күндіз-түні, әбден қалжырап жүрміз ғой. Тек жан ұшырып жүргендік қой. Оңай емес ол, сонсоң, Бақанасқа кісі жібердім. Осылай отряд келе жатыр, үй дайындасын, Шәкәрім қайтыс болды, өлігін алып келе жатырмын. Содан әлгі Алматыға шақырған Оспанов Зейнолла дедім ғой. Соны жібердім. Соның бәрін ұйымдастырып жүрген өзі. Соның бастан-аяқ бәрін білетін өзі.
Е. Б. Сол екеуі ғой, Алматыға келетін.
А. Қ. Иә, Алматыға алдырған Ашыралиев Абдырайыммен екеуі. Сосын ертеңінде Бақанас, Байқошқар халқын жинап, Шәкәрімнің өлігін ортаға сәкі тақтай орнатып; соның үстіне көлденең салып, сонсоң айттым мен: Халық кешегі құдайға қолын созған, Мекке -Мәдинеге барған қажы, халықтың қадыр тұтқан ақсақалы, ақыны, бір кезде Найманды кінәлап, Еңлік-Кебекті жазған Шәкәрім. Бұл күнде осындай халге келді. Ажал жетті, атыста қайтыс болды.
Е. Б. Үкіметіне қарсы болғанын айттыңыз ғой.
А. Қ. Иә, үкіметіне қарсы қару көтеріп, осындай қаншама халықтың обалына қалып, сүйткен Шәкәрім, міне, деп халыққа көрсеттім. Көрсетпесеңіз нанбайды, Шәкәрім өз ажалынан өзі өледі деп.
Е. Б. Оған оқ тиді деп ойламайды ғой.
А. Қ. Иә, оған оқ тиеді деп те ойламайды. Вот ол осындай кісі болған. Сонсоң сол жерге қойғыздым. Қайда қойғанын соның Шалабайлар, Баймашов деген милициялары біледі.
Е. Б. Оны мен естідім. Сіз оны құдыққа тастап кетіпсіз. Сол құдықтың ішінен шығарып алыпты жұрт, балаларымен. Сосын жөндеп қойыпты деген қауесет осы елден естідім.
А. Қ. Онысы бекер. Олардың қайда қойғанын білмеймін. Мен өзім апарып қойғам жоқ пәлен жерде деп, айтуға.
Е. Б. Сол жерде әлгі жұртқа айттыңыз да, кетіп қалдыңыз ғой.
А. Қ. Жоқ. Өзім барда жерлеттім.
Е. Б. Жерлеттіңіз бе?
А. Қ. Жерленген жеріне барғаным жоқ.
Е. Б. Енді қайда қойғанын білген соң айтып отырсыз ғой.
А. Қ. Білмеймін дегенім, мен оның басына барғаным жоқ, ал оны халықтың ақсақалдарын ертіп, Шалабаев басқарып, өздерінің көзінше қойып келді.
Е. Б. Сіздер сол арада дем алдыңыздар ма? Ауданға кетіп қалдыңыздар ма?
А. Қ. Олар ертеңіне қойды, жоқ, мен аңға шығып кеттім. Бақанас өзенінің жанында керемет бір жер бар, аңға шығу дейсің бе? Менің де бір қызметім бар ғой, халыққа байланысты. Мен сол қызметімді жасамаймын ба? Аңға алып кетеді, барып сөйлесеміз.
Е. Б. Сонда қойған жері Бақанастың басы ма? Қай жер дедіңіз?
А. Қ. Бақанас.
Е. Б. Жоқ, оны сіз тастады, сіз тастап кетіпті деп естідім.
А. Қ. Біз Бақанастан алып кеткенбіз, құмға тастамайды ғой, онысы бекер, халық бар ғой.
Е. Б. Сіз енді осыдан кейін тексеру жүргіздіңіз ғой?
А. Қ. Тексерілді, әлгі қалған тергеуді МВД Лебенков деген менің орнымда отырды дағы тергеуді сол бастады, ұйымдастырушысы Шәкәрім оған шүбәланбаңыз. Ал енді менімен сөйлескен кісі органның адамы. Әуелде дұрыс басталмады ғой. Әуелде Бегалиев Сапарғали дейтін іздепті мені, таба алмапты, оның не істейтінін білмеймін. Мен елден шығып, ешқайда кеткем жоқ. Сол Қарқаралы, Қарағанды бардым. Сонда марқұм Мұхтардың көп адам емес, бір толковый адам жіберіп, не болмаса өзіне шақыртып өзіммен әңгімелесу керек еді ғой. Осылай еді, осылай еді деп, Сонда біз Мұхаңның барында кіріскенде бұл кісінің еңбегі баяғыда шығушы еді, мен биттей қарсы емеспін, қазір шығарса да. Маған еш нәрсе де істеген жоқ. Мен енді только армандамын. Мен бір күн, бір түн ғана тауда кездестім. Ол кісі де қарт адам. Сонда көрдім ол кісіні. Сонда сөйлегені, отырғаны, адамды таң қаларлық. Мен өз ішімнен таңғалып отырдым. Ол қалай болса, солай сөйлейтін кісі емес.
Е. Б. Ал енді анау, дегенмен, бандының ұйымдастарушысы болғасын құрту керек деген ой болды ма?
А. Қ. Жоқ, менің мақсатым тірі алу еді ғой. Тірі алғанда мен мақтау да, орден де алатын едім органнан, оған жете алмадым ғой.
Е. Б. Сонда кейін тексерген кезде, мүмкін, анау пысық балалардың ісі болып, мына кісінің құп дегенін пайдаланып жатқан жоқ па екен.
А. Қ. Жоқ, Қытайға өтуге дайындалған ғой ол. Сонда ол Қытайға кетіп қалмай әлгі соғыспен арасында жүргені, жақсы дайындық керек болған ғой. Талай жерде жартастарда мал сойып қақтатқан. Қытайға өтуге дайындық мақсат сол болды ғой.
Е. Б. Келген бетте қуып жүрген бандыларыңыз бар ғой. Басында қуып жүрген бандылардың солардың істейтін не зияны бар? 15-20 кісі жиналып алып, енді үкіметке өкпелеген байлар ғой, конфискеленіп, ішіндегі жастар.
А. Қ. Олардың мақсаты қаруланып алып, дайындалып алып, барлығының мақсаты Қытайға өту.
Е. Б. Сол кездегі жинап жүргендері кімдер?
А. Қ. Сол кездегі бетке ұстарлар.
Е. Б. Сосын мына халыққа іріткі жасайды ғой, жұмыс істетпейді, колхоздарды ыдыратып.
А. Қ. Жарма ауданында атақты Жапар дейтін бандит болды. Басшы. Ол да сондай дайындық жасады. Оның да талай уақиғалары болды.
Е. Б. Оған да сіз қатыстыңыз ба?
А. Қ. Мен өзім Жарма ауданында істедім ғой содан кейін.
Е. Б. Содан кейін қай уақытта кеттіңіз Қарауылдан.
А. Қ. 1932-ші жылы. Сосын ауыстырып жіберді ғой мені.
Е. Б. Шәкәрімнің уақиғасынан кейін бе?
А. Қ. Шәкәрім уақиғасынан кейін.
Е. Б. Ал енді Шәкәрім уақиғасынан кейін, бұл енді біздің қазақтың кекшіл жағдайы бар ғой, олардың туыстары, немерелері Сізден көріп, соңыңыздан түсіп, қайрат білдірген болды ма, Құнанбайдың тұқымдары?
А. Қ. Жоқ. Ешқайсысын білмеймін. Содан Бердеш Қытайдан келіп, осы Алматыда болған.
Е. Б. Шауып жүргендердің ішінде ол да болды ма?
А. Қ. Ол да болды.
Е. Б. Зият та бар ғой.
А. Қ. Зият та бар.
Е. Б. Қашып кеткендердің ішінде ғой.
А. Қ. Сол бетімен олар Қытайға өтіпті. Бізден құтылып кетті ғой.
Е. Б. Ал енді Құнанбайдың тұқымдарынан сол кезде сіздермен бірге жүргендері болды ма?
А. Қ. Жоқ, ешкім де болған емес тұқымынан.
Е. Б. Ал, енді Жұмағали ше?
А. Қ. Жұмағали ол бір кедейдің баласы, саятшы, бүркітін ұстап, қаршығасын ұстап, оны күтіп жүретін.
Е. Б. Бірақ енді сіздерге кедей болғасын шығып жүр ғой.
А. Қ. Біз оны керек қылып, біз ертіп жүрміз.
Е. Б. Шақырып алып.
А. Қ. Тауып алып. Сосын енді әлгі Шақпақ тауы өзінің аң аулап жататын үйі бар дедім ғой. Оның өз тарихы да қызық.
Е. Б. Сол жерін айтыңызшы. тарихы болса?
А. Қ. Ол үйді бір бұлақтың басынан салған. Бұлақ фонтан атып тұратын бұлақ. Кіріп барғанымызда ұзынша кішкентай коридоры бар. Коридордың ана бұрышы да тұғыр, құстың саңғуыры (құс байлап қоятын жер) кіргенде бір комнатада сол жерден от жағылады, соның пешін өзі басқарып салдырған дейді, сол үйдің іргесін жағалап отырып, сонда осы түтін жүретін трубаның үстінен барлығы тауаша, ал ортаға қойған столы жалпақ.
Е. Б. Тауаша — дегеніңіз полка ғой.
А. Қ. Полка.
Е. Б. Сонда кітап толып тұра ма?
А. Қ. Жоқ, бір де кітап жоқ, сонда ол бір тұғырға өзі істеген дейді.
Е. Б. Шебер ме екен.
А. Қ. Шебер, өзі темекі тартады.
Е. Б. Ол кісі насыбай салмайды ғой.
А. Қ. Жоқ. Темекіні ширатып махорка сияқты темекі, соның сауыты өзі қолынан жасаған. бір жерінде орайтын қағазы тұрады, бір жерінде сіріңкесі тұрады, мұнда темекі салатын құты, соны өзінің қолынан жасаған. Менімен әңгімелескенде алғашқы таудың үстінде кездескеннің өзінде темекі ширатып тартып отырды. Сол темекіні былай ақ қағаз алады да, бір қолымен былай ширатып салады. Сонсоң кәдімгідей темекіні салады да, тартады.
Е. Б. Бұрыштап ширатады ғой.
А. Қ. Бұрыштап ширатады, бір қолымен салуы да ғажап, сауыты да ғажап. Енді әлгі бүркіттің тұғырында бір тиекті бұрасаңыз құстың алдына жем беретін сайты аяқ шығады. Енді бір тиегін бұрасаңыз одан бүркіттің тұмағасы оның әлгі әртүрлі, бір сондай керекті кішкентай-кішкентай саймандар шығады. Осының бәрін өзі жасаған дейді Жұмағали. Мына стол ортадағы, бір жалпақ тас, ол кісінің өзі әуелден жаратылыстың өзін пайдаланған ғой. Осы орындығы да, столы да тас, жалпақ тас.
Е. Б. Соның айналасына салған ғой үйді.
А. Қ. Айналасына салған.
Е. Б. Ой, Алла-ай!
А. Қ. Не керек, ғалым адам, бірақ...
Е. Б. Уақыттың көбін сол үйде өткізеді ғой шамасы.
А. Қ. Нағыз құс салатын жер. Тамақ пісіретін жері де бар.
Е. Б. Қызық екен, көргендеріңіз. Сіз анау, Шәкәрімнің үйіңізде болғаны есіңізде қалды ма екен, әлде қалмады ма екен? Бір сәтке жатты ғой, мысалы бүгін кешке қарай келді, ертең түске қарай аттандырдыңыз ғой. Иә, шай-қантын, оны – мұнысын беріп, сонда сол шай-қант беріп жатырсыз, отыз бірінші жыл қиыншылық қой. Әрине ол үлкен байлық қой. Әрине қоржынымен жинап жүр ғой. Иә, соны тастап кетіп жатқан жоқ. Сонда қуаныш білдіріп рахмет айтты ма?
А. Қ. Сондай жалпылдамайды.
Е. Б. Ойпыр-ай, қатты кісі екен.
А. Қ. Жалпылдамайды. Енді қанша халықтың алдында істеліп тұрған нәрсе ғой. Және мен оны біреуден именіп жасағам жоқ ол уақытта кімнен именем? Райком Омарғазин менің айтқаным оған заң. Прокурор қолымда. Сонда халықтың алдында сый-құрмет көрсетіп жеткізіп салдым. Шәкәрім үлкен қате істеді. Сол менің айтқан пікірлеріме сенбеді ғой. Мен оны Қарауылға көшіріп алатын едім, үй де беретін едім. Ол мүлде сенбей отыр ғой.
Е. Б. Сізге сенбей отыр ғой.
А. Қ. Сенбей отыр. Тіпті оның еңбек істеуге құлқы жоқ.
Е. Б. Құлқы жоқ қой, үкіметке құлқы жоқ қой. Ал мынау әлгі сол жатқанда өзінің шығармаларын жат к а айтып көрді ме? Былай...
А. Қ. Енді, оның бәрі жадымда жоқ. Сіздің қай бір жігіттер, тым қымбат кимесек, мақтанышын борыш қып үсті-үстіне үймесек те, дегенмен домбыраға әнге қосып айтып жүрдім бала күнімде, ал енді айтып жүргенім өлеңмен «Қоңырау шылдыр, түйме белдер» деп келтіретін.
Е. Б. Ол кезде жеңгей жас қой, осы кісі ме еді.
А. Қ. Кейін қайтыс болған.
Е. Б. «Келін, шырағым, үлкен рахмет, көп қызмет еттің» деді ме кетерінде.
А. Қ. Жоқ. Ештемеде деген жоқ.
Е. Б. Көрдің бе, ана ар жағында, мүлдем зіл жатыр ғой. Қытайған тас болып.
А. Қ. Біздің екеуміздің үстімізге менің әйелімнен басқа ешкімді кіргізбейді.
Е. Б. Балалар бар ма еді ол кезде?
А. Қ. Жоқ, бала жоқ. Менің жаңа үйленген кезім.
Е. Б. Әлгі сіз көрген кезде, кейін өлер алдында көрген кезде сақалын күзеп тастаған екен дедіңіз ғой.
А. Қ. Сақалын күзеп тастаған екен. Баяғы өзім көрген сақалы қайда сол төгіліп тұратын. Жібек сақалы бар еді төгіліп тұратын, төсінен төмен түсіп тұратын. Сөйлегенде сақалын, тарап отырып оң қолымен сақалын тарап, сол қолын саусақтарын жайып қойып, соған қарап сөйлейтұғын. Ал мен басын көтергенде, басында аң елтіріден тымағы бар, оның сыртында жетейі бар.
Е. Б. Жетей деген не?
А. Қ. Оны балбай дейді Ұлытау жағы. Калпачек дейді оны орыстар.
Е. Б. Үстінде түйе шекпені болар.
А. Қ. Түйежүн шекпені бар.
Е. Б. Төгілген кең болады ғой ол кезде үлкен кісінің киімдері.
А. Қ. Кең.
Е. Б. Аяғында саптама етік болар.
А. Қ. Сақалын күзетіп тастапты, төрт елідей дөңгелетіп. Осы Қазақстанда әдебиет бетінде басылып шықты. Әлгі ақтатқан кезде Мұхтар Әуезов бірнеше шумақ өлеңдерімен басып жіберді. Сонда сол суретін берген. қазір ол менің қолымда. Жасырақ кезі-ау деймін, тым сақалы қара екен. Онда сақалы да жай ғана, сыпайы сақалы бартұғын.
Е. Б. Ал енді жасы жөнінде менің мәліметім былай Абайды 1904 жылы өлген дейді ғой. Сонда тірі болса 1931 жылы 86 да, бұл Абайдан шамасы 10 жас кіші болуы керек. Сонда сізбен кездескенде 75-76 да деп шамалаймын мен.
А. Қ. Мен 80-ге келген деймін.
Е. Б. Анықтама алғанға дейін сіз Шәкәрім туралы әр жерде әңгіме айтып, не болмаса бірдеме жазып көрген жоқсыз ба? Одан бұрын Шәкәрім туралы бір әңгіме есіткем, өзіңіз әдебиетке жақын адамсыз, өзіңіздің пікіріңізді айтып жүрген жағдайлар болды ма? Ай, оның ақындығын не қыласыз, ол өзі жау емес пе деген сияқты?
А. Қ. Жоқ, ондай мәселе болған емес, бірақ мен әлгі олардың личный өздерінің қарақан бастарында үлгі көп қой. Әлгі келбеті жайында, мінезі жайында, сонсоң қолынан өзінің тасын стол ғып, тауын үй ғып осылай жасап жүргенін мен кей жерде әңгіме ғып айттым. Ал, бірақта ол кісі жайында мен ешбір уақытта жамандап сөз сөйлеген емеспін.
Е. Б. Ал өзіңіздің сол уақытта қолыңыз да тиген жоқ қой. Бір жылға жетер жетпес сол Қарауылға, ол кезде қол тие ме, жас кезіңіз, әдебиетке бейімсіз, өзіңіз де бірдеме жазып жүрсіз, Абайдың, басқа ақындардың сөз арнаған жерлері, сондай-ақ соларға құлақ түріп жүрдіңіз бе Қарауылда жүргенде.
А. Қ. Мен ондай жағдайға келе алғам жоқ. Бандысыз қызметім болған жоқ. Ақыры ол Шәкәрімнің өлімімен тынды. Одан кейін, мені, ол ауданға тұруға болмайды деді де, Жарма ауданына жіберді. Мен тіптен халқын еркін біліп те болғам жоқ.
Е. Б. Жарма ауданында ОГП-нің начальнигі болдыңыз ба?
А. Қ. Иә, ондай жағдайға келгем жоқ ғой, халқымен араласып, әңгімелесіп только Бердауси деген кісімен әңгімелестім. Фамилиясын ұмытып қалдым. Өзі мұғалім.
Е. Б. Оқыған кісінің атын қойған ғой, шамасы, оқыған адам ғой.
А. Қ. Көкбай мешітін көремін деп, Көкбай жайында барғанымда Бердауси деген кісі кездесіп, біразырақ сонымен әңгімелестім, бер жағым әңгімелескенмен, әр жағым қай кезде қампитып, қай кезде жалпитып кетеді деп. Милицияда істейтін бір адам түрмеден бір кісіні әкетіп бара жатқанда, Семейге қарай, сол милицияны атып тастаған. Дәл маңдайынан өзінің винтовкасымен. Енді ол бір алпарыс, толқып тұрған уақыт қой, бір бағытқа көшпеген. Халықтың оңға басуынан, солға басуы күштірек. Иә, үйткені байларды қуғындағаннан кейін, ол әрине, жақсы атаң бермейді ғой.
Е. Б. Одан кейін қарауылға барып керген жоқсыз ба?
А. Қ. Одан кейін барып көргем жоқ, бір соғып өттім. Айтмұрзаның үйіне бір түсіп аттандым.
Е. Б. Айтмұрза деген кім?
А. Қ. Айтмұрза деген өзіммен қатар жатып атысқан, бейіттің түбінде, Төлепбаев деген. Қазір бар болуы керек.
Е. Б. Сол Қарауылда тұра ма?
А. Қ. Басынан оқ тиіп ауырды, бірақ жазылды. Мен енді араласатын жағдай болған жоқ.
Е. Б. Былтыр мен бардым. Қарауылға әдейі. Абайдың басына барайын деп, Жидебай деген жиырма шақырым жер екен. Абайдың бұрынғы қыстауын жақсы көтеріпті, музей жасапты, алдына сол отырған, тұрған жерін, шошаласын келтіріп бұрынғы сол Абайдың сол бейітінің жанында туыс-тұқымдары жатқан көрінеді.
А. Қ. Шәкәрімнің бейітін де жаңартыпты ғой.
Е. Б. Анадайда жатқан көрінеді. Шәкәрімнің бейіті жұпынылау енді, балалары істесе керек, «Шәкәрім» деп астына тас қойыпты. Барған бетте оң жақта бір 100 метр жерде, Абайдың қосынан оң жағында. Сонымен сіз Шәкәріммен кездескеніңіз, сол әлгі Алматыға Нұрымбекке алып барғанда ғой.
А. Қ. Шәкәрімнің әңгімесімен кездескенім сол. 1959 жылы ЦК шақыртты ғой. Осы сияқты Қарасартов деген құртқан Шәкәрімді, атып тастаған деген ғой. Біреуі — Оспанов Зейнолла, біреуі — Абдырайым Шарабаев екеуі комиссия келеді дегенде бұрып берген ғой.
Е. Б. Сол екеуін шақыртып алған ғой.
А. Қ. Шақыртып алыпты.
Е. Б. Сонда олар көзіңізше айта алмады ғой.
А. Қ. Мені көргенде Шарабаев шалқасынан түсті. Әуелде алдырғанда. өздері қауіптеніп келген ғой.
Е. Б. Бұрын жобасы бір жауап берген ғой.
А. Қ. Енді тергеу үстінде бұрынғы жауапты өзгерткен ғой.
Е. Б. Бұрынғы баяғы тергеу ғой.
А. Қ. Иә, ол архивте жатыр ғой. Қайдан білсін оны олар.
Е. Б. Сіз айттыңыз ғой, бұрынғы айтқандарың архивте жатыр, сендер не деп беріп жүрсіңдер, мен өлтіріп пе едім, естеріңде ме? Келген бетте?
А. Қ. Иә, олардың өтірігі өрге баса ма?
Е. Б. Екеуі келді ғой Семейден, осы жерін айтыңызшы, кабинетте кездесті ғой.
А. Қ. Мен капитан Қаратабановтың кабинетінде отыр едім.
Е. Б. Қаратабанов қазақ жігіті ме?
А. Қ. Қазақ жігіті. Отыр едім, сосын шақыртты. Абдырайым кіріп келді. Қасында бір бала ертіп жүр.
Е. Б. Сізбен шамалас па, үлкен бе?
А. Қ. Үлкен менен. Өзі де қартайыңқырап қалған. Енді сонсоң жаңағы, маған жалт қарады да...
Е. Б. 1959 жылы жассыз ғой, 50-десіз ғой. Иә?!
А. Қ. Сол сандалып құлап қалды.
Е. Б. Сізден бір он шақты жас үлкен шығар.
А. Қ. Үлкен, сосын ол дұрысын айтты, мұны барлығын жасаған Мұқтар. Мұқтар алты ақынды елге шығарып, Шәкәрімнің өзінің Ахат деген баласы, Тастақ деген жерде тұрушы еді, мұғалім.
Е. Б. Тастақ деген сол Қарауылда ма?
А. Қ. Жоқ. Алматының қатарында, Қаскелеңде сонда тұрған. Сол Ахаттың жүргені, осылай. Қарасартов жер бетінде жоқ. Ол әлдеқашан құрыған. Комиссия келейін деп жатыр. Шәкәрімді ақтайын деп жатыр, сендер Қарасартовтан қорқатын дәнеңе жоқ, жауаптарыңды түзеп беріңдер, кешегі қажыны тірілтіп алатын болдың деп соқпай ма? Алты ақын шыққаннан кейін жанын қоя ма, оның ішінде Семейдің атақты Нұрлыбегі бар.
Е. Б. Иә, иә.
А. Қ. Ол сол бәрін де бұзып, бұрмалап берген ғой.
Е. Б. Содан кейін Зейнолла келді ме? Сол күні келді ме?
А. Қ. Сол күні екеуін бірге әкелген ғой.
Е. Б. Әуелі оңаша кірді ме?
А. Қ. Зейнолла оңаша кірді. «Қалай, Зейнолла, аман сау жүрсің бе», ол қолын бере алмай, маған амандаса алмай, жаза басам деп тұр ма, ұмытып қалған сияқтанып тұр ма? Үні шықпай, тілі сөзге келмей қалды. Енді мен: «Зейнолла, қалай аман-сау жүрсің бе, сен айтшы не дедің, Шәкәрімге оқ тиіп, тор атпенен келіп, кереге тастың сорының бетінде құлағанында сен емес пе еді қасымдағы, немене істедің, сосын осының бәрінің хабарын алып ауданға барған шапқыншы да сен емес пе едің. Не дедің айтшы?» Сосын айтты. Осылай алты ақынды шақырды, Москвадан союзный прокуратурадан адамдар келіп тексерді. Тексергенде сол жауапты былай беріңдер, былай беріңдер деп, сонсоң мен бұзып бердім — деді.
Е. Б. Әйтеуір, әй, байғұстар!
А. Қ. Енді Қарасартов атты деп айта аласың ба? — дейді ғой. Енді Қарасартов тегін бе. Следствия отделінің бастығы. «Айта алмаймын. Білмеймін» — деді. Енді одан басқа не дейді.
Е. Б. Сонда олар Шәкәрімнің жазығы жоқ еді ғой, жай атып тастады дей ме екен?
А. Қ. Жазығы жоқ еді, аң аулап, тауда жалғыз жүр еді, Қарасартовқа кездесіп, Қарасартов намаз оқып отырған жерінде атып тастапты деген.
Е. Б. Осылай деп естідік қой, бәріміз де?
А. Қ. Иә, міне, осылай деген. Қай жерде мен жалғыз жүріппін? Мен өзім бір көруге құмар болып жүргем.
Е. Б. Ойпыр-ай, ай!
А. Қ. Иә, осындай хайуандық бола ма?
Е. Б. Масқара-ай. Ал енді осы сөзді барлығы айтып жүрген.
А. Қ. Сол менің өзімнің еңбегімнің күні бүгінге дейін іске аспай келе жатқаны.
Е. Б. Міне, жиырма жыл бойы осы әңгіме сізге ілесіп келе жатқан.
А. Қ. Кейінгі жазған еңбегім де жатыр. Екі чемодан. Архивім, сонсоң кейінгі жазған өлеңдерім қандай болады деп жіберсем, оған жауап келеді, сіз ақын емессіз деп жазыпты біреуі.
Е. Б. Енді сізді білмейтін әдебиетшілер жоқ, қазір есіме түспей отыр, кейінгі варианты бар ғой, намаз оқып отырған жерде атқан деп. Дәл солай дейді.
А. Қ. Солай деп шығарған ғой.
Е. Б. Анау әлгі алты ақынның таратқан лақаптары ғой, сол бойымен қалған.
А. Қ. Сол бойымен қалып отыр. Документті мықтап жіберген ғой.
Е. Б. Енді кейін мына кейінгіні ешкімге жариялаған жоқ, жұртқа сол бойымен дақпырттап отыр. Мынау әлгі Абдырайым мен Зейнолла бар ма екен, әлде өлген шығар.
А. Қ. Кім біледі, Абдырайым өлді деп естідім ғой. Тауда аң аулап жүргенде, далада өліп қалыпты дейді. Ал, Зейнолласын білмеймін.
Е. Б. Ал үшеуіңіз де сол арадан тарасып кеттіңдер ме? Шығып былай кездеспедіңіздер ме?
А. Қ. Жоқ, кездескеніміз жоқ.
Е. Б. Тарасып кеттіңіздер ме?
А. Қ. Сол жерден олар тарап кетті. Мен өзім бір кабинет архивті тексеріп, барлығын қарап, сонсоң енді онда менің жазып бергенім де жоқ. Енді беттестірді ғой. Солай деп, Арыстанбеков пен Жанділдинге ЦК-ға баруға, жол қаражатын бер, ренжітпе, қайтар деді.
Е. Б. Анау Қаратабан жігітпен кездескен жоқсыз ба?
А. Қ. Жоқ. Кейін кездесе алмадым.
Е. Б. Қызық екен? Сізге шынында да, жайдан-жай...
А. Қ. Ал енді анау Шәкәрім ол дүниелік болып кетті ғой, ол өлі аруақ, мен тірі аруақ. Екеуміздің арамызда бір иненің жасауындай қастың жоқ.Тек қана сырттан осылай пішіп, өлшеніп жасалып келеді. Бұл енді менің мына жасым келгенде маған оңай мәселе дейсіз бе?
Е. Б. Оңай мәселе емес.
А. Қ. Маған бір бітпес жара.
Е. Б. Бітпес жара.
А. Қ. Ал енді менің байлық еңбегім ең кемінде II том болып шығады. Фельетондарым да бар, күлдіргі-сықақ, сол барлығын қосып, сол революцияға дейінгі өзімнің көрген кедейлігімді, жалаң аяқ, жалаң бас, көрген көрешегімді, соның күллісін басса, екі том болып шығады. Мәди туралы да жаздым. Енді ол, Мәдидің мәселесін көтеріп жүрген кезі де, енді керек-ақ материал. Соны баспады ғой.
Е. Б. Мәди туралы қандай пікіріңіз? Мәдимен кездестіңіз бе?
А. Қ. Мәдимен кездестім. Мәди үйімде болды. Әкеме келді. Сонысын мен жаздым.
Е. Б. Ол кезде жассыз ғой, Мәди 1931 жылы өлді дейді, онда 13 — 14 жаста боларсыз.
А. Қ. Баламын мен, ойнап жүрген жерімде үш ақ боз атпен жалаңдатып, Түйеасу деген асудан шыға келгенде, мен асық ойнап жүр едім.
Е. Б. Сонда, екі атты жетегіне алған ба?
А. Қ. Жоқ. Жолдасы бар. Екі жолдасы бар. Үшеуі де боз ат мінген, қара ер тоқым. Ол қара торы, жаурыны қақпақтай, екі көзі үңіректеу, келбетті адам. Әдебиетке де, әнге де құмар әкем жасап берген аң домбыра анадай жерде тұр еді.
Е. Б. Әкеңіздің аты Қарасарт па?
А. Қ. Әкемнің аты Ғабдолла.
Е. Б. Атаңыз ғой Қарасарт.
А.Қ. Қарасарт әкем, Ғабдолла да әкем. Денелі қара кісі екен, соны бір жеңгесі Қарасарт сияқты деп атамай ма. Домбыраны тартып, өзінің өлеңдерін айтты. Әкем: «Қарағым, дауысыңды естірт. Бұл келгеніңе рахмет, бақытты бол, ризамын. Дауысыңды естірт» дегенде сонда, сол Мәдидің сол айтқанын домбырамен айтатын болып мен де үйреніп алдым. Сонда жақындай, жақындай дәл алдына бардым. Сосын: «Көке, бұл үйде домбыраны кім тартады?» деді, әкем өзі домбырашы кісі еді, өзім тартам қарағым. Сосын мына бір қарасирақ ұлшығым бар, осы тартады» деді. «Ән айта ма?» деді. Айтады деді. Сонсоң мен әлгі «Қайтер еді жігіттер, тым қымбаттан кимесең, үсті-үстіне борыш қып», Шәкәрімнің бұл өлеңін және екі-үш әнді айтып бердім.
Е. Б. Дауысыңыз жақсы ма еді?
А. Қ. Жақсы еді дауысым. Қайта айтшы, тартшы, тағы бір ән айтшы деді. Айттым. Сонсоң Жәкеңнің бір марқасын сойып, күн қайтардық. Мәкеңнің берген заказы өзіне бір қисық табан етік.
Е. Б. Сонда әкеңіз етік тіге ме?
А. Қ. Әкем етікші еді. Бір саптама етік, бір галош, бір кебіс, бір мәсі голошты, мәсіні, кебісті, әйеліне Ғазыйға деп заказ берді. «Осыны, Көке, жақсылап істеп берсеңіз, мен өзім кейін кісі жіберіп, хабарласам» деді. Келгені сол әкеме сәлем берем деп, әдейі келді. Мен өзім анау Мәдидің кім жазды ұмытып қалдым.
Е. Б. Мәдиді Бектасов Әшімбек, сонсоң «Найзағай» деп Әбішев Әлжаппар жазып жүр ғой.
А. Қ. Мәди туралы осында осы кітаптар менде бір жерде бар. Ол сурет маңайламайды, сопайған бір қара кісі.
Е. Б. Сурет болғанда басқа біреудікі шығар жапсырған.
А. Қ. Басқа біреудікі. Мен енді анық білемін. Мен егер художник болсам, сол Мәдидің түрін ойыма алып отырып, соны салып берген болар едім. Бірақ мен суретші емеспін. Жадыма сақтағаным сондай. Осы Мәди туралы бір өлеңімді бастадым. Мәдидің жинағы шығады дегенде сондағы жазғаным.
Е. Б. Әдебиетшілердің бәрі сіздің атыңызды атаса болды, Шәкәрімді өлтірген дейді, ой, Алла-ай?
А. Қ. Ал енді мен шын азаматтың арыма, адамгершілігіме, мен не бір төрт аяқты ит болғым келмейді, сол адам қалпымда екі аяғыммен жүріп, келген ажал болса күтіп алсам деймін, сонда менің арманым, осы адалдығыма, адалдығын айтайын, осыны органға. ЦК-ға ойымды жаз деді, осы әңгімені мен сізге қалай айттым, осылай жаз деді. Осылай жаз дегенде мен Шәкәрімнің еңбегінің дүние жүзіне шығуына қырсық жасайды-ау деп жазбадым. Осыған наныңыз. Менің бір сұрайтыным: Мен адалмын. Адамгершілігім бойымда. Сол, осыны мен жазбадым. Рамазан мен әйелін өлтірді деуге тілім бармады. Шалабаев Олжабайды балталан өлтірді дегенге менің тілім сөзге келмей қалды. Сондықтан мен соны жазып берер едім. Әйтпесе мен өз басымды езім ақтау үшін баяғыда жазған болар едім. Жазып бере аламын ғой, осы айтқанымның бәрін және түптен ештеңе қалдырмаймын ғой.
Е. Б. Әрине.
А. Қ. Бірақ та меніменен сөйлескен, меніменен осы өзіңіз сияқты әңгімелескен ешкім болған емес.
Е. Б. Ол енді дегенмен Шәкәрімнің аналарды өлтіруі өз қара басының жауы бұл емес шығар, бірақ енді Шәкәрімді олар ту етіп ұстап отыр ғой. Шындығында олардың бұзақылары бар ғой әртүрлі.
А. Қ. Шәкәрімнің өзі шаппасын ел көрмейді және де шаппайды, мен айтып отырмын ғой, әлгі мені жібергенде, ол авторитет деді, ол авторитет тек қана Қазақстанға емес, бүкіл жер жүзіне деуге болады. Маған соған ие болсақ болады деді, ғой. Осы сөз жетіп жатыр ғой.
Е. Б. Жетіп жатыр.
А. Қ. Осы сөз жетіп жатыр.
Е. Б. Телегей-теңіз тарих та Ботакөздің сөзіндей деген сияқты, біраз тарих қолда. Ойпыр-ай, Құнанбайдың тұқымынан соң Шәкәрімнен үлкені жоқ қой ол кезде. Шәкәрімнен атақтысы.
А. Қ. Жоқ.
МЕДҒАТ ҚҰЛЖАНОВ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі