Өлең, жыр, ақындар

Үштілділік қазіргі таңда

Қазіргі әлемде барлық азаматтар тек бір тілде сөйлейтін ел жоқ. Бірнеше тілді жақсы білетін, жаһанданған әлемде өзін жайлы сезінетін адамның үлкен ақпарат ағынына жолы ашық. Бұл оқу мен жұмыс мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондықтан Қазақстандағы көптілділік бастапқыда азаматтардың коммуникативтік бейімделуі ретінде қарастырылды. Қазіргі Қазақстандағы үштілді білім беру-уақыт талабы. Оны енгізу идеясы білім мен дағдыларды кеңейтумен, сондай-ақ тілдерді білмейтін адамдар арасындағы өзара түсіністікті дамытумен байланысты. Жоба алғаш рет 2006 жылы талқыланды, ал өткен жылдың соңына дейін оны іске асыру "2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың Жол картасына" сәйкес жүзеге асырылды. Кез келген жаңа идея сияқты, Қазақстандағы үштілділік бірден жақтаушылар мен қарсыластарға ие болды, олар оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтады. 

Үштілділіктің халыққа әкелер пайдасы жайлы ойлап қарасақ бұл, расымен, бізге қажеті бар дүние екенін көруге болады. Зымырап өтіп жатқан уақыт ағымына, тым жылдам дамып жатқан технологияларға қарап-ақ дамудың шегі жоқ екенін түсінуше болады. даму қарқынына үлесі үшін бізге барынша жылдам әрі нақты мағлұмат қажет болады. Тілді білудің ешқандай зияны жоқ, керісінше, тек қана жақсы жаққа әсер етеді.

Қазақстан елі 130 халықты бауырына баса алған мекен  болып табылады. Әртүрлі мәдениет пен тілдің бір шаңырақ астында отандастыра алған Қазақ елінің тарихы, тұңғұйықта жатқандығы рас. ҚР 7 конституциясы бойынша, отандық тілдің қазақ тілі болғанымен де, орыс тілінің, қазақ халқы үшін, маңызы көп екеніндігін білеміз. Тарихқа үңілсек, қазақ тілі, түркі тілдес тіл тобының қатарына жататынын білеміз. Түрік тіл тобы қатарынан ең үлкен тіл саналаты қазақ тілін, 2017 жылдағы статистика бойынша, Қазақстан тұрғындарының 83, 1%-ы, орыс тілін 89%-ы, ал 23, 9%-ы білетінін көре аламыз. 

Ал енді, әлемдік қатарда маңызды рөл ойнайтын ағылшын тіліне назар аударсақ, статистика бойыншы көріп тұрғандарыңыздай Қазақстан әлі күнге дейін нашар орындарда. EF SET стандарттық тест нәтиежелері бойынша, Қазақстан, 2020 жылда қатысқан 100 ел ішінен 92 орынды жүлделеп отыр. Бірақ, бұл көрсеткіштер алдыңғы жыл нәтиежелерінен гөрі, алдыңғы орындарға жылжып  келе жатқандығы жайлы да ұмытпауымыз тиіс.

Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға қарай елімізде қазақ тілін білу басым болады деп күтілуде: халықтың 95% - ы қазақ тілінде, 90% - ы орыс тілінде, 50%-ы ағылшын тілінде еркін сөйлейді.

Зерттеушілердің сөздеріне назар аударсақ, Қазақстандағы ағылшын тілінің аса қатты дамымау себебі: бұл, оқу орнындарында, орыс тілінің 2-інші тіл болып орнатылуы. Көптеген білім беру меке мелерінде, орыс тіліне  ағылшын тілінен гөрі біршама көбірек маңыз артуы - деген шешімдерімен бөлісті.

Үштілділік ғылымның жедел дамуына және білім беру жүйесінің біршама жақсы жаққа бет бұруына көмек бермек.
 


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз