Абай ұлағаты – ұрпаққа аманат
(Қазақ әдебиеті + Тарих + Химия кіріктірілген сабақ)
БИГАЛИЕВА МАРЖАН МАХСОТОВНА
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры, химия пәні мұғалімі
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі
Гайсина Молдир Баймуратовна
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
педагогика ғылымдарының магистрі
Ұлы Абайдың мерейлі 180 жылдығын жоғары деңгейде атап өту үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атқарылатын іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Сабақтың мақсаты:
Күтілетін нәтиже:
Сабақ кезеңдері:
I. Кіріспе (5 мин)
Мотивация:
Бейнежазба – «Абай – мәңгілік тұлға».
Мұғалімнің сөзі:
«Абай ұлағаты — ұлттың рухани темірқазығы. Ал оның ғылымға шақырған үндеуі бүгінгі химия, физика, математика сияқты нақты ғылымдармен де үндес.»
II. Әдебиет бөлімі (10 мин)
Тапсырма:
– «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» өлеңдерінен үзінді тыңдау және талдау.
– Негізгі идея: білімге, ғылымға ұмтылу, еңбектің қадірі.
Оқушылар пікірі:
– Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» қағидасын қазіргі ғылымдағы этикамен байланыстыру.
III. Тарих бөлімі (10 мин)
Мұғалімнің кіріспесі:
– XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстан: Ресей отарлау кезеңі, орыс мәдениетінің ықпалы, жаңа идеялардың таралуы.
– Абайдың «Ғылым іздеу» идеясының тарихи алғышарттарын анықтау.
Тапсырма:
– Топтық жұмыс: «Абай дәуіріндегі ғылым мен ағартушылық» тақырыбы бойынша постер жасау.
IV. Химия бөлімі (10–12 мин)
Мақсаты: Абайдың ғылым туралы ойларын нақты пәнмен ұштастыру.
Мысал:
Тапсырма:
– Химиялық тәжірибе: Судың тазалығы – өмірдің бастауы (фильтрация тәжірибесі).
– Қорытынды: табиғатты тану, тазалық сақтау – Абай ұлағатына сай іс.
V. Қорытынды. Рефлексия (5 мин)
Бағалау:
???? Сабақты қорытындылау: «Абай ұлағаты – тек әдеби мұра емес, ол – ұлтты ғылым мен білімге жетелейтін мәңгілік бағдар.»
Ұлы хәкім Абайдың мерейін асқақтату арқылы қазақ дүниетанымы мен философиясына терең бойлауға, ұлттық құндылықтарымыздың кеңінен насихатталуына басымдық берілуі тиіс деген ойдамын. Әсіресе, бүгінгі ақпараттық технологиялар ағыны үстемдік құрып, виртуальды әлемде өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың санасына Абай шығармашылығы арқылы серпін беріп, ұлттық таным-түсініктің жастардың бойында көрініс алуы үшін ақын шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелері кеңінен насихатталуы тиіс. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі. Оның шығармашылығы арқылы жас ұрпақтың көкірек көзін ашып, Абайды әлемге таныту, оны адамзаттың Абайына айналдыру міндетін жүктеу керек.
Болашақ жастардың қолында дейміз де, бірақ келер уақыттағы ұлттық таным-түсініктің бұлыңғырланып, қазақы қасиеттен алшақтап бара жатқанымызды назардан тыс қалдырамыз. Осы ретте Абайдың өмір жолындағы қия-қалтарысы, дүниетанымы мен ой орамдары бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болуы үшін ағартушылық жұмыстарына басымдық берілуі ауадай қажет. Адам баласын еңбек етуге, адамгершілік қасиеттерге баулуға, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты ізгі қасиеттерді өмірлік маңызы бар шешім қабылдар алдында орынды қолдана білуге тәрбиелеп, ойдың адамы, толық адам болу үшін неден жиреніп, неге құштар болуы керектігін де тайға таңба басқандай анық көрсетіп кеткен еді. «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз…», – деген тұжырымның астары білімнің маңызын айқындайды. Оның ішінде тәрбиесіз алынған білімнің емес, адами қадыр-қасиеттің бойға сіңіп барып, алынған білімнің маңызын меңзейді.
Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамгершіліктің нәрін, ізгі қасиеттерге баулу керектігін де айқындап кеткен. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі – есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі.

- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі