Өлең, жыр, ақындар

Жәкеңнің Кавказға барған сапары

1937 жылдың күзінде Грузия халқының ұлы ақыны Шота Руставелидің туғанына 750 жыл толуы тойланды. Осы тойға Қазақстан Республикасынан да қонақтар шақырылып, ең сыйлы қарт қонақ Жамбыл ақын барды. Жәкең бұл жолында бұрын жүрмеген алғыс жолын жүрді. Қиыр жерлерді керді. Әсіресе бұрынғы қиссаларда, ертегілерде айтатын Қап тауын — Кавказ тауын керді. Кавказда мекендеген тау елін, Грузия елін көріп, айрықша тамашалады. Ұлы Сталинді ұшырған ұяны көрді.

Осы керген тамашасын Жамбыл әдемі жырымен суреттеп, айтып берді. Жамбылдың Кавказға арнаған жыры осы жолғы алған әсерінен, сүйсінген, қызыққан жүрегінен шығып еді. Осы сапарында Жәкеңнің қасында болған жас жазушылар Жәкеңнің кейбір елеулі сөздерін, болған жерлерін күнделік етіп жазып та отырған.

Жамбыл өзі де осы жолғы жүрісінде көрген тамашаларын, қызыққан, сүйсінген нәрселерін әңгіме етіп те айтып отырады екен. Әсіресе Грузия елінің келбеттерін өте жақсы көрген: «Ат ерінді, ер мұрынды» деген қазақ елінің мақалын айтып: «Адамдары қошқар тұмсық, ер келбетті екен. Әйелдері аппақ, көздері қарақаттай, шаштары әрі ұзын, әрі құндыздай қара болады екен. Әттең, жас күнім болмады, әйтпесе бір қызды алып қашсам да әкетер едім», — деп қалжың да айтқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз