«Ұлттық» атауы теңіздей терең мағынаны қамтыған құдіретті сөз. Елдің ұлттық болмысынан, тыныс-тіршілігі мен көзқарасынан, салт-дәстүрінен хабар беріп тұрғандай. Аяққа тұсау салмаған, бодандық құрығында қалмаған елде ғана «ұлттық» сөзінің ролі ойнап, қасиеті асқақтайды. Қазақ елінің ұлттық дейтіндей өзіне тән дүниесі, өз қоғамы бар. Сол бірлестіктен ұлттық арнаны да кездестіреміз.
Еліміздің тұмары, Мемлекеттік тілде хабар таратушы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы - «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ құрамына кіреді. Тоқсаныншы жылдар белінде өз қызметін Алматы студиясында бастаған бұл арнаның қазіргі таңда ісі елеулі, орны айрықша. Он төрт аймақтық филиалы бар «Qazaqstan» арнасы тек өз шекарамызда қалмай көршілес Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерін де халқымыздың ұлттық құндылықтарымен хабардар етеді.
Ұлттық арна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар кездеседі. Менің бұл арнадан тілге тиек етіп сөзге қосқым келгені арнаның рейтингін жоғарылатып, халықтың көзайымына айналған «Айтуға оңай» бағдарламасы. Халықпен кері байланыс құрып, қуанышына бірге қуанып, қайғысын тең бөле білген, рейтингтің құлы болмай шын мұқтаж жандарға көмек берген айтулы жоба көгілдір экраннан кетсе де халық жанында мәңгі қалды. Менің ойымша, ұлттық телеарнадағы ұлт келбетін көрсетіп, сырты алтынның іші мыс болатынын, соны түзегенде, ұлт іргесі бекімекке қарекет қылғанда ғана алпауыт тұтас ұлт болып, ұлттығымызды әлемге танытатымыздың бірден бір дәлелі болған бағдарлама осы болды. Мен бағдарлама арқылы «QAZAQSTAN» арнасының халықтық арна екенін сезіндім. Әрине, ұлттық арнадан ұлт келбетінің көрінуіне осы бағдарламаның жүргізушісі болған Бейсен Құранбектің еңбегі ауыз толтыра айтарлықтай. Ұлттық арнада әлеуметтік бағдарлама «Жан жылуы», қоғамдық-саяси бағдарлама «Ашық алаң», студиялық бағдарлама «Парасат майданы», ақпараттық- сараптамалық «Журналистік зерттеу» бағдарламалары да Ертөстігім бір төбе дегендей орны бөлек ұлтқа қызмет еткендер.
Айтпаса сөздің атасы өлер, Қазақстандағы көптеген арна сапаға емес санға бой алдырған. Кезінде «Қарекет» сынды бағдарламалар халықтық сөзді сөйлеуші еді, қазір ақиқаттық астарын айтам дегендер айтылмауы тиіс отбасының арттарын айтқан, іріден безіп майдаланған бағдарламалар. «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» дегендей эфир, сахна мәдениетін сақтамай жаман сөздермен бояп, көптің көзінше төбелес ашатындардың арқасында рейтинг көтеріліп жатқанымен ұрпақтың санасы уланып төмендеп жатыр. Осындай бағдарламаларды көретін халық саны артқанымен ұрпақ үйренерліктей қазақы құндылық құрып жатыр. Сондықтан ұлттық арнаның бағытын, ұлтқа берер дүниесін өзім құп көремін. Алдағы уақытта заманды адам өзгертті деп, өзгеріске бет бұрып, ұлт келбетін көлегейлемесе екен деймін. Мендегі үн, азғантай тілек осы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі