Қазіргі заман адамдық ойдың, сананың дамыған уақыты. Түрлі елдің ғалымдары әр алуан функцияны басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып бақты. Осыдан әлемдегі ірі өзгерістің бірі- «жасанды интеллект» пайда болды. Менің ойымша жасанды интеллект бізді айнала қоршап тұр. Адамның ақыл-ойынан шыққан бұл алып, оның санасын жасанды жолмен ұрлауда. Ғылымның ең үлкен жетістігі тіпті сіздің қолыңызда. Google қосымшасының өзі жасанды интеллект болып табылады. Онда сіз туралы ақпараттар бар. Google браузерінің іздеу принципі 28x28 пиксель жүйесіне негізделген. Сіз сұратқан ақпарат компанияның дата орталықтарындағы ақпарат қорынан ізделеді. Браузердің алгоритмі релеванттық анализдеу жүйесі сіз сұраған ақпаратты дәл анықтап, ретімен нақты ұсынуға үйретілген. Осы қосымшаның тіл аударушы бөлімінің өзі үлкен ақпарат қорындағы барлық сөздердің пиксельдерімен салыстырылады. Сосын пиксельдердің ең ұқсас нұсқасы таңдап алынып, аударылған сөз нәтиже ретінде беріледі.
Жасанды интеллект ғылымның өркендеген саласы. Дамып жатқан салаға есі ауған елдің қарасы да аз емес. Тіпті, жасанды интеллекті дамытуға сыбана кіріскен елдерді байқадым. Өткен жылы Қытай жасанды интеллектінің дамуына жұмсайтaын қаржы көлемі бойынша АҚШ-тан озып, инвестиция көлемін 12 миллиард АҚШ долларына жеткізген. Қытай үкіметі 2030 жылға дейін жасанды интеллектіге $150 миллиард қаржы құюды мақсат етіп отыр. Қоғам жасанды интеллектінің тиімділігін жақсы біледі. Сол себепті де сұраныс жоғары. Алайда, айтпағым, «жасанды интеллегенттер» адам секілді ойлап, адам секілді өзінің ішкі сезімін жеткізе алмайды. Міне осы медиторика алаңында жасанды интеллектің ойын көрсету проблемалары. Нақтырақ айтсам, адам санасының баламасы жоқ, жасанды интеллект бұл бағдарламаны қабылдай алмайды. Бірақ, «шешілмейтін түйін жоқ». Ғалымдар бұл проблеманы жояу мүмкіндіктерін қарастыруда. Меніңше, алдағы уақытта адамдардың да орнын иемденетін секілді. Жасанды интеллекттің адамзатқа тигізер пайдасымен қатар орасан зор зияны да бар. Қазіргі таңда, халық арасында жұмыссыздық белең алуда. Бұның бәрі жасанды интеллекттің зиянды жағы. Мәселен, 2014 жылы америкалық миллиардер Джефф Безос Amazon. com компаниясының жүк тасымалдайтын мыңдаған қызметкерін жұмыстан босатып, олардың орнына роботтарды жұмысқа алған. Қазіргі таңда, компанияда жүз мыңнан аса роботтар жұмыс істейді екен. Кейбір ғалымдардың өзі жасанды интеллектінің адамзатқа қауіпті екенін жеткізсе, енді бірі керісінше пайдасын іздейді. Қауіптілігі 800 млннан астам адам жұмыссыз қалады. Пайдасы адамның жұмысын жеңілдетеді. Дамыған мемлекет, әлем болып тіпті қашықтықтан жұмысты бақылауға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі