Мамандық таңдау - кез келген жасты қинайтын, болашақ өмірге деген бағыт-бағдар болып табылады. Сол себепті әр адам өз табиғатына сай келетін мамандықты таңдауда жаңылмауы тиіс. Әрбір мамандық өзіндік тағылымы мол тарихымен ерекшеленеді. Мен осы орайда, өз мамандығымды таңдауда жаңылыспағаныма көзім анық жетті. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Дінтану» мамандығы бойынша грант иегерімін. Нақтылап айтатын болсам, бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер деген мамандықтардан асып түспесе, кем емес. Дінді дұрыс, жете түсінбеу қоғамда түрлі сенім негізінде адамдар арасындағы, конфессия арасындағы, халықтар арасындағы қайшылықтарға алып келеді. Бір де бір дін адамзатты зұлымдыққа, жамандыққа шақырмайды, қайта қиын кезеңдерде адамға рухани азық, қолдау болып, қоғамның ұйытқысына айналады Сол себептен діннің негізін, ішкі рухани дүниесін, шығу тарихын, даму барысындағы түрлі ағым, бағыттардың көзқарастарын, ерекшеліктерін зерттеп, білу маңызды.
Қоғамдағы қайсыбір өзекті мәселелер дін саласымен байланысты болғандықтан қарапайым халыққа дұрыс бағыттағы діни білім беру өте маңызды. Бұл саланы игерген мамандарға: мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында; ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері; дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер; мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары; «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік бар.
Ильясова Шапагат, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану мамандығының 3 курс студенті. Жетекшісі философия ғылымдарының кандидаты, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кантарбаева Ж.У.
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі