Тобықты елі мен Қаржас елі арасында жер дауы шығып, оның аяғы үш-төрт жылға созылыпты. Айтылған бітімге екі жақ келісе алмай наразы болып, жоғары жаққа шағым жасап, билікті бұздыра беріпті. Сөйтіп, бұл дау төтенше съездің талқысына түсіпті. Съезде тобықтылар атынан Құнанбай би, Қаржас жағынан Шорманның Мұсасы сөз сайысына түсіпті. Екі би біраз айтысып, бір бітімге келе алмапты.
Мұса кезекті бір сөзінде:
— «Менің ата-бабама бақыт қонған, біздің мәртебеміз биік, салмағымыз басым, байтақ жатқан елім бай, көкорай шалғын жерім бай, шалқып жатқан көлім бай» деп, өзінің байлығын термелеп мақтана беріпті. Сонда Құнанбай би оған былай депті:
— Пұт болдым деп мақтанба,
Пұттан ауыр батпан бар.
Биікпін деп мақтанба,
Асқар-асқар таулар бар,
Ар жағында аспан бар.
Басыма бақыт қонды деп,
Тосылмаймын енді деп,
Алдаушы жалған дүниеге,
Ғапыл болып азбаңдар.
Қарсы келген дұшпаның,
Басын келіп изесе,
Оғанда қыл бостандық,
Аяққа салып баспаңдар.
Бақ тайса ажарына қарамайды,
Біреуді біреу сырттан табалайды,
Басыңа қарапайым бір іс түссе,
Болды деп білместіктен шамалайды.
«Адамның басы Аллаһтың добы» деген,
Дәм тартса әр тарапқа домалайды.
«Бәрекелді, Құнекең тауып айтты», — деп ел разы болыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі