Баукең (Б.Момышұлы) құпия жазбаларды дінге, сенімге, ұлтқа қатысты дүниелерді орысша емес, араб әрпімен жазып отырыпты.Ол туралы келіні Зейнеп апа да растайды: «Мен шәй мәзірін салған ыдысымды көтеріп атаның бөлмесіне бардым. Аласа үстелдің үстіндегі темекі қалдықтарына толып қалған күлсалғышты ала бергенімде, ашық жатқан дәптердің бетіне ірі араб әріптерімен жазылған қысқа үш жолға көзім түсті, бірақ оқымадым. Күлсалғышты тазартып алып келсем, атам дәптерін әлі алмапты. Тағы да жазуға еріксіз көзім түсті, шыдамымды тежемей оқып үлгердім.
Найзаны ұшына қарамағын,
Оның тұтқасын ұстаған
Қолдың күшіне қарағын, — деген жолдар екен.
— Көзіме тұра қара! — оқыстан шыққан дауыстан жүрегім жарқ етті.
— Шыныңды айт араб әріптерін оқи аласың ба?
— И-и-ә, — дедім, неге екенін, аяқ асытанан кекештеніп.
— Шекем қызған екен! — маңдайын алақанымен сарт еткізді.
Мен сасқалақтап қалдым.
— Сорым қайнаған екен! Құпияларымды жазғанда осы әріптерді пайдаланушы едім, енді қайттім? — дегенде амалым таусылып жүзіне қарасам, атам мұртынан күліп отыр екен. Әзіл екеніне көзім жеткен соң:
— Кешіріңіз, бақырайып тұрса... еріксіз оқыдым, деп шынымды айттым.
— Балам, егер сөздің жөніне көшсек, бұл әріпті білгенің өте жақсы екен. Менің жазбаларымның әжептәуір бөлігі араб әріптерімен жазылған. Бала кезімде сауатымды осы әріптермен ашқанға ма, қол оңай жүгіреді. Кейін Бақытжан (баласы) қолжазбаларымды өзгенің көмегінсіз оқи алмайды-ау деп ойлаушы едім, енді қарасам сен бар екенсің, деді».
Батырдың араб әріптерімен жазған көп жазбалары әлі де толықтай баспа бетін көрмесе керек. Өйткені Бауыржантанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов батырдың 30 томдық жинағы жарияланғанда, әлі де 15 томдай мұра қалғанын тілге тиек еткен болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі