Түрікмен елінің бізге көршілес Балқан облысының орталығы Небиттаудағы көрнекті алаңда кеңестік кезеңде Лениннің еңселі ескерткіші тұрды. Түрікменстан Тәуелсіздік алғаннан кейін әлгі ескерткіштің орнына бұрынғыдан да үлкен ғып сол елдің басшысы Сапармұрат Ниязовтың жарқыраған қола мүсіні қойылды...
Тоқсаныншы жылдардың басы болатын, бір топ қаламгер әлгі ескерткіштің жанына барып қарап тұрғанбыз. Бір кезде түрікменнің белгілі сатиригі, сықақшы Пыхы Таған: "Осының басып алмалы-салмалы, яғни бұрандалы ғып жасау керек еді", — деп қойып қалды. Бәріміз жалт қарадық. "Өздеріңіз ойлаңызшы," — дейді ол күліп, — осы ескерткішке қыруар қаржы, қаншама мыс кетті. Кейіннен мұны тағы өзгертіп жатпасымызға кім кепіл? Ал, егер мен айтқандай болса, көп шығып шығармай-ақ басып ауыстыра салады..."
Өткен жылы түрікмен елі басшының бақилық болғаны баршаға белгілі. Жуырда менің Небиттау қаласында болуыма тура келді. Бүгінде Түрікмен басшының бұл елде шығатын әрбір газет-журналдың бірінші бетінің қақ маңдайында күліп тұратын суреті көрінбейді... Телеарналардың шекесінде тұратын бейнесі де алынып тасталған... Енді ғана еркін тыныстай бастаған жұрт ендігі кезек ақшада, содан кейін әрбір ауыл-аймақта, кент пен қалада тұрған ескерткіштерде дегенді айтады... Кім білсін...білетініміз от ауызды, орақ тілді Пыхы Тағанның айтқаны ел ауызында қалыпты, ұмытылар емес...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі