— Құлыным, бері келші, — деп анам орнынан тұрды да, бас жағындағы ілулі кермеден ала баулы тұмарды шығарды, — кел, мынаны мойныңа тақшы.
— Ой, ол неге керек, мойынды қышытады, — дедім анама еркелегім әрі сөйлеткім келіп, — қажеті жоқ нәрсе ғой.
Үндеген жоқ, ишара жасап ұмсына берді. Терезеге таяу тұрған анамды бүгін көргендей жүзіне үңілдім. Соңғы кезде жиі ауыратын.. Еңкіш тартып, әжімі тереңдеп кетіпті. Аппақ самайын жаулық астына жасырды. Ұшқындап тұратын нұрлы жанарын мұң кіреукелеген. Әлсіз саусағымен жүзімді аялай сипады. Омырауымды ашып ем, мойныма тұмарды асып, маңдайымнан өпті.
— Бәле-жаладан қорғайды, тастамай тағып жүр, құлыным! Бар-жоғы екі-ақ күннен кейін анаммен мәңгіге қоштастым. ... Шақырып тұмар таққаның дәміңнің таусылайын дегенін сезгенің ғой. Сыйлығың бар да өзің жоқсың... Маған бойтұмардан гөрі, өзің қымбат едің, әлі де жүре тұрғаның жақсы еді ау... анашым!..
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі