"Ақтаудың түбіндегі темір жол стансасында Күзембай деген ағаң бар, есіңде жүрсін", — деген әкемнің сөзі жадымда қалды. Ұмытпасам 1985 жыл болса керек. Сәбидолла есімді ағамыз екеуміз Күзекеңнің үйіне іздеп бардық. Обалы не керек, ағамыз жақсы қарсы алып, кезінде әке-шешемізден көрген шапағатын айтып отырды. Жеңгеміз де иманжүзді жан екен. Біз жөн сұрасып отырғанымызда жастары менің аяғымды қуып қалған және одан кішілеу жігіттер кіріп-шығып жүрді. Өз басым әлгілерді жақын тартып, ағамыз оларды қасымызға отырғызып, таныстырар ма екен деп ойлап қоям. Бірақ Күзекең олай жасамады. Мұнан кейін де ағамызды той-садақаларда көріп жүрдік. Амандық-саулық сұрасып, бізді іштартып тұрады. Бірнеше жылдан кейін ағамыз да, жеңгеміз де о дүниелік болды.
Олардың артында балалары қалғанын білеміз. Бірақ танымаймыз. Өздері ыңғай бермеген соң біз солай едік деп жабыса кетудің де ыңғайын таба алмаймыз...
Міне, осылайша кезінде алыста тіпті, басқа республикада жүрсе де бірін-бірі ұмытпай сыйласа, араласа білген рулас шалдардың балалары біздер бүгінде іргелес отырсақ та, бір-бірімізді жыға танымаймыз. Шынын да ағайын арасы алшақтауының, бір-біріне жат болуының бір мысалы, сәті түскенде танысып-біліспеуінен емес пе екен, кім білсін..
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі