Өлең, жыр, ақындар

Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын адамгершілік тұрғыдан талдап көру

Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа леп әкелген ақынның бірі – Оразақын Асқар. Ол жаңа тақырыппен қатар, күллі қазақ халқына ой саларлық тамаша туындыларын жазды. Соның бірі – «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.

«Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде ақын биік адамгершілік пен қатар кісілік келбетін де көрсетеді. Туған халқына деген асқан махаббаты мен жанашырлық сезімін өлеңге өріп жазады.

Өлеңнің тақырыбына келер болсақ, қилы кезеңдерде тарыдай шашырап кеткен қандас бауырларымызға арналған. Қазақ диаспорасының ығысуы сонау «Ақтабаннан» басталады.Одан бергі ашаршылық, коллективтендіру, сталиндік репрессия халқымыздың бас сауғалап қашуына себеп болды. Міне, осындай тағдырлы қазаққа автор үндеу тастайды. Ақын: «Атажұрт шақырады тұқымым деп, Құшағын байтақ дала, тауың да ашып» деп, өз бауырларына үн қатады. Мұндағы «атажұрт» дегені кең-байтақ қазақ даласы. Автор, сонымен қатар, ата-бабамыздың ежелгі арманы орындалғанын тілге тиек етіп, бауырластарына елге қайтуды өтінеді. «Ілінбеу үшін елдік бірлік керек, Ешқашан енді ешкімнің қармағына...» деп, оларды елге шақырудағы мақсатын да айтады. Яғни, бірлікте болсақ, іргеміз шайқалмайтынын, ешқандай жаудың бізді ала алмайтынын сөз етеді.

Ақынның қандастарына үндеу тастауы оның биік адамгершілік тұлғасын көрсетеді. Өз бауырына деген жанашырлықты да ақынның көңіл күйінен көреміз. Ақын еліміздің азаттыққа қолы жеткенін айтып, қандастарын жігерлендіреді. «Қандастар қапы қалма, орны бөлек, Күнде өз әнұраныңмен оянудың» - деп, рәміздеріміздің маңызын да түсіндіре кетеді. Расымен де, халқымыз: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», деп ұрпағына аманаттаған. Міне, осы идеяны автор өз өлеңінде ашып көрсетеді. Осыдан туған жердің адам баласы үшін қаншалықты қымбат екенін де байқаймыз. Себебі, сан ғасырлардағы даламызда болған шайқастардың дені туған жердің азаттығы үшін болды. Осыны түйсінген адам ғана ұлт мүддесіне қызмет етеді деп білемін.

Сонымен қатар ақын, «Бәріміз ұйымдасып көркейтейік, Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін» деп, тағы да мақсатын айқындап көрсетеді. Еліміздің «Мәңгілік ел» болуы үшін жер бетіндегі қазақ деген ұлт бірігуі тиіс. Сонда ғана төрт құбыламыз түгел болады деп түсінемін. Ақынның осы өлеңді үндеу етіп арнағандағы негізгі ойы бар қазақтың басы қосылса деген асқақ арманынан туған деп ойлаймын. Менің ойымша, жүрегі «қазақ» деп соғатын қандастарымыз елге оралып жатыр. Десе де, әлі қаншама қазақ елге қайта алмай жүр. Мемлекетіміз «Көші-қон» заңын бекітіп, бауырластарымыздың елге оралуына жағдай жасап отыр. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы да өтті. Міне, осы жасалып атқан игі істердің барлығы автордың азаматтық ойымен дәлме-дәл келеді. 

Қорытындылай келе, ақынның: «Қожа боп өз жеріңде өз еліңе, Не жетсін тер төгуге соны ұғып» деен өлең жолдарымен ойымды түйіндеймін. Мен де жат жерде жүрген бауырлас ағайындарды елге шақырамын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Сара

пайдама жарады, рахмет!

Bek

ай бәрін жазу керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз