Өлең, жыр, ақындар

Махаббат мұңы. Драма

ҚАТЫНАСУШЫЛАР:

Ләззат — ақын қыз.
Нияз — ақын.
Апа — Ләззаттың Апасы.
Салиха — сыншы, Ләззаттың бірге оқыған құрбысы
Бағила — Ләззаттың бірге оқыған құрбысы.
Қуантай — ғалым.
Нарқоспақ — Бағиланың күйеуі.
Студенттер.

БІРІНШІ БӨЛІМ

«Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынан асып төгілетін кез болады. Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге деген ықыласы жіңішкеріп барын, үзіліп кетеді. Бүгінгі кездесу Ләззат көңілінде қалған қимастықтың соңғы талшығын үзді. Ләззат терезе алдында. Ауыр ойда. Кеудесі толқып басылады. Бірте-бірте сынық жүзі анық көрінеді. Шашына ертерек ақ кірген, есейіп келе жатқан'әйел. Біз оны үлкен күйзеліс халінде көріп отырмыз. Апасы кіреді. Қызының қиналып тұрғанын байқайды. Аз уақыт үнсіз бақылайды, Ләззаттың қасына келеді.

Апа. Мына бір тұрысын ұнатпай қалдың-ау. Неғып тұрсың Ләззат?

Ләззат (түсінбей). А?

Апа. Тіпті меңіреу боп кетіпті. Неғып тұрсың деймін, қалқам. Сырқаттан амансың ба?

Ләззат. А-а... Жоқ... жоқ, aпa.

Апа. Қартайдым-ау деймін, секемшіл боп барам. Ендеше кішкене бой жазып қайтасың ба, әлде тай берейін бе? Тегін емес қой, бұл сірә, түрінен қорқам, дәл осындай кескінін көрген жоқ едім.

Ләззат. Мейлің, апа.

Апа. Ләзтай, ендеше мен шай қойып жіберейін. Ойпыр-ай, күйреп қалған түрің бар-ау, қалқам, арты қайыр болғай-ақ та. Екеуміз отырып шай ішейікші. Салиханы да шақырайық. Әлгі Қуантай да бүгіп соғам деп еді. Ойпыр-ай көзінде бір сұмдық бар ғой. Бүгін бір бас қосып, сөйтіп шүйіркелесіп отырайықшы.

Ләззат. Не дейсің апа?

Апа. Шай ішейік деймін. Салиханы шақырайық.

Ләззат оқыс ұмтылып Апасын құшақтай алады.

Солай үнсіз тұрады.

Апа. Айналайын, көңілің жүдегенде апаңның қойнына тығылатын әдетің есіңе түсті ме? Мауқыңды баса ғой, қалқам.

Ләззат. Апа, менің оп алтыға шыққан жылым ғой деймін. Сол жылғы көктем есіңде ме?

Апа. Ә-ә, есімде. Құдайға шүкір, кішкене шешілейін деді. Сол жылы бір қызғалдақ теріп, қуанып қайтып едің-ау. Әлі көз алдымда. Көңілің алып-ұшып, қАпаттанып келіп едің. Сонда менің бауырыма тығылып, қиялданып ұзақ отырдың.

Ләззат. А-а... Бірақ енді отыздан асқан әйелдің Апа құшағына тығылуы жараспайды екен. Бұ да бір алданыш қой. (Апа құшағынан тез босанып.) Апа, барып шайыңды әзірлей қойшы.

Апа. Жарайды, қалқам. (Шығады.)

Ләззат (ауыр ойда). Алданыш... Өміріңнің аяулы шағын алданышпен өткізіп алсаң... Ей, адамдар... Айналайын туғандар... Жалғыз минут тыңдаңдар!.. Мен сендерге көп болды сыр шертпедім... Қазір түгел көкірегім өрт менің... Көкірегім өрт менің... Қазір менің ессіз шөлім басталды... Еш қайнардан қанбаған... Ей, адамдар, айналайын жыр кені, менің осы қайнарымнан қанып іш. Әкем өлген кезінде де бұл мені... Өртемеген өкініш... Өртемеген өкініш...

Сахна қараңғылАпады. Мұңлы қайғылы музыканың жалғасы көктен тасқынына ұласқандай, аяғы жадыраңқы күйге ауысады. Дала көктемі. Алыс қыратта өрттей лаулаған қызғалдақтар. Он алты жасар қыз бала Ләззат сол қызғалдақтарды қуып келеді. Қызғалдақтар от болып ойнап, еліктірін шақырып, бірде алдынан, бірде оңынан, бірде солынан көрінеді. Ләззат кейде таңырқап тұрып қалады. Көктемгі қуанышпен бірде көкірегінде жыр туып келе жатқан сияқты. «Қызғалдақ дәурен — қыз дәурен»... деп күбірлеп ойланып тұр. Іштен тебіреніп жыр туып келе жатқандай үнсіз күбірлейді. Бір кезде сол жырды естігендей боламыз.

Ләззат. Қызғалдақ қуып... қызғалдақ қуып... Құмардан шығатын болдық, құрбым-ау. (Қайталап.) Қызғалдақ қуып құмардан, Шығатын болдық, құрбым-ау (пауза). Жарқылдап... жарқылдап жанған... алаулап. Айнымай жатқан... Айнымай жатқан қыр мынау. (Қайталап.)

Жарқылдап жанған алаулап
айнымай жатқан қыр мынау!
Қызғалдақ қуып құмардан,
Шығатын болдық құрбым ау
Жарқылдан жатқан алаудан
Айнымай жатқан қыр мынау!

Сахна айналады. Ләззаттың Апасы. Алдында үлкен сандық. Соның ішіндегі қыста сақталған киім-кешекті ақтарып, кептіруге әзірлеп жатыр. Көкірегі сезімге толы шешесін құшақтай алады. Апасының да өңі жарқын; қызының ерекше халін күні бұрын күткендей, таңырқамайды,

Ләззат. Апа... Апатай...

Апа. He қалқам?

Ләззат. Mен саған бір керемет айтайын ба?

Апа. Айта ғой, қалқам.

Ләззат (айнала толқып). Жоқ, айта алмаймын. Дала... дала бар ғой... бусанып тур.

Апа. А-а...

Ләззат. Апатай, неге түсінбейсің. Керемет деймін. Жапырақтарға жан бітіп, жусан мен боз сыбырласып тұрғандай. Бұрын неғып байқамағанмын. Шөптің де сыры болады екен ғой. Ал, дала бар ғой, кеудесі көтеріліп, басылып, рақаттанып дем алып жатыр. Кәдімгідей бойы балқып, рақаттанып жатыр. Ғажап деймін. Mен соның бәрін түсіндім, апатай.

Апа. Нені түсіндің, қалқам?

Ләззат. Бәрін түсіндім деймін. Даланы... бозторғайды. Қызғалдақты... қызғалдақ күлімдейді. Күлкісі ғажап, нұрлы күлкі. Қызғалдақ... Қызғалдақ... Мен өлең шығардым, апа.

Апа. Айта ғой, күнім.

Ләззат. Қазір. (Ойланып.) Қызғалдақ... Қызғалдақ дәурен... қыз дәурен... ұмытып қалдым. Көп... көп өлең шығарып едім. Әйтеуір, өлеңді айта берген сияқтымын. Кілең бір сөзі жоқ елең. Сөзі жоқ өлең бола ма, aпa?

Aпа. Неге болмасын. Ондай да болады. Тілі түскірі мүкіс болса, кісі ішінен толғАпады.

Ләззат. Білмеймін, мен бір өлең шығарған сияқты едім. Даланың өзі толып тұрған өлең сияқты...

Апа. Көкірегіңе бір нұр құйылған екен, күнім. Қуанышыңнан айналайын.

Ләззат. Рас айтасың, апа. Біздің бәрімізді күтіп тұрған бір зор қуаныш бар. Алдымызда үлкен той бар сияқты... Әйтеуір, не де болса бір жақсылық бар, апатай.

Апа. Әркімнің бір көктемі болушы еді. Сенің де көктемің келген екен ғой, қалқам.

Ләззат. «Әркімнің бір көктемі бар» деймісің. Сонда әр адамның көктемі біреу-ақ бола ма?

Апа. Оны кісінің көңілі біледі. (Сондықтан ескі қуыршақты алып.) Мынаны енді қолыңа алмассың. Айғаншаның қызына апарып бере ғой. Жоқ-жітік адамдар ұсақ-түйекке де тапшы.

Ләззат қуыршақты қолына алып кете береді. Сахна айналады. Енді Ләззаттың қарсы алдынан құрбы жігіт Қуантай келе жатыр.

Қуантай. Ләззат, бүгін ауыл сыртына алтыбақан құрғалы жатырмыз. Келесің ғой? (Ләззат үндей қоймайды.) Мынау қолыңдағың не? Өзің дырдай болып қуыршақ ойнап жүргеннен саумысың?

Ләззат. Қуантай, сен бүгін қырға шығып көрдің бе?

Қуантай. МАпа фермаға барын келгенмін.

Ләззат. Дала бүгін ғажап емес не? Рас қой, ә?

Қуантай. Несі ғажап?

Ләззат. Қызғалдақ, жусан... Дала бусанып тұр.

Қуантай. Өзің не айтып турсың, Ләззат. Мен қызғалдақ пен жусан көрмеппін бе?

Ләззат. Жоқ, сен даланың ән салғанын көрдің бе? Даланың... Әуенін естідің бе?

Қуантай. Не дейді?.. Өзің әуейі боп кеткенсің бе? Ха-ха-ха... Қой, кешке алтыбақанға кел... Даланың ән салғаны... хе-хе-хе... (Шығады.)

Ләззат (жалғыз). Сен түк түсінбейсің, студент болсаң да түк көрмейтін соқырсың... (Қуыршақты байқаусыз кеудесіне қысып алған екен, енді соған қарап.) Енді сен де түк түсінбейсің. Мылқаусың. (Ойланып қалады. Өзі де байқамай, ақырын күбірлеп елең оқиды.)

Қызғалдақ қуып құмардан
Шығатын болдық құрбым-ау.
Далаға бүгін нұр жауған,
Нұр жамылған қыр мынау.
Білмедім қанбас сыр ма бұл,
Жазылмай қалған жыр ма бір...

ҚараңғылАпады: Келесі сахна — студенттер жатақхАпасы бөлмесінің бір бұрышы. Ләззат столда жазып отыр. Көзілдірікті, кішкентай арық қыз Салиха кітап оқып жатыр. Ләззат ойланып қалған, өзі де сезбей шынашағымен столды тықылдатады.

Салиха (басын көтеріп. Ләззатқа аз уақыт үнсіз қарайды). Мүмкін, бізге де сабақ оқу керек шығар.

Ләззат (түсінбей). А?

Сaлиха. Столды сабамасаң шабытың келмей ме?

Ләззат. Қайдағы стол?

Салиха. Алдыңдағы.

Ләззат. Ғафу ет, Салиха.

Салиха. Шабытыңды үркітіп жібергенім үшін, сеп ғафу ет. Шыныңды айтшы, осы

сенің ақын болмақ ойың бар ма?

Ләззат. Білмеймін.

Салиха. Жасырмай-ақ қой, ниетіңді білемін. Одан да мен саған бір ақыл айтайын, соны тыңда.

Ләззат. Қандай ақыл.

Салиха. Сен оқуды таста.

Ләззат. Тастағаны несі?

Салиха. Көп оқысаң ақылды боп кетесің. Ал, ақын адамға ақылдың керегі жоқ.

Ләззат. Неге керегі жоқ.

Салиха. Осы күнге дейін соны білмейсің бе? Ауылдан келген қыздан не сұрайсың... Өлеңнің қайдан туатынын білесің бе, өзің?

Ләззат. Білмеймін... бастан туатын шығар.

Салиха. Өлең сезімнен туады. Ал, ақылдап ғылым туады. Сондықтан да ақын болатын адамға — оқу деген қып-қызыл зиян. Ұқтың ба, мұңлық. Бағила қалай «Мұңлық» деп атыңды тауып қойған. Несіне қарайсың?

Ләззат. Жоқ, қарап отырған жоқпын.

Салиха. Көмейіңді түсінем. «Сенің өзіңе қойған атың келісіп тұр ма» демексің ғой? Маған «Құрбақа» деп ат қойды. Құрбақа...

Ләззат. Жоға...

Салихa. Несі бар. Құрбақа... Мұп-мұздай болғанмен о да тірі жәндік. Құрбақа. Өзімнің соған ұқсастығымды кішкентай кезімнен сезетінмін.

Ләззат. Қойшы, Салиха. Сол Бағиланың сөзін... сөз деп.

Салиха. Иесі бар. Бағила дуалы ауыз. Жындының айтқаны келмейді, сандырақтағаны келеді деп, екеумізге атты тауып қойған.

Ләззат. Салиха. Осы сен неге өзіңді жазғырып, қорлап сөйлегенді жақсы көресің?

Салиха. «Жақсы көресің?» Иә, жақсы көрем.

Ләззат. Сен, ғафу етші, мен ойымды жеткізіп айта алмай жатырмын... Тек, өзіңді орынсыз кемсіткеннің қажеті қанша дегенім ғой?

Салиха. Ақылсыз. Мұңлық, сен оны түсінбейсің ғой. Оның атын жаттығу дейді.

Ләззат. Жаттығу?.. Сонда қорлық көруге, мазақ болуға жаттығасың ба?

Салиха. Иә... (пауза). Сен қазақтың «Шаман айтпай жақсы жоқ» деген мақалын білесің бе? Сондықтан да адам әрқашан жамандықты күтіп алуға даяр тұруы керек. Жақсылықтан өлген кісінің моласын көрген жоқпын.

Ләззат. Сенің философияңа түсінбей-ақ қойдым. Олай өмір сүруге болмайды ғой.

Салиха. Аңқаусың-ау, Мұңлық. Тек солай өмір сүргенде ғАпа кісі күшті болады. Қорлықтан, мазақ пен табадан қорықпаған адам құдайдан да қорықпайды.

Бағила кіреді. Қасында ұзын бойлы, түйе сияқты болбыр, келеңсіз жігіт Нарқоспақ.

Бағила. Қыздар-ау, мен сендерге қызық айтайын ба, біздің әлгі кружоктің бастығы бар ғой...

Салиха. Тоқта, алдымен көлемін айтшы. Неше қаншық өсек әкелдің?

Бағила. Мен саған бола айтып жатқаным жоқ, Құрбақа. Қарқылдамай жөніңе отыр.

Салиха. Сонда кімге бола айтасың? Айтпақшы, Апа жігітіңді таныстырмайсың ба? Жас жігіт, сіз жоғары шығыңыз. Айып болмаса танысып қоялық, естіген шығарсыз.— Менің атым Құрбақа. Мына қыздың аты Мұңлық. Ал, еріп келген қызыңыз өз атын өзі айтқан шығар.

Нарқоспақ. Е, оны білем ғой, Бағила ғой.

Бағила (Нарқоспаққа). Сен шыға тұр. Қыздардың сөзін тыңдап қайтесің.

Нарқоспақ. Мен кетіп қалмайын ба?

Бағила. Кетіп қалма, күте тур.

Нарқоспақ шығады.

Ләззат. Мына жігітің кім?

Бағила. Нарқоспақ қой. Біздің ауылдың баласы.

Ләззат. Есімі Нарқоспақ иа?

Бағила. Түйеге ұқсас болған соң атап кеткен ғой. Мен әлгі не айтайын деп едім. Ә-ә... Иә... Біздің әлгі кружокті басқаратын жігіт бар ғой — сол шынымен ақын екен ғой. Оның өлеңіне композиторлар ән де шығаратын көрінеді. Әлгі, «Жан сәулем», «Ғашық жар» деген өлеңдер сонікі екен ғой. Ойбай-ай, қарай гөр-ай.

Ләззат. Сен соны жаңа білдің бе?.

Бағила. А? Сеп оны бұрыннан білетін бе едің? Ойпырмай, Мұңлық-ай, сенің ішіңде ит өліп жатса да адам білмейді-ау. Соның бәрін біліп қой, үндемей жүрсің. Білгенінің бәрін ішіне жиған адам іш құса болады, деуші еді менің Шынар жеңешем. Қалай ғАпа ішің жарылып кетпейді екен...

Салиха. Білгенде немене — сенен сүйінші сұрай ма. Сүйінші берсең мен айтайын — оның кітап болып шыққан өлеңдер жинағы да бар.

Бағила. Мәссаған, мен оны әшейін біреу ғой деп жүрсем. Сонда кәдімгідей тасқа басылған ба?

Салиха. Иә, тасқа басылған. Бірақ өлеңдері маған ұнамайды. Тым тәтті.

Ләззат. Неге?.. Оның өлеңдері жақсы. Нағыз сыршыл өлеңдер.

Бaғила (Салихаға). Ойбай-ау, мынаны қара-ай, тасқа басылған өлеңді жамандайды. Екінші курс бітірмей жатып білгішсінуін дара. Сонда Апа кітап басатын қасқалар сені мен менен кем біледі деп пе едің. Шамаң өлеңді тасқа басса, жоғары жадтағылар олардың да сазайын беретін шығар.

Ләззат. Жоқ, Салиха, сен жаңсақ айтасың. Нияздың өлеңдерінде ажал сезімі күшті. Оқығанда адамның жүрегін тебірентеді.

Салиха. Е-е, сені де тебірентіп үлгерген екен ғой.

Бағила. Е, тебірентсе несі бар. Ол бір тебіренуге татымайтын жігіт пе? Құрбақаның сөзін қайтесің. Мұңлық-ау, одан да сен бүгінгі мәжіліске Ниязға өлеңдеріңді оқып бер. «Қызылы бар қызға қырқылжың да қызығады», деуші еді Шынар жеңешем. Мен бір нәрсе байқасам бар-ау, осы соның саған сүзіліп қарауы жаман, құдай біледі, сенің өлеңдеріңді мақтайды.

Ләззат. Жоқ, оқымаймын.

Бағила. Неге?

Ләззат. Егер ол ұнатпаса — қолыма енді қайтып қалам ұстамай кетуім мүмкін.

Сахна айналады. Үш-төрт столда талапкер, әдебиетші студенттер отыр. Арт жақтағы Бағиланың қасына келіп Ләззат та отырады. Кружокті басқарушы Нияз бір студенттің өлеңін оқып талдап тұр.

Нияз. Сөйтіп өлеңіңнің тақырыбы қандай?

Студент. Ағай, осы күні актуалды тақырыпқа ж азу керек деген соң — енді сол мал шаруашылығы жайлы жазып едім.

Нияз. Кәнекей... Осы қыздың өзі былай тартымды екен. Тек тұйықтау ма қалай... Өлеңінің аты «Қойшы сөзі!» дейсің бе? Іһі, дұрыс екен, (Оқиды.)

«Mен өзім бұл жарыстан оза аламын,

Жүз саулықтан жүз елу қозы аламын».

Күліп.) Бір ағаң. «Жүз биеден жүз құлып аламын деп, Отанға берген аптым бар» деп сілтеп еді, сеп енді саулыққа көштің бе, бауырым... Өзінің күлкісі әдемі екен. Маған сүйсіне қарап отыр. Ұнатып қалды-ау деймін.

Студент. Ағай, осы күні машина бар деп жылқышы азайтып жатыр ғой, қой дегенің қазіргі колхоз өндірісінің ең маңызды саласы болған соң.

Нияз. Бірақ ол поэзияның маңызды саласы емес, бауырым. (Студенттің дәптеріне қайта үңіліп.) «Қуырдақтың үлкейіп түйе сойғанда көресің» деп нағыз мықты жолың кейінде жатыр екен ғой. «Қойым семіз болғанға өзім семіз, саулықтарым қос-қостап табады егіз». (РақаттАпа күледі.) Нағыз сөз маржанын соңғы жағына сақтаған екенсің, бауырым.

Студент (түсінбей, езу тартып, ыржиып). Ағай, сонда менің өлеңім сізге ұнады ма?

Нияз. Жоқ, бауырым, өлеңің нашар. Баланы жастан деген, жас болсаңдар да айтайын: поэзияға қатал болу керек. Сендердің алдарыңда да өлеңді қорлаушылар аз болған жоқ. Сендер тек соның тобын көбейтпеңдер. Поэзияға зәбір көрсетпеңдер, бауырларым. Тереңнен, тұңғиығыңнан тебіреніп шықпаса өлең болмайды...— Өзі маған сүйсіне қарап отыр. Ұнатып қалдым-ау деймін...— Бірақ қанша тебіренсең де, ойнақы ұшқырлығы, сыңғырлаған сұлу сазы болмаса тағы да болмайды. Бұл өлең деген құрғырыңыз, адам баласының басына бермесін, нағыз қияметтің кәсібі...— Балапандай үрке қараған түрі-ақ сүйкімді. Осының аты Ләззат па еді?— Мен сіздерді өлеңнен біраз үркітіп тастадым ба, қалай. Бірақ «арыстан айға шауып мерт болғанмен, баласы арыстанның етпей қоймас» деп Мұхтар Әуезов айтпақшы — шын ақын бәрібір өлең жазбай қоймайды.

Бағила (Ләззатқа). Әнекей, саған тағы да қарады.

Осы көзқарасы құдай біледі тегін емес. Несіне бұға бересің, өлеңіңді көрсетсейші.

Ләззат. Қой деймін, Бағила.

Нияз (Бағилаға). Сіздің бір нәрсе айтқыңыз келіп отыр ма?

Бағила. А, жо-жоқ, тек әшиін.

Нияз (Ләззаттың қасына келіп). Сіз неге өлеңіңізді көрсетпейсіз? Оқып көрелік, қолымыздан келгенше жәрдем етерміз мүмкін.

Ләззат. Өлеңім жоқ.

Бағила. Өтірік айтады. Бар. Несіне қысыласың, сеп де оқы. Өлең жазатын адамның мүйізі қарағайдай ден пе едің?

Нияз (Ләззаттың қолындағы дәптерін көріп). Дәу де болса осы дәптеріңіздің іші толғап өлең болар, бауырым. Қысылмаңыз оқылық. (Ләззаттың қолындағы дәптерді алады. Біраз үңіліп барып оқи бастайды.)

«Қызғалдақ қуып құмардан
Шығатын болдық құрбым-ау,
Далада бүгін нұр жауған,
Нұр жамылған қыр мынау.
Гүл де әсем мұнда көр міне,
Қап-қара мақпал түп де әсем,
Толқымай жатқан көлді де
Толқисың көріп мұнда сен...

Мынау өлең ғой. Ал, бауырларым, нағыз өлең мұнда жатыр екен! (Ішкі толқынмен жиі іркіліп, ақырын оқи береді.)

Тау да әсем, жалтыр көк айдын,

Қауырсын қАпат бау да әсем.

Байқайсыңдар ма, бауырларым... «Қауырсын қАпат бау да әсем», «қауырсын қАпат бау» деген неткен ғажап образ.

Қауырсын қАпат бау да әсем,
Зер шашақ шығы тоғайдың
Шашылғалы тұр «әу» десең.
(Толқып.) Ғажап.
Зер шашақ шығы тоғайдың,
Шашылғалы тур «әу» десең
Қай-қайдағы ыстық балдырған
Сағынышыңа от себер.
Шүрегей үйрек алдыңнан
Шүйкілдеп - ұшып кетсе егер.
Басайық бауырым ілгері.
Сазанды сайлар қайда екен.
Мынау сай сәби күндегі,
Мен тұзақ құрған сай ма екен?
Тырналар мынау кеудемнен
Сусылдап ұшқан құс па екен?
Жанымды менің тербеуден
Бір тынбай қалай ұшты екен?!
Білмедім қанбас сыр ма бұл.
Жазылмай қалған жыр ма бір..,
Неткен ғажайып сурет... Мөлдіреген сезім... Нағыз ақындық сезім.
Білмедім қонбас сыр ма бұл,
Жазылмай жатқан жыр ма бір.
Қай жерлерде ұшып жүр екен,
Ұстатпай кеткен қырғауыл.
Дариға менің алдымнан
Тағы бір өтсең кес-кестеп.
Қырғауыл арман жанымнан,
Қалар едің-ау өшпес боп.
Жастықтың кейде сыры өзге,
Кеттің бе еске сақтамай.
Сен тоқтар разъезге
Мен кеттім бе әлде тоқтамай.
Жолығар болсам қайта мен
Тағы бір мәрте сол шақпен,
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен...
(Қатты толқып өлеңнің ортаңғы шумағын, ақырын қайталайды.)
Білмедім қанбас сыр ма бұл,
Жазылмай қалған жыр ма бір...

(Аз уақыт үнсіз отырып қалады. Студенттер де үнсіз. Сәлден кейін Ләззаттың қасына келіп, қолын алады.) Рақмет, бауырым, рақмет. Мұндай жақсы өлең оқымағаныма көп болып еді. Кәусар бұлақтай саф таза жыр екен. Ал, бауырларым, еншалла қателеспеспін, қазақ әдебиетін тағы бір тамаша ақынмен құттықтауларыңа болады.

Нияз толқын шығып кетеді. Өлеңші студент «ағай, ағай», деп қуа шығады. Студенттер қол шапалақтап, дуылдасып Ләззатты құттықтайды. Іштерінде Қуантай да бар.

Бағила. Ал, кәнекей, айтпап па едім мен саған. Саған тым телміріп қарауы жаман дегенім қайда?! Атағыңды аспанға бір-ақ шығарған жоқ па?! Бағила да біледі.

Салиха. Сен нені білесің?

Бағила. Мен бәрін де білем. Жігіттің жайын менен сұрай бер. Жігіт телміре қарады дегенше-ақ құлқыны құрыды десейші, дейтін менің Шынар жеңешем. Мұңлық болса, босқа дірілдеп, қалтырап елеңін көрсетуге қорқады. Ойбай-ау, мен сендей өлең жазсам бүкіл Алматыны шулатар едім.

Салиха. Мына Бағила сияқтыларды қойшы, өлеңнің исі мұрнына да бармайды олардың.

Бағила. Сеп не дейсің-ай, Құрбақа?

Салиха (жекіп). Жә? Ондайлар әншиін жоғарыдан мықты біреу мақтаса даурығын шыға келеді. Көп шуылдақтың сөзіне құлақ аспа. Ал, сенің өлеңің шынында да жақсы екен. Құттықтаймын. Тек, бақытсыз боласың ба деп қорқам.

Ләззат. Рақмет, Салиха, рақмет. Құрбақа десе құрбақа. Той күні де топалаң тілеп тұрады.

Салиха. Бағила, жүр үйге барайық.

Бағила. Мұңлық жүрмей ме?

Салиха. Ләззатта нең бар, жүрсейші. (Екеуі шығады.)

Қуантай - Сенің мұндай өнерің барын білген жоқ едім. Мынау өлеңді қашан жазып жүрсің?

Ләззат. Есіңде ме, Қуантай, бұрнағы жылы көктемде екеуміз бір кездесіп едік қой.

Қуантай. Қызықсың-ау, Ләззат. Бұрнағы жылы каникулды мен түгел ауылда өткіздім. Күнде көрісіп жүрмедік пе. Оның қайсы кісінің есінде қалады.

Ләззат. Сенің есіңде де қалмапты. Ол бір ерекше көктем болатын. Дала кеудесі жай теңселіп, рақаттАпа тыныс алып жатты. Қызғалдақтар күн нұрына шағылысып, өз көркіне өздері мәз болып жарқ-жұрқ етеді. Беткейдегі боздар да бірін-бірі қуып, жас қозыдай бұлтыңдап қыратқа өрлеп баратты. Жер бетіндегі тіршілік атаулының тосып мейрамының үстінен шығып, қызығып, құныға қарап қалып едім. Ең аяғы шіркей де бір түйір кеудесіне қуанышы сыймай дірілдеп ұшып жүрді. Шырқау биікте боз торғай шырылдайды. Оның тәтті әуелі алысқа шақырады. Табиғат бар сырып ашып, өз тілімен сөйлеп қоя берді. Дала тебіреніп ән салып тұрды.

Қуантай (күліп). Ә-ә, енді есіме түсті. Мен бір алтыбақанға шақырғанда (күліп) я, сонда осы «дала ән салып тұр» деп едің-ау. Сосын қызғалдақ па, жусан ба, қайдағы бір шөптерді айтып кеткенсің. Осы өлеңді сонда жазып па едің?

Ләззат. Білмеймін. Менің өлеңім ұнады ма саған?

Қуантай. Менің пікірімді қайтесің, мен бу жағынан жұрдаймын ғой. Ал, енді Апа өлеңі кітап боп шыққан ақын мақтағасын жақсы болу керек. Әр нәрсенің өз маманы бар ғой. Мен қайта Апа баланың өлеңі шаруашылыққа қолайлы ма деп қалып едім, сөйтсем оны өлең емес дейді ғой. Өлең деген де қызық екен-ау: қызғалдақ, шүрегей үйрек, сазан бәрі өлең болады екен-ау.

Ләззат. Көкірегіңде нұр болса — дүние толған жыр болмақ.

Қуантай. Әдебиетші дегендердің өзі де қызық болады екен-ау, бұрын білмеуші едім. Біздің техника кружогінде Эдисонның өзі келсе де дәл бұлай даурықпайды.

Ләззат. Қуантай, сен өміріңде, тым болмаса, бір рет даланың ән салғанын естіп көрдің бе?

Қуaнтaй. Қызықсың-ау, Ләзтай, оны қайдан естимін. Жүр, екеуміз паркке барып біраз қыдырып қайтайық. Құр алақан емеспін, сенің өлеңіңді жуайық.

Ләззат. Рақмет, Қуантай, басым ауырып тур. ЖатақхАпаға барам.

Тау қойнауы. Ләззат поп Нияз серуенге шыққан.

Нияз (көңілді). Мінекей Алатаудың бөктері. «Алатау аспанға екі-ақ елі жетпей тұр».

Ләззат (күліп). «Былқ-сылқ еткен бір сұлу қыз көкейімнен кетпей тұр».

Нияз. Өлеңнің көкесі осы ма деп қалдым.

Ләззат. Алматыға келе жатып, Алатауды алғаш көргенде ол маған жердің шеті сияқты көрініп еді...

Нияз. Аңқау бала сияқты түрі қандай жақсы.

Ләззат... Жердің шеті осы арамен бітті ғой деп ойладым. Алатаудың ар жағында Қырғызстан, қытай жері барын географиядан білсем де, соған сенгім келмеді.

Нияз. Өзін тіпті жақсы көріп барамын ба, қалай... Бүгін не де болса...

Ләззат. Сенгім келмеді деймін-ау, тіпті сенгенім жоқ. Жер дегенің глобус сияқты шар емес, шетін осы асқар таумен көмкерген жазықтық сияқты көрінді. Осындай да ақымақтық болады екен, а?!

Нияз. Күлкісі қандай әдемі.

Ләззат. Бірақ ұлылық деген нәрсе адамды таңырқатпай қоя ма? Асқар тау. «Асқар» деген сөзді жиі айтып өлтіріп алған екенбіз, осы тауды алғаш көргенде, сол сөз моп үшін қайта тірілгендей болды.

Нияз. Асқан сұлу да емес, осы қыздың не сиқыры бар сонша.

Ләззат. Сөз деген не, қызғалдақ сияқты. Күтіп ұстамасақ солып қалады. Кейде сөз маған торғайдың; балапаны сияқты нәзік көрінеді: қаттырақ қысып жіберсең өлтіріп аласың, ал босатып алсаң айрылып қаласың. Қыбын таптырмайды.

Нияз. Мұның сұлулығы көкірегінде жатыр екен ғой. Ішкі нұры сыртына шыққанда қандай құлпырып кетеді.

Ләззат. Сіз неге үндемейсіз? Осы бүгін мен мылжың боп кеттім білем. Қай-қайдағыны айтып сіздің басыңызды ауыртқан шығармын.

Нияз. Жо-жоқ. Mен сенің сөзіңді; шынымды айтсам, рақаттанып тыңдадым. Алатау туралы әдемі айттың. Ал, сөзді торғайдың балапанына теңегенің тінті ғажап. Тамаша образ. Қазақ сөз қадірін білген халық. «Өнердің алды қызыл тіл» дегенді бекерге айтпаған. Сөзді дәстүрлеу біздің ескі дәстүріміз...— Осы мен қайда лағып барамын. Әдебиетті талқылайтын жер таппағандай...— Тек қазір сол сөздің қадірін түсірін алын жүрміз ғой. Ләззат, түбі сен мықты ақын боласың.

Ләззат. Сіз мені көбірек мақтап жібердіңіз. Сіздің ықыласыңызға тати алсам жарар еді ғой.

Нияз. Мына сөзі «кет әрі» болмады-ау.

Ләззат. Апа жолы сіз менің өлеңімді оқығанда... Өзім танымай қалдым. Әншейін жабайы өлеңге жан бітіріп жібердіңіз.

Нияз. Жоқ, Ләзтай, қайта сенің өлеңің маған қАпат бітіргендей болды. «Білмедім қанбас сыр ма бұл, жазылмай қалған жыр ма бір». Нағыз мөлтілдеген поэзия ғой бұл.— Тағы да әдебиетке қарай лағып кеттім.— Ләзтай, екеуміз өткен жолы «сіз, біз» деп сызылғанды тастауға келісіп едік қой.

Ләззат. Бір түрлі үйрене алмай жатырмын.

Нияз. «Үйрене алмай жатырмын». Жоқ, үйреніскен жаман. Үйреніскен адамның еті өліп кетеді. Әр кездескенің сағынып көріскендей ыстық болмаса... Ләзтай, мен саған бір сөз айтайын деп едім.

Ләззат. Тау қандай ғажап. Бүгін бір керемет күн сияқты. Солай емес пе, Нияз? Әр адамның өзінің қуаныш күні болады. Сол күні оның көкірегіне нұр құйылады.

Нияз. Оны бақыт күні, деп атаған дұрыс болар...

Ләззат. Бақыт күпі... Сол күні адам ез өміріндегі ең үлкен мейрамын тосады.

Нияз. Сондай күнің болып па еді, Ләзтай?

Ләззат. Болып еді. «Көкірегіңе нұр құйылған екен ғой» деп еді Апам сонда.

Ләззаттың көз алдынан баяғы құлпырып ойнаған қызғалдақтар елес беріп кетеді.

Нияз. Ләзтай мен саған бір сөз айтайын деп едім. Ол — адам атадан бері қай миллион ұрпақ айтып жауыр қылған жаттанды сөз. Бірақ адамның жүрегінен тебіреніп шығатын ең асыл, ең ардақты сөз де сол.

Ләззат. О, жасаған, өзің жар бола көр.

Нияз. Мен сені сүйемін, Ләзтай.

Ләззат. Жоқ, жоқ... Мүмкін емес қой. Сіздікі махаббат емес, жай құмарлық шығар.

Нияз. Ләзтай! Білмеймін, махаббат дейсің бе, басқа дейсің бе, не деп атасаң, о деп ата. Бірақ әйтеуір менің есіл-дертім сенсің. Сенің жүріс-тұрысың, көзқарасың, кескінің көз алдымнан кетпей қойды. Mен сені түсімде де көрем...

Ләззат. Мен түсімде көрмеппін бе сені...

Нияз. Бұл бір маған келген алапат па, білмеймін. Өлең жазсам да, кітап оқысам да көз алдымда сен тұрасың.

Ләззат. Жоқ, сен менің сөзімді айтып тұрсың ғой.

Нияз. Сен менің көңілімді түгел жайлап алдың. Енді арыла алатын емеспін. Иә, иә, сенен арылу үшін өзімді өртеп жібермесем болмайды.

Ләззат. Жасаған-ау, күткен мейрамым осы ма еді менің.

Нияз. Неге үндемейсің, Ләзтай. Тым болмаса бір ауыз жауабыңды айтшы.

Ләззат. Білмеймін, Нияз. Mен өзі қапелімде... Қысылып та қалып тұрмын... күтпеген жердей...— өмір бойы күткенім осы емес пе еді.

Нияз. Неге күтпеген жерден. Мен сені баяғыдан күткенмін. Түріңді түстеп білмесем де әйтеуір бір келеріңді білгенмін. Қолыма қалам ұстаған сайын аңсаушы едім. Ылғи бұлдырап қиялымда жүретінсің. Сол сен екенсің. Жоқ, жоқ, енді мен айрылмаймын сенен.

Ләззат. Жасаған ay, енді қайттім. Осы тек түк болмағай-ақ та.

Нияз. Ләзтай, не де болса шыныңды айтшы. Егер көңілің сүймесе... Жек көрсең оныңды да жасырма. Сенің көңілің қандай болса да, менің көңілім өзгермейді.

Ләззат. Нияз... Мен тек сенің ықыласыңа татымаймын ба, деп қорқам...

Нияз. Ләзтай! (Құшақтап сүйеді.) Ләззатым менің.

Келесі сахна — жатақхАпа. Түн. Салиха сабақ оқып отыр. Сырттан Ләззат кіреді. Көңілді. Ыңылдап әндетіп жүр.

Салиха. Сіздің түнгі жортуылыңыздың бағдарын білуге болар ма екен?

Ләззат. Кинодан келдім.

Салиха. Егер құпиясы болмаса — көрген киноңның атып айтып қойсаң... Әндетіп шыққаныңа қарағанда тәуір кино болу керек. Біз де барып көрелік.

Ләззат. «Шабандоз қыз».

Салиха. «Шабандоз қызға» ертең де барасың ба?

Ләззат (таңырқап). Неге?

Салиха. Кеше де «Шабандоз қызға» бардым деген жоқсың ба? Ендеше ертең де бар.

Ләззат (күліп жібереді). Кеше де соған бардым деп пе едім?

Салиха. Дегенсің.

Ләззат. Қайтесің, қазбалай беріп, Салиха. Келші, одан да екеуміз қосылып әп салайық.

Салиха. Ол ненің ақысына?

Ләззат. Сен жақсысың, Салиха. Кел, кәнекей.

Салиха. Ay, жұрттың көбі ұйықтап қалды ғой. Қазір көршілер келіп шаңымызды қағып жүрсе. ЖатақхАпаның тәртібін де ұмыттың ба?

Ләззат. Жоқ, біз жайымен ғАпа айтамыз. Көршілерді оятпаймыз.

Екеуі қосылып әп салады.

Ләззат. Бүгін бір тамаша күн. Рас қой, ә Салихаш?!

Салиха. Сенің «тамаша күнің» тым көбейіп бара жатқан жоқ па?

Ләззат. Неге?

Салиха. Байқап жүрмін, «тамашалағаныңа» айдан арып барады. Әне бір ақының да келуін жиілетті.

Ләззат. Салиха, сеп білмейсің ғой, ол тамаша адам?

Салиха. Сенің аузыңда «тамашадан» басқа сөз қалмапты ғой. Ақын болам деп талаптанған адам, тым құрыса тілге бай болушы еді. Сенде қазір «тамаша» мен леп белгісінен басқа түк жоқ. Өлеңді қалай жазасың?

Ләззат. Өлеңді дейсің бе? Ендеше қызыл сиямен үлкен қылып «Та-ма-ша» деп жазар едім де, көп қылып леп белгісін қояр едім. Адамға керегі де нағыз сол емес пе?

Салиха. Қой, бүгін сенімен сөйлескен адам пәтуа шығара алмайды екен. Бірақ сенің ақыныңды онша «тамаша» деп айта алмаймын.

Ләззат. Неге? Ол тамаша ақын!

Салиха. Тағы да «тамаша». Көбіне ән текстерін жазады. Ал, осы күнгі қазақ әнінің оңған тексін көргенім жоқ.

Ләззат. Бекерге күнәһар болма, Салиха. Оның өте жақсы өлеңдері бар.

Ақын боп өмір көшіру оңай деймісің, қарағым,
Аузыңда болу бұл өзі сыздаған барлық жараның.
Көкірегіңе құйып ап әлемнің асқақ бар әнін
Қосудың арпалысы бұл — тоғыспас жолдар торабын.
Нақақтан күйіп баратса нұрлы күн үшін бір тұтқын
Кес-кестеп барып кеудеңді оғына тосу мылтықтың,
Қалдырмау үшін ұятқа күнәсіз мынау дүниені
Жамау қып басу өзіңді аузына барлық жыртықтың.

Ал, осы өлең жаман ба? Мен мұны тоғызыншы класта жүргенде жаттап алғанмын. Мен бұл өлеңді әрбір ақынға бой тұмар ғып тағып берер едім.

Салиха. Тым асыңқырап кеттің. Бірақ бұл өлеңі жаман емес.

Ләззат. Жақсылыққа неге сонша сараң болдың, Салихаш?! «Жаман емес». «Керемет» деген сөз неге аузыңнан шықпайды. Оның өзі қандай керемет. «Жігіттің сұлтаны» деген сөзді ауылда жүргенде көп естіп едім. Бірақ сол сөздің мағынасын Ниязды көргенде ғАпа түсіндім. Ол ерекше жаратылған жан.

Салихa. Несі ерекше? Кәдімгі көптің бірі — қара торы, құба төбел ғАпа жігіт.

Ләззат. Жоқ, жоқ. Оның қимылы, күлкісі, даусы — бәрі бөлек. Әншиін қырсығып отырсың ғой, Салиха. Болмаса оны өзің де жақсы көресің ғой.

Салиха. Мен не деп жақсы көрем?

Ләззат. Оны жақсы көрмеу мүмкін емес.

Сaлиxa. O-o... Ceн де ғашық болыпсың ғой. Шаруаң біткен екен.

Ләззат. Heгe?

Салиха. Мен сені дардай ақын болады деп жүрсем, әншиін қатын болайын деп жүр екенсің ғой. Ендеше ар жағын жинап тастай бер.

Бағила мен Нарқоспақ кіреді.

Бағила. Әй, қыздар-ау, сендер әлі ұйықтамай отырсыңдар ма?

Салиха. Әлі ұйықтамай отырмыз. (Нарқоспаққа.) Жас жігіт жоғары шығыңыз. Сізге қазан көтеруге уақыттың кештеу болып тұрғаны. Егер айып етпесеңіз...

Нарқоспақ. Жоға. ЖатақхАпада кісі қазан аса ма... Біз тойып келдік.

Бағила. Сен де кіріп кетіп пе едің?! Не бар түнде қыздардың бөлмесінде. Шыға тур.

Нарқоспақ. Жарайды. Мен кетіп қалмайын ба?

Бағила. Түн ішінде несіне тосасың. Кете бер.

Нарқоспақ. Онда ертең келейін бе?

Бағила. Ертең өзім хабарласам.

Нарқоспақ. Ал, сау болыңыздар. (Шығады.)

Бағила. Қыздар-ау, сендер не білдіңдер?! Нарқоспақ мені ресторанға апарды ғой.

Салиха. Қалай, Нарқоспағың жақсылап сыйлады ма?

Бағила, Е, сыйламай. Mен онымен текке әуре боп жүр дейсің бе.

Ләззат. Шарап та іштіңдер ме?

Бағила. Әдейі ресторанға барғасын неге ішпейік. Ойбай-ау, қыздар-ау, мен кәдімгі шампаныңның өзін сілтеп жібердім ғой. Тығыны тарс ете қалғанда, жұрттың бәрі бізге жалт қарады. Құрысын ұят екен тіпті.

Салиха. Ұялғасын ішпей қойған шығарсың?

Бағила. Ішпегені несі, сонша ақша шығарып далаға тастаймыз ба?! Тығынын ашып қойғасын...

Салиха. Құттықтаймын. Жақсы жолға түскен екенсің. ,

Бағила. Сен-ақ періште бол да отыра бер.

Салиха. Әзірге секіре тұр. Ертең дегеніне жеткесін Нарқоспағың қарасып да көрсетпес. Қаларсың еңіреп.

Ләззат. Сөзі қандай жамап еді құрғырдың. «Құрбақа» десе құрбақа.

Бағила. Несіне қорқам. Нарқоспақ түйе ғой.

Салиха. Түйенің де мінез көрсететіні болады.

Бағила (қарқылдап күліп). Бағила да біледі. Әлі сілесін қатырармын Нарқоспақтың. Зәкіске бармай тұрып жолатып, дара басып па мені?!

Ләззат. Сонда қалай? Өмірлік жолдас солай бола ма?

Бағила, Енді қалай болады.

Ләззат. Жоға... Затының хақын қолма-қол алмаса сенбейтін базардағы саудагер сияқты... Егер де адам бір-біріне қалтқысыз сеніп, шынымен берілмесе...

Салиха. Аңқаусың-ау, Мұңлық. Біздің Бағила өзінің сенімін загстың мөрімен бекітіп алғысы келеді. Mөp басқан махаббат берік болады.

Бағила. Не десеңдер о деңдер, Бағиланың өз есебі өзінде. Менің Шынар жеңешем «жігіттің әукесі қызға долы жеткенше ғАпа салбырайды» дейтін. Біле білсеңдер қыз деген ұзын тертенің ұшына байлап қойған жоңышқа — есек соны алып, жеймін деп мойнын созып арбаны сүйрей береді. (Күледі.) Сүйрей береді.

Салиха. Сөйтіп загске дейін сүйрейді ғой.

Бағила (тапқырлығына мәз болып күліп). Иә, иә... Сөйтіп әкеп зәкстің қорасына сүңгітіп жібересің де тақиясын сарт еткізесің. (Мәз боп күледі.)

Салиха. Қазіргі загстің арқаны баяғының қыл шылбыры емес. Оп-оңай үзіліп кете береді. Оны ойладың ба?

Бағила (езі масаңдау, күле сөйлейді.) Бәкең ойламаған сұмдық жердің астында ғой. Оны да білем. Шынар жеңешем айтқан: тұрмысқа шыққасын күйеуіңнің ыстығы басылғанша төрт-бес баланы тоғытып жібер. Содан кейін өзі де шырмалып қалады. Баласын қалай асырауға білмей басы қатып жүрген еркектің өзге ұрғашыға көзі түспейді.

Салиха. Тағы қандай ақыл айтып еді Шынар жеңешең?

Бағила. Шынар жеңешем бар ғой, институт бітірмеген, от басындағы әйел болғанмен, ақылы ұшан-теңіз. «Қыз-ау, сен атақты мен көріктіге, пысық пен білгірге алданба, олар әйелден жоқты іздейді, оған бойыңда жоғыңды қайдан тауып бересің. Ондайлар әйелден тез суынады. Олардан гөрі бос белбеу, болбырлау жігіт артық, илеуіңе жұмсақ болады» дейтін. Нағыз данышпан дейтін-ай өзі.

Салиха. Сол данышпаныңның өсиетін бұлжытпай орындап жүр екесің ғой.

Бағила. Е, орындаса несі бар. Ол біздің ауылға ғАпа емес бүкіл ауданға «Шынар» атанып отырған әйел. Шынар. жеңешеммен ойнама сен, Құрбақа.

Салиха, Жеңешеңді «ақылсыз» деп айта алмаймын.

Ләззат. Сен ойнап айтатын шығарсың, Бағила. Болмаса кісі сондай есеппен ғашық бола ма?! Жүрекке әмір жүрмейді ғой.

Салиха. Бағила, ойын емес, шынын айтып тұр. Айтып қАпа қоймай, солай істеп те жүрген жоқ па?

Бағила. Ақылға жеңдірген адам қор болмайды, абзал дейтін Шынар жеңешем. Бәкеңді ешкім мұзға отырғызып кете алмайды.

Ләззат. Жоқ, ол өмір емес, әшиін ит тіршілік.

Салиха. Неге? Бағиланың сөзінің жаны бар. Бірақ ең дұрысы, адам деген хайуАпаттан бойыңды аулақ ұстау керек. Түбінде бір жамандық істемей қоймайды.

Ләззат. Жоқ, Салиха! Егер білгің келсе — өмірдің шын мағынасы махаббат. Егер біреуді шынымен сүйсең — сол адам үшін құрбандыққа да қуАпа-қуАпа барасың.

Салиха. Бұл айтып тұрғаның кітаптың сөзі.

Ләззат. Болса қайтейін. Бірақ бұл қазір менің көкейкесті өз сөзім, тіпті білгің келсе — өмірім.

Бағила. Өмірім дейсің бе? Тоқта, тоқта... «Құрбандық, құрбандық» деп осы сені құдай атып жүрмесін. Әлгі ақының тым дедектеп жиілетін кетіп еді. Сол сені құртыл кеткен жоқ па?

Салиха. Сен үшін абстракциялық тақырып, ой, пікір таласы жоқ, тек қит етсе қолма қол, алым-берімге көшіре қоясың-ау. Құр сампылдамай, ұқсайшы, әңгіме бір адам жайлы емес, жалпы махаббат, өмір туралы. Бұл теориялық талас.

Бағила. Құрбақа сен, теорияңды қоя тур. Қыз бен жігіттің арасындағы теория жүрмейді. Ай, Мұңлық-ай, тым емешең құлап кетіп еді. Қудай біледі бар ғой, аман емессің сен. Айтшы... Апырай, тастай қатып қалатының-ай сенің. Нең кетеді, айтсайшы.

Салиха. Жә, сонша қадалып... Білгің келіп шыдамай бара жатсаң Нарқоспағың бар емес пе?! Ләззатта нең бар. Түн ортасы боп қалды. Жатайық.

Келесі сахнада Ләззат жалғыз. Оған қарсы Нияз келе жатады. Қолтығында сілеусін көзді ақсұр қыз. Өңі салқын, төңірекке тыжырыла қарайтын, тәкаппарлау. Әсем аяғын дік-дік басып, Нияздың қолтығында келе жатыр. «Сен де қыз болып жүрсің-ау» дегендей Ләззатқа ұзын кірпігін қиғаштап бір қарады да өте берді. Нияз Ләззатты көргенде, сілеусін көз қыздың ығын алып тасалАпа түсті. Тек амандасқандай ишарат білдіріп, ерні күбір етті.

Ләззаттың көзі шарасынан шығып барады. Сілеусін көз ақсұр қыздың өктем өр кескіні мен Нияздың сескеніп, үркіп қалған ұры кескіні Ләззаттың көз алдында тұрып қалған. Осы позада қатып қалған Нияз бен қызды айналмалы круг үш қайтара іркіп тоқтатып барып — сахнадан шығарып әкетеді. Ләззат көзі шарасынан шығып шошынған қалпында біраз турады.

Ләззат. Нияз... Нияз... Жоқ, жоқ... (Ләззаттың ой даусы.) Нияз... Мен сені қалтқысыз адал жүрегіммен сүймеп пе едім!? Ауылдан келген аңқау қызды алдап... Мейлі, алдадың, дегеніңе жеттің... Дүниеде алданған қыз жалғыз мен емес шығар. Бір қорлыққа төзер едім... Неге түңілдіріп анық айтпадың?! Әлде ол жазаны азсынып... Бір емес екі алдағаның ғой бұл. Мен сені жанымнан жақсы көретін едің ғой. Жазығым сол ма? (Пауза. Кенет шошынып.) Мені құшақтап сүйіп отырғанда... көңіліңде басқа қыз тұрған екен ғой... (Дауыстап жылап жібереді.)

ЖатақхАпа. Қараңғыда Ләззат көрінеді. Ол стол басында жазып отыр. Көңілі қатты толқыған. Кенет өксіп жылап жібереді.

Ләззат. (Пауза. Кенет өзі де сезбей, ақырын өлең оқи береді.)

Сен менің әзімді көрсең,

Тұрысым осы менің.

Ал, мендегі ғаламат сезімді көрсең,

Шошыр едің!.. Шошыр едің...

(Күрсініп.) Шошыр едің. (Салиха өлең етіп, төсектен басын көтеріп алады.)

Ләззат.

Сен онда ойлАпар ең,
Мен болып сезінер ең,
Мен болып оянар ең,
Мен болып көз ілер ең.

(Сәл пауза.) Жеткізе алмас ең бұны Адамның сөзіменен. Салиха (төсектен тұрып Ләззаттың қасына келеді).

Мұңлық, айтып отырғаның өлең ғой. (Ләззат үндемейді. Салиха оның алдындағы қағазды алып оқи береді.)

Иә, сен ойлАпар ең,
ТолғАпар ең бармақты тістеп тұрып.
Мендегі ыстық жалын
Бойыңа күш боп кіріп,
ТұтАпар еді сен түгіл тас та лаулап,
Көзіңде жатар еді,
Жұлдызды аспан аулан...
Сен менің өзімді көрсең,
Тұратын кіршік туспей,
Жүрегің қалмас еді,
Бір рет ыршып түспей.

(Таңырқап.) Мынау сенің өлеңің ғой! (Ләззат үндемейді.) Құттықтаймын, Ләзтай, құттықтаймын! Сенен осындай өлең туатынын сезіп едім! (Қолын сілкілеп, құшақтап.) Неге үндемейсің-ай, сен? Мынау тамаша өлең ғой. Мұндай өлең Нияздардың түсіне де кірген жоқ! Сен генийсің, Мұңлық! (Ләззат Салиханы құшақтап жылап жібереді.) Жылағаны иесі? Той жасау керек дүниеге мынадай өлең келген күні.

Ләззат. Сен бұл өлеңнің сырын білмейсің ғой, Салиха.

Салиха. Жақсы өлең де сырын өзі ашады. Оған тек көкірегі соқырлар ғАпа түсінбейді.

Сен менің өзімді көрсең,

Тұрысым осы менің,

Ал, мендегі ғаламат сезімді көрсең

Шошыр едің!..

Ғажап! Өлең құдіреті деген осы емес пе?!

Ләззат. Бұл өлеңнің құнының қаншалықты болғанын білмейсің ғой, сен?

Салиха. Жақсы өлең оңай жазылады дегенді кім айтып еді, саған.

Ләззат. Жоқ, Салиха. Бұл өлеңнің құнына мен абыройым мен бақытымды қоса бердім. Салиха. Не дейсің?

Ләззат. Ия, іркіп қалған еш нәрсем жоқ. Өлең емес, менің қасіретім ғой бұл.

Салиха (Ләззаттың қасына келіп, шашынан сипап.) Жылама, Ләзтай, жылама. Жүрегіңнің қанын сорғалатып жазған екенсің ғой, сорлы бала. Амалың қанша, шын ақынның тағдыры қашап да солай. (Пауза.) Тағдыр маған сенің қасіретіңді де бермеді ғой.

Бағила мен Нарқоспақ кіреді.

Бағила. Ойбай-ау, қыздар-ау, сендер пе естідіңдер. Мен бір кереметті біліп келдім ғой.

Салиха. Алдымен аумағын айтшы, неше қап өсек әкелдің?

Бағила. Сен жайыңа отыршы, Құрбақа. Саған айтпағым, сенің құдайға да, жігітке де керегің жоқ.

Салиха. Ендеше өзіңді керек еткен жігітке неге орындық ұсынбайсың. (Нарқоспаққа.) Жақсы жігіт, жоғары шығыңыз.

Бағила. Сеп де кіріп кетіп пе едің? Не бар саған қыздардың сөзін тыңдап, шыға тұр.

Нарқоспақ. Мен кетіп қалмайын ба?

Бағила. Кетіп қалма. Сыртта тоса тұр.

Нарқоспақ шығады.

Бағила. Ойбай-ау, Мұңлық-ау, сеп бері қарашы. Мен бір сұмдықты көрін келдім ғой.

Салиха. Әй, сумаңдамай тура тұршы. Тағы не пәле әкелдің?! Қоя тұршы!

Бағила. Көзімізбен көріп, құлағымызбен естігенді қалай ғАпа айтпай шыдап тура аламыз-ай. Қой дегені несі-ай, маған. Мұңлық-ау, мен саған оны айтпасам — нағыз опасыз дос болам ғой. Өзің бері қарашы, сенің әлгі сұлу ақылың бар ғой, Ниязды айтам, соның әйелі бар екен ғой.

Ләззат. Рас па?

Бағила. Өтірік айтсам, көзім шықсын. Баласы да бар көрінеді.

Ләззат. Әйелі сұлу ма екен?

Бағила. О жағынан дәмеленбей-ақ қой. Сені мен менен сұлу. Нағыз сылқымның өзі. Көшеде кердең-кердең басады.

Ләззат. Шын айтасың ба, Бағилаш?

Бағила. Әй, саған ант берейін бе?

Ләззат. Әйелі... Әйелі екен ғой. Неғып мен ақымақтың есіне келмеген. Рақмет, Бағилаш.

Бағила. Бетім-ау, мынау қуанып тур ғой. Әй, өзіңнің есің дұрыс па?

Ләззат (қуанышты). Әрине әйелі, басқа кім болушы еді! Неге ғАпа бұрын есіме келмеген? Бекерге бүлініп.., А-һа-һа-а!

Ләззат дөңгелене билеп кетеді. Бағила аң-таң. Салиха мұңая қарап тұр.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

«Қыз мейрам қайтып оралды. Бір рет бекерге шошынып, заңы болған көңіл енді күдікті жолатқысы келмейді. Ләззаттың мінезі қайтадан өзгеріп кетті.... Бірақ бұрынғы алаңсыз қуаныш жоқ. Жүректе, жарылып біткен сүйектей, шорланып қалған сынықтың ізі бар».

ЖатақхАпа. Салиха кітап қарап отыр. Қолында газеті бар. жүгіріп Бағила кіреді. Арт жағынан «Мен кетіп қалмайын ба?» деген Нарқоспақтың даусы естіледі.

Бағила (қайрылып). Кетіп қалма, күте тұр. Құрбақа-ау, сенің етектей мақалаң шығыпты ғой. Құттықтаймын әй... Мұңлық Апау, өлеңдері газет, журналдың бетінен түспейді. Төртінші курстан сенің де мақалаң шыға бастады. Сендер үшін шыжық болып отқа түсемін деп, екі ортада мен далада қалып қоятын болдым-ау. Ой, өзің де бір аямай сілтеген екенсің. Тіпті айызым қанды. Бірақ әлгі Ниязға тырнағыңды қатты батырып жіберіпсің. Оның не? Қарап жүріп Мұңлықты ренжітіп алатын болдың ғой.

Салиха. Ол несіне ренжиді?

Бағила. Мәссаған, иеге ренжімесін?! Ол Нияз десе ішкен асын жерге қоймай ма. Сеп Ниязды шырқыратып соғып жатсаң, жанына батпай ма екен? Осыдан біреу Нарқоспаққа тиісіп көрсін, мен жанын алқымынан сығып алайын.

Салиха. Ләззат ренжімейді.

Бағила. Неге ренжімейді? Ол түгіл мен ренжіп қалдым.

Салиха. Сенің ие қимаң қышып бара жатыр?

Бағила. Мынаны қара-ай. Ойбай-ау, үш жылдан бері үшеуміз ища десіп көрген жоқпыз. Арамыздан қыл өтпейтін дос боп жүргенде... Барлық пәле осындайдан басталады ғой. Қой, мен университетке барып, Ләззатты тауып алып, алдын-ала ашуына су сеппесем, сені өртеп жіберер. (Шығады.)

Салиха. Сенің су сепкенің өзгенің от қойғанына бергісіз ғой. (Пауза.) Айтып айтпаса да аздаған қытықты жағдай болды-ay өзі. (Түрткілеп бір нәрсе жаза береді.)

Ләззат кіреді. Ренішті. Аз үнсіз.

Ләззат. Мақалаң құтты болсын.

Салиха. Егер шын жүрегіңнен айтсаң рақмет.

Ләззат. Құттықтау достық парызы ғой.

Салиха. Осы парызыңды өтегеніңе де рақмет. (Пауза.) Одан басқа айтарың жоқ па?

Ләззат. Mен сендей сыншы емеспін. Пікір айтуға шорқақпын.

Салиха. Ләззат, бұл менің бірінші жарық көрген мақалам ғой. Аз да болса қуаныш білдірсең қайтеді?

Ләззат. Мен сен үшін қуануға даярмын, Салиха. Газет бетінен сенің есіміңді көргенде жүрегім лүпілдеп, ақын шыққанша асықтым. Бірақ...

Салиха. Бірақ... Ниязды сынағаның бекер болған демексің ғой.

Ләззат. Иә.

Салиха. Нашар өлеңді сынамасам сонда нені сынаймын. Егер шын ақын болса, әділ сынға өкпелемейтін шығар.

Ләззат. Ай, Салиха-ай. Саған айтар ауызға оңай... Сен оның халін білмейсің ғой.

Салиха. Оның халін біле бермейтінім рас. Бірақ қол-аяғы бұғауда, айдауда жүрген ақындар да ғажайып өлеңдер жазған емес пе? Нияздың халі солардан қиын дегенді естігенім жоқ.

Ләззат. Тілі қандай қыршаңқы.— Кейде ақын үшін одан да қиын жағдай болады. Ашу мен ызадан жыр туады. Ал, күнделікті ұсақ тіршіліктің кикілжіңінен не туады?

Салиха. Ендеше арылсын кикілжіңнен.

Ләззат. Саған бәрі оп-оңай. Шын ақын өмірге икемсіз, сәби сияқты дәрменсіз болады. Егер біле білсең оларға қамқоршы Апаның орнын жоқтатпайтын әйел керек.

Салиха. Ендеше әйел проблемасын шешіп алғанша нашар өлең жазбай қоя тұрсын.

Ләззат. Жоқ, Салиха, адам дүниеден тек жамандықты ғАпа іздемей, жақсыға да қуАпа білу керек.

Салиха. Сен осыны маған айтып тұрсың ба?

Ләззат. Сен ғафу ет. Бірақ осы Ниязға дегенде бір жының бар. Бәрібір ол жақсы ақын. Әркімнің де торығатын, тоқырайтын кезі болады. Сондай бір күйзеліс үстінде жүрген адамды қапыда келіп соғу... Шок,, жоқ... Мұның әділет емес. Сыншыда да жүрек болу керек.

Салиха. Құрбақаның жүрегі салқын болады. «Жақсыға қуАпа білу керек». Ал, сонда жаманға пе істеу керек? Көзіңді жұмып, қолыңды қусыру керек пе?

Ләззат. Жаманның да жаманы бар.

Салиха. Сонда сенің жаманыңды мақтап, өзгенің жаманын даттау керек не?!

Ләззат. Жоқ.! Нияз еш уақытта жаман болған емес.

Жыланның үш кессе кесірткедей халі бар Сонда да ол талайлардан артық,

Салиха. «Ғашықтың көзі соқыр» деген осы екен-ау.

Ләззат. Біле білсең ғашықтың көзі соқыр емес, көреген, Нияздың шындап шырқайтын кезі әлі алда. Осындай бip тоқырап, күйзеліп жүрген кезінде... жау жағадан алғанда...

Салиха. Түгел айт. Ит етектен алады демексің ғой.

Ләззат. Сені дәл осындай қатыгез ғой деп ойлаған жоқ едім.

Салиха. Ендеше Құрбақадан мейірім күткен сен де ақымақ екенсің. (Көз жасына булығып шытып кетеді. Ләззат та артық кеткенін сезіп, ізіне үрпиіп қарап қалады.)

* * *

Тау қойнауы. Ләззат пен Нияз.

Ләззат. Тағы да келдік өзіміздің отауымызға. Мінекей,. керегесі қия жартас, уығы сыңсыған қарағай, шаңырағы Алатаудың асқар күмбезі. Туырлығы бұлт, түндігі көк аспан. (Нияз көңілсіз, үндемейді. Пауза.) Неге үндемейсің, Нияз?

Нияз. Сенің көңілің көкте. Менің көңілім жерде. Аттыға жаяу серік бола алмай жатқан шығармын.

Ләззат. Отауымыздың іргесінен ызғырық жел соға бастады ма, қалай? Тым көңілсіз болып кеттік қой.

Нияз. Несіне мәз боламыз?

Ләззат. Осының бәрі бір мақалаға бола ма?

Нияз. Кейде кісінің абыройын айрандай төгуге бір мақала да жарайды. Менің творчествомнан іліп алар еш нәрсе қалдырмауға тырысқан. «Соңғы жазғандарының жілігі татитындары шамалы» депті. «Жілігі татитындары шамалы...» Қайдағы жексұрын сөзді тауын алғанын қарашы.

Ләззат. Ол мақаланы мен де қиналып оқыдым, Нияз. «Ақын болу қияметтің азабы» деп едің ғой өзің. Сенің сол сөзіңнің мағынасын мен енді ғАпа түсініп келе жатырмын. Бұрын өлең жазу оңай сияқты еді. Нағыз сөз азабын енді тарт.а бастадым.

Нияз. Осыны кішкентай да болса сезсе екен-ау, сенің Апау әлгі — кім еді, Салихаң ба, Құрбақаң ба.

Ләззат. Сен оған ашулысың ғой, Нияз. Түсінем. Оны мең: де жеп қоя жаздадым. «Ақын болу қияметтің азабы», дегенде — сынға ұшырау да сол азаптың бір кішкене бөлшегі емес ие?! Және азаптың ауыры ол.емес қой.

Нияз. Енді неде?

Ләззат. Өз жазғаныңды өзің мансұқ етуде. Адамның жазғанының оннан бірі іске жараса жақсы ғой. Жақсы ақын өлеңіне қайырымсыз болады деуші еді.

Нияз. Оны айтқан қай данышпан екен. Естімеген сөзім.

Ләззат. Сен де өлеңдеріңе тым көңілшектеу болып жүрген жоқсың ба?

Нияз. «Іштен шыққан шұбар жылан». Жүрегін жарып шыққан жырына тебіренбейтін қай ақын?! Сенің Құрбақаңның өлеңге жасаған жауыздығы да жетер.

Ләззат. Жоқ, жоқ, Нияз, сен оны білмейсің. Ол жауыз емес, бақытсыз жан.

Нияз. Кейде бақытсыз адам өзгенің бақытын күндейді. Өзі бақытсыз болғасын дүниеге ақыр заманды төндіріп қойғысы келеді.

Ләззат. Жоқ, Салиха олай емес. Оның жаны жақсы. Оны тек ешкім түсінбейді.

Нияз. Сол түсінбейтіндердің бірі мен шығармын. Ғафу өтінем. Айтпақшы, тек сөз реті келіп қалған соң айтып жатқаным ғой. Болмаса соның сынын елеп жатқан мен жоқпын. Құрбақаңа сәлем айт. Менің басқа уайымым да жеткілікті. Екеуміз сол Салиха үшін ұрыспай-ақ қоялық.

Ләззат.

«Ақын боп өмір кешу оңай деймісің, қарағым.

Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның»,—

деген де өзің емес пе едің?!

Нияз. Бір кезде айтылған сөздер ғой ол.

Ләззат. Ал, бүгінгі айтылатын сөзің қайсы?

Нияз. Бізден енді сөз қалған шығар.

Ләззат. Не дейсің? Бұдан да ірі сөйлейтін, күңіренте, тебіренте сөйлейтін кезің тұр алда. Осындай шымшымалардың да пайдасы бар. Сыншылар шайтан түртсе сенің шиыршық атуыңа себеп болады. Солай емес пе, Нияз?

Нияз. Білмеймін. (Пауза.)

Ләззат. Нияз, не ғып мойныңа су кетіп отыр.

Нияз. Мәз болатын не бар...

Ләззат. «Әр кездескенің сағынып көріскендей ыстық болмаса»... Енді осыған жеткеніміз бе? Немене, мен зеріктірдім бе, сені?

Нияз. Үйде бір реніш болып еді, кешір Ләззат.

Ләззат. Үйіңдегі ұрыстың себебі мен болсам ше? Ендігі жетпегені осы еді. Аңсаған сұлу махаббаттың аяғы.,. Әйелің ертең келін бетіңнен тырнап жүрсе...

Нияз. Неге томсырайып қалдың, Ләзтай? Маған peнжіп қалғаннан - саумысың? Қойшы, Ләзтай.

Ләззат. Үйіңде болған ұрыс мен үшін емес пе?

Нияз (көңілденіп). Жоқ, сен үшін емес. Екеуміздің арамызды білмейді.

Ләззат. Ұрлығын жасырғанына мәз. Ертеңгі күнді ойламайды... (Шошынып.) О, жасаған-ау, сонда ұрлық, махаббат болғаны ма, менікі?!

Нияз. Неге үндемейсің, Ләзтай. Қойшы, Ләзтай, маған ренжіп қалдың ба? (Самарқау құшақтап, сүйіп.) Қойшы енді.

Ләззат. Маған деген махаббатың осы-ақ болғаны ма? Енді түңілсем... Жоқ... жоқ... Адал сезімді ластап, қор қылып алмай тұрып, көңілде қимастық барда тиылу керек. Әйтпесе, өзімді-өзім өмір бойы жек көріп өтермін...

Нияз. Ләзтай, әлі ашуың басылған жоқ па? Неге томсырайғаныңды түсінсем бұйырмасын. Қойшы енді.

Ләззат. Нияз мен сені жақсы көрем. Екеуміз сыйлас, дос болайық. Одан артықты бізге жазбаған.

Нияз. Шын айтасың ба, Ләзтай?

Ләззат. Шын айтам. (Пауза.)

Нияз. Шын жақсы көргенің сол ма? Сүйем дегенің бекер екен ғой. Жоқ, сен мені сүймеген екенсің...

Ләззат. Жетер енді. Ондай сөзді саған мен айтуым керек еді. Бүйте берсек сыйласудан қалармыз.

Ауылдағы Ләззаттың үйі. Ләззат каникулға келген. Диван үстінде үнсіз сұлық жатыр. Сырттан Апасы кіреді. Қайғылы кескінмен аз уақыт қарап тұрады. Үйді жинастырған болады. Ләззат оны байқамаған сияқты.

Апа. Баламның биылғы ажары қорқытып тұр-ау. Арылмайтын бір ойға шырмалған түрі бар. Оқытып адам қылам деп жүргенде, торы аттың басын тоқтыға айырбастамасам неғылсын. (Ләззатқа.) Жаным-ау, өз аулыңды өзің жатырқап қалғаннан саумысың. Ағайын-тума бәрі сағынады, сені... Жағалай кіріп үлкендеріне сәлем беріп шық.

Ләззат. Апа, кейінірек кіріп шығармын.

Апа. Кейінге қалдыратын несі бар. Тура қазір мына көрші Айғаншадай баста. Кем-кетік, көңілі жарым адам күдікшіл болады. Алдымен сәлем беріп, Айғаншаны қуант.

Ләззат. Апа, мазам болмай жүр, кейінірек.

Апа. Былай ел қатарлы сыртқа шығып, бой жазып сергуді де білмейсің. Іші құса болып жатып алдың... тым болмаса себебін айтсаңшы.

Ләззат. Жай, әшиін апа. Шаршадым ғой деймін.

Апа. Қайдан әшиін болсын. Байқаймын, шашымды жұлып, ойбай салғызатын ісің бар сияқты, балам. Бірақ ойбайлағаннан ие пайда?!

Ләззат. Иә-а, онан пайда жоқ. (Кенет Апасын құшақтай алады. Апасының кеудесіне бетін басып, бір-екі рет өксігендей де болады.)

Апа. Мауқыңды баса ғой, айналайын. Болған іске болат бол деуші еді. Мен бір нәрсе сезсем — сенің тағдырың ошақтың бұтында емес. Өлеңдерің ел аузына іліге бастады ғой. Осы бір жолға түсіпсің. Менің саған тілеген жолың емес еді бұл. Ондай адамға еретін сөз де, оған тасадан атылатын оқ та көп болады. Қасіретіңнің алды осы болғанмен, соңы осы болмас деп қорқам, балам. Бірақ енді талайыңа жазғаны сол болса амалың қанша? Осы бастап ширыға бер.

Ләззат (Апа құшағынан босанып). Дұрыс айтасың Апа. Бұрын алдым ашық, жолым даңғыл, бөрі сайрап тұрған сияқты еді. Өмірдің босағасынан аттамай жатып, омбылай бастадым. «Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым, аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның...» деп еді бір ақын. Біз болсақ өз жарамыздың емін таба алмай әлекпіз.

Есік қағылады.

Қуантай. Рұқсат па?

Ләззат. Кіріңіз.

Қуантай. Сәлем бердік, апа.

Aпа. Сәлемет бол қарағым. Ay, Қуантаймысың? Жоғары шық.

Қуантай. Ләззат амансың ба? (Қол алысады.) Оқуды бітіріп, көңілді дем алып жатырсың ғой енді. Алматыдан шығарда сенің жатақхАпаңа соқсам кетіп қалыпсың.

Ләззат. Сені кандидаттық қорғайды деп естіп едік. Құттықтауға бола ма?

Қуантай. Әлі ертерек. Дауға түсер алдында елге барып есімді жиып келейін деп тартып кеттім. Бір-екі күнде қайтып оралам.

Апа. Сені ғалым болғалы жатыр деп естідім. Қадамың құтты болсын.

Қуантай. Ғалым емес, Апа, кандидат болайын деп жүрмін:

Апа. Не де болса құтты болсын. Ал төрге ,шың, отыр. Мен ас дайындайын.

Қуантай. Рақмет, апа. Mен асығыстау едім.

Апа. Асығып не бар, от ала келмеген шығарсың. Алыс жолға баратын көрінесің, қуыс үйден дүр ауыз шыққаның масқара болар. Қой отыр. (Шығады.)

Ләззат. Отыр, Қуантай. Апам бәрібір жібермейді.

Қуантай. Сені осы ауданда қалатын болды деп естідім бе? Сол рас па? Ләзтай?

Ләззат. Рас.

Қуантай. Бұл қалай сонда? Бұрын орталықта қалам деп жүр едің ғой.

Ләззат. Реті келмеді.

Қуантай. Реті келмегені қалай? Кітабы шыққан, мақталған ақынға орталықтан қызмет тауып бере алмағаны ма, сонда? Апада қызметке шақырып жүрген жерлер бар деген жоқ па едің?

Ләззат. Шынымды айтсам — өзім қалғым келмейді.

Қуантай. Солай де... Бір себебің болған ғой. Сөйтіп осы қиян шетте, алыс түкпірде қалмақсың ғой енді... Қандай қызметке тұрмақсың?

Ләззат. Қабылдаса аудандық газетке тұрам. Болмаса осы ауылдан мұғалімдік беретін шығар.

Қуантай. Солай де... Сенің бұл қарекетіңе мен түсінбей қалдым...

Ләззат. Өзгенікі тұрсын, адам кейде өзінің істеген ісіне де түсінбей қалады.

Қуантай. Ләзтай. (Пауза.) Екеуміз кішкентайымыздан бірге өсіп келеміз. Тіпті. бірге туған адамдай үйренісіп те кеттік. Содан ба, мен саған еш уақытта батып сөз айта алғаным. жоқ.

Ләззат. Қуантай, мен де сені туған ағамдай жақсы, көрем.

Қуантай. Сол ғой менің тілімді байлап келген. Енді мінекей оқу бітірдік. Ертеңгі күнімізді ойлайтын уақыт келді. Мен саған «ғашықпын» десем бір түрлі ерсі көрінер еді. Бірақ әйтеуір сен болмасаң иесіз қалған үйдей. өмірім; үдірейіп тұратын сияқты.

Ләззат. Қуантай, жасым кіші болғанмен, мен сенен. қазір әлдеқайда кексемін.

Қуантай. Ләззат, мен сенің соңыңа түсіп аңдып көрген емеспін. Бірақ бәрін білемін.

Ләззат, Білсең несін айтып тұрсың?

Қуантай. Соны білгендіктен де айтып тұрмын. Сен баяғы, ақ көңіл, адал кішкентай Ләззатсың. Иә, иә, тірі пенденің сені кемсітуге хақы жоқ. Олар алдымен сендей болып алсын. Сенің айыбың — алданғаның шығар. Ақ көңіл адалдығыңнан алдандың ғой.

Ләззат. Жоқ, Қуантай. Мен алданғаным жоқ. Мені алдаған да адам жоқ. Иә, иә, мен оны шынымен сүйдім. Жүрекке ешкімнің әмірі де, қулық-сұмдығы да жүрмейді. Ал, екеуміз қосыла алмасақ — ол тағдырдың ісі.

Қуантай. Тағдырдың ісі. Ал, өз тағдырың туралы неге ойламайсың, Ләзтай?

Ләззат. Ойлағанда қайт дейсің. Қуантай?! Қаршадайымнан бірге өскен саған мен өтірік айта алмаймын. Сені құшақтағанда көз алдымда ол тұрса — не болмақ. Ұры көңілде таза махаббат бола ма?

Қуантай. Апыр-ау, әлі түңілген жоқсың ба? Ол, сенің басқан ізіңе татымайтын жексұрын емес пе?!

Ләззат. Егер біз екеуміз жүз көрісетін болсаң — бұдан былай ондай сөзді айтпа, Қуантай.

Қуантай. Қаршадайдан бірге өссек те сені түсіне алмай-ақ қойдым-ау. Сенің орныңда басқа біреу болса оны өртеп жіберер еді... Алматыдан да соны көрмеу үшін кеткен жоқсың ба?

Ләззат. Білмеймін, мүмкін солай да шығар.

Қуантай. Өлеңді ұқпасам да өмірдің мән-жайын білетін сияқты едім... Сенің мынауыңа ақылым жетпей-ақ қойды. Әуейі дейін бе, әлде... мен ұқпайтын бір нәрсе бар ма осында?

Ләззат. Әуейі болсам — әуейі шығармын. Бірақ дүниенің сұлулығын көру үшін әуенінің көзі керек. Жердің тынысын, даланың әуенін тыңдау үшін әуенінің құлағы керек. Онсыз дүние су қараңғы соқыр, тас керең меңіреу болып қалуы мүмкін. Дүниедегі бар жақсылықты сезу үшін әуейінің жүрегі керек. Мен сол әуенімін, Қуантай. Біріміздің көргенімізді біріміз көрмесек, біріміздің естігенімізді екіншіміз естімесек ондай өмірде не сән бар?

Қуантай. Мұның атын... Әлгі не деуші еді... ә, жастың романтика. Есейген соң қалады ол. Кәдімгі сағым сияқты ыдырап кетеді. Сағым қуып қайтесің, Ләзтай?!

Ләззат. Сағым емес, менің өмірімнің мағынасы ол.

Қуантай. Сонда, осы қиян-шетте қаласың ба?

Ләззат. Иә, қалам.

Қуантай. Кісі өзін-өзі алдамауы керек, Ләззат. Бұл ара өз ауылың болғанмен, қазір сен басқа қауымның адамысың. Бұл ортадан бойың да асып кетті. Оның үстіне шеттің аты шет қой. Өз қаламдастарының арасында, қан майданның ішінде жүрмеген соң, шет қақпай бола бересің.

Ләззат. Неғылар дейсің, өз елім ғой. Дала да өзімдікі. (Мұңая мырс етіп.) Ән салып береді. Ал, сен Қуантай, үлкен ғалым боласың. Оған сенің қабілетің жетеді. Мен саған бақыт тілеймін.

* * *

Бағиланың үйі. Арада он жыл өткен. Бағила сабалы әйел болған. Нарқоспақ та есейген. Сахнада Нарқоспақ жалғыз. Диванда темекісін бұрқыратып газет қарап жатыр.

Нарқоспақ. Қатын, әй қатын.

Бағиланың даусы (ас үйден). Уа, ие боп қалды?

Нарқоспақ. Осы үйде бір зат орнынан табылмайды. Әлгі күл салғышым қайда?

Бағила (ішке кіріп). Miнe, мына столдың үстінде тұрған жоқ па?

Нарқоспақ. Бері әкеліп қой.

Бағила күл салғышты қасына әкеп қояды.

Бағила. Адамның сіңбіруіне мұршасы болмай жатқанда сенде бір жағынан...

Нарқоспақ. Шалбарымды өтектедің бе?

Бағила. Кеше өтектеп қойғанмын.

Нарқоспақ. Арқамның құрыстап жатқаны. Тамырын үзіп жіберші.

Нарқоспақ етпетінен жатады. Бағила сөйлеп жүріп оның арқасын уқалайды.

Бағила. Құдай-ай осы, кісі бір қолын екі ете алмай жатқанда сен де әміріңді бересің де жатасың. Қыл қимылдату деген жоқ-ау сенде. Жұрттың еркегі адам сияқты. Үйдің шаруасы десе елпілдеп тұрады.

Нарқоспақ. Әй, сонда сен бетің былш етпей еркекті жұмсамақсың ба - ай? Қарай гөр мынаны. Жоғарырақ, жауырынға таман, (Рақаттанып.) Іңһ! Іңһ!

Бағила. Еркекті жұмсаса неғылады екен. Шеніңнен түсіп қаласың ба?! Қолғабысын тигізсе өзгенікі емес, өз үйі ғой. Ойбай-ай, әлгі түшпарам күйіп кететін болды-ау.

Нарқоспақ. Төменірек, төменірек. Сегіз көзіме таман. Іңһ! Іңһ!

Бағила. Іңкілдей бергенше тұрмайсың ба, ойбай-ау. Қазір қонақ келетінін білмейсің бе?

Нарқоспақ. Демалыс күні де кісіге маза жоқ.

Бүйткен қатыны құрсын. Әлі төменірек. Құйымшағымның үстін бас. Іңһ! Іңһ!

Бағила. Тұрсайшы енді кеш болып қалды ғой. Ләззаттың да келетін уағы алдақашан. Ойбай-ау, ол он жылдан бері көрмеген жан жолдасым ғой менің? Ол сенімен маған жай Ләззат болғанмен — өзге жұртқа қазақтың дүрілдеп тұрған атақты ақыны емес пе?! Тым болмаса сыртқа шығып бой жазып келші. Мен үйдің ішін жинастырайын.

Нарқоспaқ (орнынан тұрып, киініп жатып). Менің галстугым қайда?

Бағила. Тур ғой мына шифонердің ішінде. (Галстугын әпереді.)

Нарқоспақ. Туфлиімді тазалап қойып па едің?

Бағила. Сенің бақыратыныңды біліп кеше тазалап қойғанмын. Кәпір тоқ болса мұсылман тыныш болады деп...

Нарқоспақ. Мен қара шал мен сары шалға барын карта ойнап келейін, төртінші қол керегін отырған шығар. Әйелдер өздерің шүйіркелесіп отыра беріңдер. (Шығады.)

Бағила (сөйлеп, үйін жинастырып жүр). Жұрттың еркегі де еркек сияқты. Біздікі болса «айдойдайын» деп баласының маңдайынан бір иіскейді де, сұлап жатып алады. Жігіт күнінде бәрі жақсы, сызылып тұрады, үйленіп алған соң шығарады ғой бұлар өнерді. (Есік қағылады.) Бұ қайсы болды екен. Уа, кіре бер кім де болсаң.

Ләззат кіреді. Арадағы он жыл ізін салмай қойсын ба, бұ да есейген.

Ләззат. Сәламатсыз ба, жолдас.

Бағила. Сәламатсың ба. (Үңіле қарап.) Ойбай-ау, Ләззатпысың-ау. Қара басып танымай қалдым ғой мен сені. (Құшақтайды.) Аман-сау барсың ба, бұл дүниеде. Түу, көзімізден бұлбұл ұштың ғой. Анда-санда шаңын бір бұрқ етеді. Алматыға келіп кетті дегенді естіп қаламыз, әйтеуір. Кәнекей, көрейінші өзіңді.

Ләззат. Не көретіні бар, Бағила. Қартайдың қой.

Бағила. Жоқ, әлі де бір жігіт қызыққандай ажарың бар. Біз ғой қартайған. Бес баланың Апасы болдық. Бізде өзіңдікі сияқты атақ жоқ. Сосын енді бала таппағанда не бітіреміз. Иә, өзің енді біржола келдің ғой. Мықты журналға редактор болыпсың. Құтты болсын.

Ләззат. Келгім келмеп еді, әкелді ғой ақыры.

Бағила. «Ізі жатыр, өзі жоқ қалқатайдың» демекші, өзіңді көрмесек те, әйтеуір ізіңді көреміз. Сенің кітаптарыңның орысша, қазақшасын қаны жібермей жинап жүрмін. Біздің Нарқоспақ кітаптан бас алмайды ғой. Оқып отырады.

Ләззат, Өзің қызмет істейсің бе?

Бағила. Бала басты боп кеткесін қиын екен. Жарты ақыға істеп жүрмін. Құдай оңдап әйтеуір Нарқоспақтың жалақысы тәуір.

Шарылдап жылаған, ырсылдап төбелескен бала даусы естіледі. «Мама, мама Ганди ұлды, Ганди ұлды», «Бер допты өзіме!»— «Бермеймін, мама!»—«Тұмсығыңды бұзам, бер!» Бағила жүгіре шығады. Балалардың айқай-шуының арасынан оның да сампылдаған даусы естіліп жүреді.

Бaғила. О, көгермегір, Ганди, сені ме сені! Гаррибалды сорлыны қан қақсатыпсың ғой. Қой дейім енді. Жұлыныңды үзейін бе, қағыңғыр!

Балалардың абыр-дүбірі. Құлаған зат дүрсілі. Апа жақтан лақтырылған қолы жұлынған бір қуыршақ Ләззаттың алдына келіп түседі. Ләззат оны жерден көтеріп алып — қарап қалған. Балалардың айқай-шуына жөргектегі кішкене баланың жылағаны жалғасады. Бағила жөргектегі баланы жұбатып көтеріп алады.

Ләззаттың қолынан ұстап тұрған қуыршағы түсіп кетеді.

Бaғила. Ay, сен неғып тұрсың. Отырсайшы. Балалы үйдікі осы. Әне бір Ганди деген бір сотқарымыз бар. Ноғайлыдай бүлдіреді.

Ләззат. Ганди деймісің? Аты мықты екен.

Бағила. Иә, одан кейінгісінің аты Гаррибальды, біздің Нарқоспақ кілең мықты аттар қояды. Енді бір ұлымыздың аты Кокинаки. Соидай бір летчик бар дейді ғой;

Ләззат (Бағиланың қолындағы нәрестені алып, бауырына басып). Мына мықтының аты кім?

Бағила. Мұның атына байғазы бересің. Аты Ләззат. Нарқоспақ Ирен қоям деп еді. Әлгі Ирен Жюлио-Кюри бар ғой. Соның атымен, мен көнбедім. Түбінде біздің Ләззат та мықтының бірі болады. Төрт ұлыңның атын өзің қойдың, бір қызымның билігін езіме бер деп отырып алдым.

Ләззат. Рақмет, Бағила. Мені ұмытпапсың.

Бағила. Сені ұмытып маған не бопты. Кәне Апа жаққа апарып жатқызайын. (Баланы қолына алады.) Ұйықтап кетті білем. Өзі сен сияқты тыныш. (Баланы апарып оқ атқызып келеді.)

Ләззат. Бұл да өз бақытын тапқан. Әлде біз өмірде жоқты іздеп басымызды босқа қатырып жүрміз бе? Мүмкін өмірдің қарапайым дАпалығы Осы шығар.

Бағила (сөйлей кіреді). Сенімен бірге болсын деп Құрбақаны да шақырып едім. Неғып кешігіп жатыр. Мұңлық-ау, осы сен әлі тұрмысқа шыққан жоқсың ба?

Ләззат. Жоқ, Бағила. (Мұңая мырс етіп.) «Асықпаған арбамен қоянға жетер» деген.

Бағила. Асықпағаны несі. Асығатын уақытың да келді ғой. Енді бір айналғанша базарың да өтіп кетеді. Айтпақшы әлгі Нияз бар ғой. Өзің үлкен ақын боп кеттің. Сол баяғыда біз дардай көретін Нияз түк бітірмей сүмеңдеп әлі жүр. Сенің артыңнан біраз жүріп еді-ау о да. Ой, құдай атсын соны. Басынан берекесіз екен ғой. Ойбай-ау, тіпті қатын-баласы бар адам демессің. Көрінген үйдің босағасын тоздырып, қыдырат та жүреді. Кейде қаңғалақтап осында келетіні бар. Бетім-ау, үйіне жетісіне бір түнейтін көрінеді.

Ләззат. Қой, бекер шығар. Әйелі бар емес пе?!

Бағила. Әйелі дейсің бе? Ол кербез сылқым да есесін жіберіп жүрген жоқ. Қайта тіпті сопың жоғына қуАпатын көрінеді. (Бағила столға татамын таси жүріп сөйлейді.)

Ләззат. Қой, тап осының жалған шығар. Жұрт пе демейді...

Бағила. Ойбай-ау, мен білем бе, сен білесің бе? Ай, аңқаусың-ау, Мұңлық-ай.

Ләззат. Шынымен-ақ үй ішінің іріп кеткені ме? Нияз осының бәрін күйініштен істеп жүр ме екен? Өйткенше ол әйелді неге тастап кетпейді? Бала... Қазір екі баласы бар. Бірақ бала десе, тағдырына мойынсұнып, үй ішін неге жөндеп ұстамайды?.. Семьядағы Апау өмір, сәби балаларға қиянат емес пе?! Екеуі екі шақта... Қой, бекер болар.

Бағила. (ас үйден сөйлей кіреді). Мұңлық-ау, маған бір керемет ой келді. Осы Ниязды адам қылу керек. Сомы сен қолыңа қондыр. Сонда қайтадан құс боп шыға келеді.

Ләззат. Не дейсің?

Бағила. «Кіммен қара болсаң сопымен ақ бол» деген. Қазір сенің де жасың келіп қалды, көк етіктіні қапелімде қайдан табасың. Жұрттың бәрі айтып жүр, бұл Апау әйелімен ел болмайды. Нарқоспақты да сүйреп жүрміз ғой, мынаның аңын аты бар емес пе?!

Ләззат. Қойшы, Бағила. Қайдағыны айтпай.

Бағила. Қойғаны несі мынаның. Ойбай-ау, осылай ұпайыңды жібересің де отырасың ба?! Мұнда көзге түсіп көтерілудің орнына елге барып он жыл жатып алдың. Өзі келіп тұрған жігітті маңдайға тептің. Екі айналып келмейді бұл жалған. Орайы келгенде үлесіңді қарбытып асап қалмасаң, көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді. Ойбай-ау, аларыңды алып қалмайсың ба?

Ләззат. Осы әңгімені доғарайықшы, Бағила.

Бағила. Ай, Мұңлық-ай, сенің осы бір мінезің... Құдай сенің өнеріңді маған бергенде ғой, Алматыңды аяғымның астына әкеп табындырып қояр едім.

Салиха кіреді.

Салиха. Кіруге рұқсат шығар. Жауынгер құрбыларға жалынды сәлем.

Ләззат. Амансың ба, Салиха. (Құшақтап көріседі.)

Бағила. Сені күте-күте кезіміз талды ғой, Құрбақа- ау. Ал, отыра қалыңдар.

Салиха. Ғафу ет, Бағила, айыптымын.

Бағила. Мұңлық-ау, біздің қазіргі қақап тұрған мықты сыншымыз осы Құрбақа.

Ләззат. Мықтылығы кейін белгілі болар, бірақ тілі ащы сыншы екені кәміл.

Салиха. Өзім де бір сұмырай мамандықты таңдаған екем. Мені жазушы атаулы жек көреді.

Ләззат. Жазушыға сыншыны жақсы көр деуің... Қошқардың мүйізінен де қисық емес пе?! Өйтіп буынсыз жерге пышақ ұрма, Салиха.

Бағила. Иә, дейсің-ау, сынағанды кім жақсы көрсін.

Салиха. Иә-ә. Қазір мені кейбір жазушылар «сұр жылан» дейтін болыпты. Енді Бағиланың «Құрбақа» деп қойған атына зар болатын түрім бар.

Бағила. Әркім сүйгенін «шұнағым» деген емес пе, мен сені жақсы көріп қойған атым еді ғой, ол. Отыра тұрыңдар, мен сендерге тамақ әкелейін. (Шығады.)

Салиха. Қалай, жаңа қызметіңе үйреніп келесің бе?

Ләззат. Үйренбегенде амалым қанша. Сені редколлегияға мүше қып өткізуге ұсыныс бермек ойым бар. Оған қалай қарайсың?

Салиха. Қонақта отырып та қызмет мәселесін шешіп тастамақсың. Баяғыдан бері әкім болмай қор болып жүр екенсің-ау.

Ләззат. Қалжыңы жоқ, Салиха. Қарсы болмайсың ғой, а?

Салиха. Осы күні жұрттың бәрі арам болып алған, сен де сұм бола бастаған екесің.

Ләззат. Неге?

Салиха. Білемін. Мен саған жазушыларды үркіту үшін керекпін ғой. Журналыңның қақпасыңа шынжырлап байлап, мұқабасына: «Қорада қабаған ит бар» деп жазып қоймақсың ғой.

Ләззат. Жазушыларды емес, халтурщиктерді үркіту үшін керек екенің рас. Келісіміңді алдым деп есептеймін ғой, жарай ма?

Салиха. Өтірік бұлданып тұрғаным ғой. Болмаса мансаптан қашқан қай әдебиетшіні көріп ең.

Ләззат. Мансап демекші, осы сеп неге кандидаттың қорған алмайсың. Жарияланған еңбегің жеткілікті. Кітабың да шықты.

Салиха. Немене, қазақ әдебиетіне кандидаттар жетпей жатыр деген хабар алып па едің?

Ләззат (күліп). Жоға, өзіңе керек болады дегенім ғой.

Салиха. Бүгін кандидаттық қорғаймын деп, ертең доктор болам деп, одан академияға өтем деп көрінгенге жалпылдап, итшілеп жүргенде өміріңді босқа өткізіп алмайсың ба?! Қолыңа қалам алған соң тым болмаса жілігі татитын бір еңбек жазып кету керек қой.

Ләззат. Оның да рас. Тек тұрмыс жағдайыңа болмаса...

Салиха. Қара басыма осы табысым да жетеді. Мені үлде мен бүлдеге орасаң да енді сұлу бола алмаймын, Ажарсыз әйелдің сәнденгені, қайта, жұрттың ызасын келтіреді. Ал, ішер асқа десең, оған да жоқпын. Асқазаным ауырады. Диетадамын.

Ләззат. Әлі сол, баяғы өзіңді кемсіте сөйлейтін мінезің қалмапты.

Салиха, Бұ жолғым кемсіту емес, шыны сол. Иә, мені қойшы. Өзің қалайсың? Жыл аралатып бір кездесеміз де, адам сияқты бір сырласып, шүйіркелесуге де уақыт таппай қаламыз. Қазір енді сенің өзіңнен гөрі өлеңдеріңді көбірек білетін болдым.

Ләззат. Менде кісі қызығатын қай өмір бар дейсің. Салиха. Өлеңдерімді оқып жүрсің, әйтеуір барым сол ғой.

Салиха. Әйелдің өмірін сұрағанда, бірінші болып күйеу мәселесі тұратыны белгілі ғой. Мен саған қайранмын. Мендей қатып қалған сыншы емес, ақын адамсың. Неге сенің өмір жолыңда көңіліңді еліктіретін бір еркек ұшыраспады?

Ләззат. Әдебиет дегенің әйелге қол кәсіп емес екен. (Күліп.) Өзің білесің: жазушылар бізді әйел сАпатына қоспайды, еркекке балайды. Өзге қауым болса «Сырын білмес аттың сыртынан жүрме» деп бізге үрке қарайды.

Салиха. Күлесің-ау, Ләззат, бірақ бұл құрғыр онша күлкілі жағдай емес. Мұңлық атанған сен түгіл, Құрбақа атанған мен де бақыт аңсаймын.

Ләззат. Рас айтасың, Салиха. Бірақ, не бәлемнің барын білмеймін, біреуге көңілім ақтарыла құламай-ақ қойды. Білмеймін адамы кездеспей жүр ме, әлде желкемнен тартып тұрған бір пәле бар ма?! Мен саған бір қызық айтайын ба, біреуге кішкене көңілім бұрып, кездесе бастасам күйеуі бар әйелден бетер, ұрлық қылғандай қысылып, берекем қашады. Өзімнен-өзім жирене бастаймын.

Салиха. Мынауың шынында да ғажап екен. Бірақ менен сен де жақсысың. Кітап арқылы мыңдаған адамдармен сырласасың. Көңіл тебірентер сыры терең өлеңдер жаздың. Талай жастың сезімін ояттың. Олар саған іштерінен алғыс айтатын шығар-ау.

Ләззат. Ай, Салиха-ай, ғашықтық туралы алтын кітап жазсаң да, сүйген жігіттің телмірген бір көзқарасына қайдан жетсін?!

Бағила сөйлей кіреді. Ішімдік, шайнама әкеле жатыр.

Бағила. Мен сендерді қаңтарып қойдым ба? Қуырдағым піспей. Қазір иіседі, оған дейін салқын тағаммен лекерлей тұрайық. Кәнекей. (Сөйлеп жүріп столды реттеп. шарап құяды.) Ай, сен екеуің ұялмаңдар. Қонақта отырған жоқсыңдар, бұл Бағиланың үйі. Өзіміз баяғы қыз кезімізді еске алып бір отырайықшы.

Салиха. Байқап сөйле, Бағила. Біздің әлі де қыз деген атағымыз бар. Әрине «Қыздың» алдына «кәрі» деген сөзді қыстыруыңа болады.

Бағила. Ойбай-ау, солай екен-ау, өзім бес бала тапқан соң маған жұрттың бәрі қатын сияқты. Ал, қыздар-ау, өзгесін қайтеміз осы үшеуіміздің саулығымыз үшін бір алып қоялықшы. Құрбақа, сен бүгін диетаңды қоясың. Мұңлық келген күні ішесің.

Салиха. Ал, ендеше қайта табысқан достар үшін!

Үшеуі соғыстырып алып қояды. Есік қағылады.

Бағила. Бұ қайсысы еді мезгілсіз жүрген. Кім де болсаң кіре бер.

Нияз кіреді. Бұл да жасыңқырап қалған, Тоза бастаған түрі бар.

Нияз. Сәламатсыздар ма. О-о тойдың үстінен шығыппын ғой.

Бағила. Жоғары шық. Мақтап жүреді екенсің. Дәл төбесінен түстің.

Нияз. Ләзтай, амансың ба. Менің сыншым да осында отыр екен ғой... Салихаға сәлем. Еркек болсаң Белинский дер ем. Сені кімге теңесем екен? «Салихаға тең таппай, қиналған Нияз жері осы». Ха-ха-ха.

Бағила (шарап құйып). Ал, кәне осы отырған үш қыздың саулығына алып қоясың.

Нияз. Ал, ендеше. (Ішіп салады.) Үшеуіңе үш тост көтеру керек екен. Қалғанын кейін жеткізерміз. Бастаңғының үстінен шығыппын.

Салиха. «Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген осы.

Бағила. Рас, аузыңның салымы бар екен. Қой, мен ас әкелейін. Ай, Құрбақа-ау, сен қопақ болып отырын алғаның пе?! Маған жәрдем етсейші.

Салиха. Бағиладан қайыр көрген кісі арам өледі ғой. Адам сияқты қонаққа шақырған екен десем, жұмсауға шақырған екенсің ғой.

Бағила мен Салиха шығады.

Нияз. Ләзтай, сен қайтып оралғалы екеуміз бір дұрыстап кездесе де алмадық.

Ләззат. Кездесіп отырған жоқпыз ба?

Нияз. Осындай кездесу бола ма екен. Аттың жалында, атанның қомында.

Ләззат. Айтатын сөзің болса, айта бер.

Нияз. Жоқ енді, Ләзтай. Былай бір өзіміз... Өзің маған ашулысың ғой әлі.

Ләззат (күрсініп). «Күнде ойын, күнде той, ойлАпар кезің болды ғой».

Нияз. Не дейсің?

Ләззат. Өз болашағың туралы ойлАпатын кезің жеткен жоқ па?

Нияз. Нені ойлануым керек сонда?

Ләззат. Шынымен-ақ өз жағдайын түсінбей ме? Өмірдің мағынасы туралы ойлануың керек.

Нияз. Тым қиынға кетіп қалдың ғой, Ләзтай.

Ләззат. Мұратыңа жетсең оңай қызықты тауысқан жоқ па едің?!

Нияз. Кешір, Ләзтай. Мен сенің алдыңда айыптымын. Әрине ренжитін себебіңді түсінемін.

Ләззат. Ендеше түк те түсінбепсің.— Өзінің аянышты халін білмей мені аяйды. Соншалық арзандап кеткеніне арланбай ма екен?!

Бағила мен Салиха столға тағам әкеледі.

Бағила (шарап құйып). Ал, ендігі тосты мына Нияз ақынның денсаулығына алайық.

Нияз. Менің сыншым да іше ме? Тек соңғы үш-төрт жылда, құдай сізге рахым берді ме, сынаған жоқсыз. Бірақ сыншының елемегені кейде сынағанынан да жаман болады.

Ләззат. Иә, оның рас.

Салиха. Жарайды. Мен сіздің саулығыңызға ішіп қоям. (Ішеді.) Сіздер де ішіңіздер. Көп жылдан бері тамағымызды ісіріп едіңіз. Енді бізді қуантар бір өлең оқып беріңізші.

Нияз. Жоқ, Салиха жолдас. Мен сірә сіздің сыныңызға толмаспын. Оқымай-ақ қояйын. Бізден енді жыр тумайды. Тамағыңыз іспесін.

Ләззат. Жарайды. Ендеше Нияздың өлеңін мен оқып берейін.

Бір жетсе менің ажалым жетеді,
Найзағай оттарынан,
Сатқындар оқтарынан,
Өйткені, мен теңіз боп ақтарылам.
Бір жетсе менің ажалым жетеді,
Адам қолы жасаған ұяттардан
Қалыңдығы осынау сияқты орман.
Әйтпесе пысықтыққа пысқырмайды,
Мендегі қуатты арман.
Мен күн сайын теңіз боп ақтарылам.
Бұлбұл болып шулаймын бақтарыңнан.
Көктем жаққа бұлбұлдар ұшырамын
Жазираның ақ түтек ақпанынан.
Басқасынан ажалын жетпес менің.
Жауыздықпен өйткені шектеспедім,
Мен жарақат салмаған семсер едім,
Сондықтан жарқылдаймын,
Әйтпесе өтпес те едім.
Өле берсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде. -
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,
Мен өлемін өзімнің биігімде.

Бағила. Әй, қыздар-ау, мынау жақсы өлең ғой. Қой, мұндай өлең үшін бір алып жібермей болмас. (Жағалай шарап құяды.)

Салиха. Осы бүгін асқазаныммен қош айтысам-ау деймін. Мынадай өлеңге қалай ішпессің... Шынында да тамаша өлең. Ойлы да отты өлең. «Бір жетсе менің ажалым жетеді, найзағай оттарынан. Сатқындар оқтарынан...» тамаша. Ар. жағы қалай еді, Нияз? Әлгі соңғы жолы... ә... «Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты, мен өлемін өзімнің биігімде». Нағыз ер өлең. Шын жүректен құттықтаймын, Нияз.. (Қасына келіп қолын созады.) Көрдіңіз бе, сыншының да жүрегі бар.

Бағила. Құрбақаның сөзі дұрыс. Осы өлеңге менің де жүрегім бүлк ете қалды. Құттықтаймын, Нияз.

Нияз тұнжырап үнсіз отыр.

Салиха. Шын ақынға кішіпейілділік жарасқан. Бірақ мынандай өлең үшін қалпағыңызды алшысынан киюге болады.

Нияз. Жетер... Жетер мазақтауың!..

Салиха (таңырқап). Нияз, мен шын көңілден...

Нияз. Білмей тұрған шығарсың, кімнің өледі екенін? Нияз әлі өлген жоқ! Жұрттан өлең қайыр сұрамаспын. Иә, иә. Нияз әлі өлген жоқ! Көрсетермін мен сендерге! Білерсіңдер сонда, Нияздың кім екенін! Қош болыңдар!

Нияз шығып кетеді. Салиха мен Бағила аң-таң. Ләззат оның

ізіне үміт көзімен сүйсіне қарап қалған.

Ләззат. Оның сәтсіздігі маған ауыр тиетінін білесің ғой, Салиха.

Салиха. Білгенде қайт дейсің? Сен жаман өлеңін басқанмен, ол жақсы бола ма? Әйелдің мұңын әйел түсінетін сияқты еді. Не қалды араларыңда?

Ләззат. Не де болса үзілмей тұрған бір нәрсе бар. Мен өзімді оның алдында айыпты сАпаймын.

Салиха (таңырқап). Сен бе?

Ләззат. Иә, оның алдында үлкен айыбым бар сияқты. Шын махаббат адамды өрге сүйрер еді. Менің махаббатым кері кетірді. Жолым сәтсіз екен.

Салиха. Сенің өзіңді айыптайтын түгің де жоқ. Егер болса — ол айыбың Ниязды танымай қалғаның.

Ләззат. Жоқ, Салиха! Қартайса да тұрмысқа икемсіз, нәзік адамдар болады. Олар ақындар. Ол кемшілігі емес — жаратылысы. Олар әйел махаббатынан гөрі Апалық махаббатқа зәру. Нияз да сондай. Оның қамын ойлап, шын жаны ашып, жақсылыққа жетелейтін әйел қайда?!

Салиха. Сонда немене, ол ақын болса, сеп ақын емессің бе?

Ләззат. Мені қойшы. Мен әйелмін ғой. Өз махаббатым үшін алыса алмағандығым да сол нашарлығымнан шығар. Бір сыннан өтіп екіншісіне тірелгенде жүрегім тайқып шыға келді. Сүйген адамымды тастай қаштым. Егер менің махаббатым күшті болса, Ниязды барлық пәле-жаладан алып шығар еді ғой. Соған жарамадым.

Салиха. Ұзаққа созылған бір сары ауру болушы еді, кісі қанша күдер үзіп, мезі болса да демі үзілгенше қимайтын. Бу да саған сол сары ауру болған екен ғой.

Ләззат. Осыдан он жыл бұрын — «Бүйте берсек сыйласудан қалармыз!» деп арамызды үзіп тастап ем. Бір нәрсені бұлдіріп алған баладай шошып кетті. Сондағы үрпиген қорқынышты кескіні әлі көз алдымда. Біреуге көңілім кете бастаса, құшақтағым келсе — Нияздың сол жаутаңдаған көзқарасы, бала сияқты дәрменсіз кескіні көз алдыма кеп тұра қалады.

Салиха. Ол масыл еркектің мүсәпірсіген мүләйім кескіні. Монтаны кескін. Соны да танымағаның ба?

Ләззат. Жоқ, жоқ... Сен шын сүйген адамның көзқарасының қандай болатынын көрген жоқсың. Білмейсің. (Сәлиханың ренішпен қадала қарағанын көріп.) Ғафу ет,

Салиха. Маған ренжіме. Мүмкін мен тұлыпқа мөңіреп жүрген шығармын. Сол алыс жүрсе де, жақсы жүрсе арманым болмас еді ғой.

Салиха. Әнекей, бары алдыңда жатыр. Жауабын өзің берерсің. (Шығады.)

Ләззат— Салиханың соңынан ұмсына түсіп, отырып қалады.

Нияздың өлеңдерін алдына алып көз жүгіртіп, ауық-ауық тыжырынып қалады.

Қуантай кіреді. Бұ да өзгерген. Қазір толысып жетілген, түрі инабатты.

Қуантай (есік алдынан). Рұқсат па екен?

Ләззат (басын көтермей). Кіріңіз.

Қуантай. Сізге сәлем беруге рұқсат етіңіз.

Ләззат (басын көтеріп, қуанышты). Қуантай!.. (Орнынан ұшып тұрып қол алысып амандасады.) Апыр-ау, сен қайдан жүрсің?

Қуантай. Мысыр шаһарынан келдім.

Ләззат. Мысыр шаһарынан? А-а, сені Египетте жүр деп естіп едім ғой.

Қуайтай. Өздерің амансыңдар ғой. Апам қалай, қуатты ма?

Ләззат. Апаң қартайды. Апаңның өзі түгіл қызы да қартая бастады.

Қуантай. Қой, ондай сөзді айтпай тұра тұр әлі.

Ләззат. Айтпақшы сен қажыға барып келген адамсың ғой. Енді сенің қолыңды алудың өзі тәбәрік.

Қуантай. Қажылыққа жете алмадым. Бірталай араб елдерін аралап едім, бірақ Мекеге бір жолым түспеді.

Ләззат. Қабарыңды тек сыртыңнан естіп жатырмыз. Мықты ғалым болып алдың. Ылғи шетелге қызметке жібереді сені.

Қуантай. Ол мықтылықтан емес, Ләззат. Өзге ғалымдардың семьясы, бала-шағалары бар. Мен болсам атқа жеңіл құбаша. (Пауза.)

Ләззат. «Елді сағындым» дейсің. Баяғы кеткеннен елге оралып соқпадың ғой.

Қуантай. Тіршілік деген итті білесің ғой. Ылғи қауырт жұмысың болады да, елге баруды кейінге ысыра бересің. Артынан ойлап қарасаң — еш нәрсе жоқ екен. Өстіп жүріп, өртеніп бара жатқан өмірді де өткізіп аламыз ба, қайдам.

Ләззат. Мен сені техника ғылымынан басқаны ойлауды қойған ба деп жүрсем, философ бола бастағансың ба? Фани жалғанның қысқалығын ойлайтын болыпсың ғой.

Қуантай. Бұрын өзі ауылдың баласы ойыншыққа қызыққандай техникаға құнығып кеткен екемін. Қазір басымды көтеріп жан-жағыма қарайтын болдым. Мен бір қызық айтсам — сенбейсің ғой.

Ләззат. Неге сенбеймін, айт.

Қуантай. Адамда барлық пәлені оятатын сағыныш па деймін. Соңғы үш жыл да Мысырда жүргенде елді сағынғаным бар-ау... Жоқ, оны айтып жеткізуге тек сенің1 тілің керек. Шынымды айтсам ағайын-туғаннан гөрі жерді көбірек сағындым. Үймоланың сайын, қарасорды, ауыл сыртындағы қыратты. Осындай да болады екен..

Ләззат. Иә, содан?

Қуантай. Содан елге оралысымен, Москвадан тура ауылға тартып кеттім. Шынында да қазір ауылда мен сырласатын адам көп емес. Көбінесе даланы кезіп кетем.. Әрбір жусан мен бұта ескі танысым сияқты көзіме оттай басылады. Олар да мені сағынып қалғандай... Кәдімгі бір тірі жәндік сияқты құнжың-құнжың етеді. Биылғы көктемнің өзі де бір ғажап екен.

Ләззат. Өз далаңның сырын ұғу үшін Мысырға барып келу керек екен ғой.

Қуантай. Кейде оп-оңай нәрсені түсіну үшін ұзақ жыл бейнет кешу де керек. Ауыл сыртындағы қыратты кезіп жүргенімде — көз алдыма көктем лебіне мас болып, қуанышы қойнына сыймай жүрген кішкене қыз елестеді. Со кезде мен де даланың әуенін естігендей болдым. (Пауза.) Дала ән салады екен, Ләззат. Тек сол әнді мен өте кештеу естіп қалдым-ау деймін.

Ләззат. Жақсылықтың бәрі олжа, кештігі жоқ қой.

Қуантай. Ләззат, дала сен үшін де ән сала ма?

Ләззат. Иә, Қуантай. Даланың әні үзілген күні мен де бітетін шығармын.

Қуантай. Уақытыңды алмайын. Қазір барып апама сәлем беріп шығайын.

Ләззат. Апам келмей жатып елді сағынып жүр еді. Қуанып қалатын болды.

Қуантай шығады. Ләззат жалғыз. ҚиялдАпа ойланып қалған,

Кенет ыңғайсыз бір жағдай есіне түскендей қиналып, қайтадан

Нияздың өлеңдеріне үңіледі. Нияз кіреді.

Нияз. Ләзтай, амансың ба, бауырым. Алдыңа келіп қалдық мінекей.

Ләззат. Саламатсың ба, отыр.

Нияз. «Дүние кезек» деген осы-ау. Бір заманда сенің алғашқы өлеңдеріңе мен төреші болып едім. Енді маған сен төреші болдың.

Ләззат селк ете түседі. Сонау алыстан

Нияздың даусы құлағына саңқылдап тұр.

Нияздың даусы. Мынау өлең ғой. Ал, бауырларым, нағыз өлең мұнда жатыр екен... Рақмет, бауырым, рақмет. Еншала қателеспеспін, қазақ әдебиетін тағы да бір тамаша ақынмен құттықтауларыңа болады...

Нияз. Ләзтай, менің өлеңдерімді өзің қарап шыққан шығарсың...

Ләззаттың ой даусы. Нияз! Әдебиет жолы қиын жол. Ауыр сапарды қалаған адам оңай өмір сүре алмайды. Жазушы деген өмір бойы сахнада жүретін адам. Жұрт көзі оның әр адымын қапы жібермейді. Жан аярлығыңды, жалғыз тамшы күшіңді іркіп қалғаныңды кешпейді олар. Майданда қорқақ жауынгер жексұрын болса, әдебиетте жалған жазушы жексұрын. Ойлан... Дүниеде жексұрын болудан жаман нәрсе жоқ! Күшің бар. Жүрегің бар. Тек жеңіл жолға түсіп кеттің. Өзіңді өзің ақтап ал!..

Нияз. Ләзтай, ay Ләзтай, айтсайшы енді пікіріңді.

Ләззат. Жалған наз жараспайды екен.— Нияз, мына өлеңдерің жарамайды.

Нияз. Сонда... Сонда қалай?.. түгел жарамай ма? (Ләззат басын изейді.) Мен сенен мұны күткен жоқ едім.

Ләззат. Мен де сенен мұндайды күткен жоқ едім. Өзің ойлашы, Нияз. Осындай жауыр болған арзан сөздер екінің бірінен шығады...

Нияз. Сен ғұрлы өлең жазу қолымнан келеді. Саған жақпады деп, халыққа жаққан өлеңімді өртей алмаспын.

Ләззат. Нияз, мен саған шын көңіліммен айтып отырмын ғой. Ойласайшы өзің... Бұлай жазуға болмайды...

Нияз. Бұлай пікір айтуға да болмайды. Мен де түсінем. Кек алудың қапысын аңдыған екесің ғой. Жоқ, бауырым, оның реті келе қоймас. Түптей келгенде айыпты мен емес... өзің...

Ләззат сұмдық көргендей көзі шарасынан шығын, шошын қалған.

Нияз да асып кеткенін біліп оқыс тоқтайды. Пауза.

Ләззат. Кет!..

Нияз (жүні жығылып). Ләзтай... Ay, Ләзтай... (Пауза.)

Ләззат. Жә... (қолының ұшымен папканы нұсқап.) Мынауыңды ала кет.

Нияз мойнын ішіне тартып, сүмірейіп шығып кетеді. Бірінші бөлімнің басындағы сахна. Ләззаттың үйі. Ләззатты сол бастапқы күйзеліс халінде көреміз. Ол ақырын келіп жазу столына отырады. Қатты ойланып қалған. Көз алдынан жалт етіп қысқа-қысқа елестер өтеді. Елестер:

Салиха. Жылама, Ләзтай, жылама. Жүрегіңнің қанын сорғалатып отырып жазған екенсің ғой, сорлы бала... Тағдыр маған, тым болмаса сенің қасіретіңді де бермеді ғой.

Бағила. Екі айналып келмейді бұл жалған. Реті келгенде сыбағаңды қарбытып-қарбытып асап қалмасаң, кезіңді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді. Ойбай-ау, аларыңды алып қалмайсың ба?!

Нияз. Мен де түсінем. Кек алудың қапысын аңдыған екесің ғой. Жоқ бауырым, оның реті келе қоймас. Түптей келгенде айыпты мен емес... өзің...

Апа. Осы бір жолға түсіпсің, Менің саған тілеген Жолым емес еді бұл. Ондай адамға еретін сөз де, оған тасадан атылатын оқ та көп болады. Қасіретіңнің алды осы болғанмен арты осы болмай ма деп қорқам, балам.

Қуантай. Дала ән салады екен. Тек сол әнді мен кештеу естіп қалдым-ау деймін.

Ләззат стол басында, ауыр ойда.

«...осының бәрін қағаз бетіне түсіріп, өз бойынан бөлін тастайды. Нияз енді бұрынғыдай көңіл түкпірінде емес, көп. Кейіпкерінің; бірі боп кітап бетіне көшеді. Содан кейін ертеңнің орнындай қайта тазарған жүрегі үлкен сезімге, шынайы достыққа ашық болмақ».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз