Өлең, жыр, ақындар

Қызықты және пайдалы мәліметтердің ең ауқымды жинағы 1

» 1971 жылы Жапонияның Исигаки аралында болған биіктігі 85 метрге жеткен толқын – дүние жүзіндегі ең үлкен толқын болып табылады.

»  Польша королі Августтың 350 баласы болған.

» Суық климатта өмір сүретін тұщы су тасбақаларына жататын тасбақалар күзде терең тыныс алып, су астына түсіп, көктемге дейін өмір сүреді. Үш ай оттегісіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырауынан энергия алады. Олардың жүректері минутына бір рет соғады.

»  Осман Империясының ілгерілеу дәуіріндегі жер көлемі 24 миллион км2 ауданды қамтыған.

» Немістің ұлы композиторы Бетховен соңғы шығармасын (әуенін) соқыр күйінде жазған.

» Париждағы Версаль сарайының 1300 бөлмесі бар, алайда ешқандай әжетханасы жоқ.

» Егер де жұп шыбынның сәуір мен мамыр айларындағы жұмыртқаларынан толығымен шыбын шығатын болса, дүние жүзін 14 метр биіктіктегі шыбын қабаты қаптайтын еді.

» Эйфель мұнарасының құрылысына жалпы 6400 тонна болатын 18100 темір бөлшектері қолданылған.

»  1 кг лимонда 1 кг құлпынайдан да артық шекер бар.

»  Қолтырауындар түстерді ажырата алмайды.

»  Тек қана еркек тотықұстар сайрайды.

»  Жарты кг бал алу үшін аралар 2 млн-нан аса гүлді өсімдіктер шырынын өңдеуі қажет.

»  Інжулер сірке суында ериді.

»  Сәбізге рең беретін каротин (сарғыш-қызғылт пигмент).

»  Шолпан – сағат тілі бағатымен айналатын ғаламшар.

»  Ең көп асфальтты жолға ие болған өлке – Франция.

»  Эйфель мұнарасының төбесіне шығу үшін 1792 баспалдақтан өту керек.

»  Адам өзінің шынтағын жалай алмайды.

»  Адамдар өте қатты түшкіретін болса, қабырғалары сынуы мүмкін.

»  Доңыздар дене бітімдерінің салдарынан бастарын жоғары көтеріп, аспанға қарай алмайды.

»  Әлемдегі халықтың 50% мүлдем телефонмен сөйлеспеген.

»  1 сағат құлаққап (наушник) тыңдағанда құлақтағы бактериялардың саны 700 %-ға артады.

»  Ұшқын сіріңкеден бұрын табылды.

»  Саусақ іздері сияқты тіл іздері де адамға тән ерекшелік болып табылады.

» 2 500 м тереңдікте және 300oC ыстықта өмір сүретін бактериялар да бар.

» Ішектерімізде 400 ден аса бактериялар бар. Бұл бактериялардың ішектеріміздегі саны жасушаларымыздың санынан да көп.

» Азық үшін адамға бас салатын жалғыз жануар – аю.

» Қасқырлар 30 км қашықтықтан бөлтірігіне азық тасиды.

» Шалғынды қасқырлардың (койот) ең сүйікті тағамы – қауын.

» Пираниялар (жыртқыш балықтар) үш тістегенде адамның қолын білегінен жұлып алады.

» Ұрғашы көк киттердің ұзындығы 34 м және күніне 3.000000 калория алады.

» Эдисон электр шамына қажетті материалды табуы үшін 3000 рет тәжірибе жасаған.

» Бірінші дүниежүзілік соғыста 2 500 000 ат қолданылды.

» Темекінің құрамындағы шайырлы (смола) затқа жасалған тәжірибенің нәтижесінде тышқанның арқасына жағылған жерден қатерлі ісік пайда болған.

» Ашық аспанды түнде 1000-нан аса жұлдызды көруге болады.

» Кез келген мұхиттан ең қашық жер - Қытай.

» Дүние жүзінде минут сайын аз қарқындылықпен жер сілкініп тұрады.

» Үндістанда жылына дүниеге келетін балалар саны Автрияның жалпы халық санынан артық.

» Ресейдің төрттен бір бөлігін орманды алқап алып жатыр. Бұл алқап Түркияның жер көлеміне тең.

» Тарих бойынша жер бетіндегі алтындардың 200-ден аса көп бөлігі мұхиттарда кездеседі.

» Иттердің тері бездері аяқтарының астында.

» Қиярдың 96 % судан тұрады.

»  Адамның тез өсетін тырнағы – бас бармағы, ең жай өсетін тырнағы – ортаңғы саусағы.

»  Гавай әліппесінде 12 әріп бар.

»  АҚШ-тың алғашқы президенті Джон Кеннеди 20 минутта төрт түрлі газет оқи алған.

»  Ескі заманда мумиялардың (бальзамдап, бұзылмайтын, шірімейтін етіп тасталған өлік дене) аяқ саусақтары да бір-бірлеп мумияланған.

»  Әткеншекті тоқтамастан тербету рекорды 440 сағатқа жалғасқан.

»  Шыны сынған кезде паршаланған бөлшектерінің жылдамдығы сағатына үш мың милдік (4828,032 км) жолды құрайды.

»  Адамның шашы 3 кг салмақты көтере алатындай серпімді болады.    

»  Бетховен әуен жазбастан бұрын басын суық сумен жуады екен.

»  Дүние жүзіндегі жануарлардың 80 % алты аяқтылар.

»  Тек қана уранды еш құралсыз, жай көзбен көруге болады.

»  Құрбақалар еш нәрсе ішіп жеместен үш жыл бойы өмір сүре алады.

»  Адамдарды саусақ ізінен, ал иттерді мұрын ізінен тануға болады.

»  Эскимостар тоңазытқышты азықтарын сақтау үшін қолданады.

»  Көзіміз ашық тұрған күйде түшкіру мүмкін емес.

»  Ыстық су суық судан да ауыр болады.

»  Адамдар жылына 1500 рет түс көреді.

»  Кетчупты бұрын дәрі ретінде қолданған.

»  Аққұба түсті адамдардың қара торыларға қарағанда шаштары қалын болып келеді.

»  Адам күніне 23 мың рет тыныс алады.

»  Дүниеде ең көп қолданылатын есім – Мұхаммед.

»  Денеміздегі ең күшті бұлшық ет – тіл.

»  Дельфиндер бір көздерін ашып ұйықтайды.

»   Нәрестенің  ұрықтанудан бастап  дүниеге келуіне дейін салмағы 5 миллион рет артады.

»  Аттарда адамдарға қарағанда 18 артық сүйек бар.

»  Көк киттердің дауысын 850 км қашықтықтан естуге болады.

»  Пілдер күніне орта шамамен екі сағат ұйықтайды.

»  Мысықтар үшін жетінші қабаттан құлау отыз екінші қабаттан құлаудан да өте қауіпті. (Себебі, мысықтар алтыншы қабаттан ғана ең үлкен жылдамдықпен түседі.)

»  Көбелектер аяқтарымен дәм сезеді.

»  Киттің баласының бойы 10 метр болады.

»  Киттер күніне 1500 тонна су жұтады және бұл судың бір бөлігін қайтадан шығарады.

»  Инеліктердің 30000 көзі бар.

»  Шаяндардың төменгі қалташығында жүздеген балалары бар.

»  Бірқазандар судағы балықты үстінен көрген кезде  дереу сол жерді мөлшерлеп, суды ішіне қарай тартып, кейін суды сыртқа қайта шығару арқылы балық аулап жейді.

»  Шимпанзелердің ең сүйікті тағамы – құмырсқа. Олар құмырсқаны: жерден бір шыбықты алып түкіріктеп, құмырсқалардың ұясына сұғып, шыбыққа үймеленген құмырсқаларды жейді екен.

»  Шимпанзелер жүзу білмейді.

»  Емен ағашы елу жыл жаңғақ бермейді.  

»  Иісті балдыркөктің (сельдерей) беретін калориясынан жеуге жұмсалатын калориясы көп болады.

»  Мысықтардың миында 32 бұлшық ет бар

»  Хамелеондардың (құбылғы кесіртке) тілдері өздерінің денесінен екі есе ұзын болады.

»  Көптеген асыл тастардың химиялық құрамы бірнеше элементтерден тұрады. Ал бриллианттар толығымен көміртектен тұрады.

»  Кір жуғыш машинаны алғаш рет 1907 жылы Хурлей Машина компаниясы ойлап тапқан және аз уақыттың ішінде сатылып кеткен.

»  Орта шамамен бір еркектің өмірінің 3350 сағаты қырынумен өтеді.

»  Өтіп кеткен 3500 жылдың тек 230 жылы ғана бейбітшілікпен өткен.

»  Адам 8 жыл, 7 ай және 6 күн еш тоқтамастан айқайлатын болса, бір шыны аяқ кофе қайнататын энергия өндіре алады.

»  Полюстердегі аюлар солақай болып келеді.

»  Бүргенің өз бойынан 350 есе қашықтыққа секіре алуы – бір адамның футбол алаңының бір бұрышынан екінші бұрышына секіре алуымен тең.

»  Секіре алмайтын жалғыз жануар – піл.

»  Ұлулардың (бауырымен жорғалайтын құрт) төрт көзі бар.

»  Түйеқұстың көзі миынан да үлкен.

»  Қолтырауынның көздерінің арасындағы қашықтық аяқтарының үлкендігіне тең.

»  Аралардың кейбір гүл шоғырынан алған балдары улы болады. Алайда, араларға еш зиянын тигізбегендіктен, аралар бұл гүлдерден де шірне (нектар) жинайды. Бірақ балдары адамды улайды. Бұл балға есерсоқ бал делінеді.

»  Егістікке зиян тигізетін шыбын-шіркейлердің бүгінге дейін белгілі болған сандары бір миллионға жуық. Негізі 10 миллионға жуық шыбын-шіркейлер бар.

»  Әлемдегі ең үлкен жануар – көк киттер. Салмағы отыз пілдің салмағындай және көздері футбол добының үлкендігіндей.

» Стамбулдағы Сулеймание мешітіндегі төрт мұнараның болу себебі Заңшығарушысы Сұлтан Сулейманның Стамбулды жаулап алғаннан кейінгі төртінші патша екендігінің және төрт мұнарадағы азан шақырылатын 10 жердің Осман дәуіріндегі оныншы патша екендігін білдіреді.

» Адам бойындағы тамырдың жалпы ұзындығы 150 мың км және жер мен күннің арасындағы қашықтық 150 миллион км.

»  Бүйелер екі жарым жыл қоректенбестен өмір сүре алады.

Өзіңіз білетін қызықты дерктермен пікірде бөлісе отырыңыздар.

Назар аудар:

Қызықты және пайдалы мәліметтердің ең ауқымды жинағы 2

Біздің психикамыздың жұмысы туралы қызықты 4 факт

Елдерге қатысты қызықты мәліметтер

Адам миына қатысты 30 қызықты дерек


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (18)

Асан

100 емес, 500 емес, 1000 емес... 3000 рет тәжірибе жасау, не деген жігер, не деген қайрат...

Бауыржан

Өте қызықты деректер! Естімеген елде көп...

Газим

Бір таң қалғаным акулалар ауырмайды екен

Гук

Түс көрген пайдалы ма? Жəне оны есте сақтаудың қажеті бар ма?

жасулан

осы мəліметерді қолдануға болама
ВИДИО ҒАНА

Ыдырыс

Ресейдин 4/1 орманды алкап болса ол калай туркиянын жер колемимен бирдей болады?

Нұрай

сіздер өте кереметсіз де.Кызыкты мәлімет тер дің бәрін сіздерден аламын
мәлімет теріңіз өте тамаша.☺

Жазира

Сіздермен келісем .!!!бұл жаңалықтар ,яғни мағлұматтар өте керемет! Оқи отыра таң қалдым

неткен керемет

Азамат

Алуа

Маған бұл сайт ұнайды . Сол арқылы мен сабақтардан үнемі ең жақсы боламын . Үлкен рахмет. Сауболыңыздар .

Боташка

оте керемет❤️

Болат

шынымен де қызықты деректердің ең ауқымды жинағы, әрі пайда жинағы екен

Алмат

Қызық екен!

Али

Маған бұл сайт ұнайды . Үлкен рахмет.

Ерлан

Денеміздің қан айналмайтын жалғыз мүшесі - көздің қасаң қабығы

Юля

Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан.

Али

Қызықты деректер екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар