Жануарлар жайлы қызықты деректер

— Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.

— Қасқыр ақылды жануарлардың бірі болып табылады.

— Күзендер күніне 20 сағатқа дейін ұйықтайды.

— Француздар көгершіндерді «ұшатын егеуқұйрықтар» деп атайды.

— Жолбарыстардың жүні де, терісіде жолақты болады.

— Жылқының сүйек саны адамның сүйек санынан 18-ге артық.

— Жер бетіндегі жануарлардың ішінде керіктердің (жираф) жүрегі ең үлкен және қан қысымы ең жоғары.

— Керіктің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см.

— Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады.

— Тауықтың ең ұзақ ұшуы тіркеу бойынша 13 секундқа созылған.

— Жапырақ кескіш құмырсқа өзінің салмағынан 50 есе артық жүкті көтеріп таси алады.

— Пілдің миының салмағы оның дене салмағының 0,27%-ын құрайды.

— Мысықтың жағы жан-жаққа қозғала алмайды.

— Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады.

— Игуана су астында 28 минутқа дейін болады.

— Жұлдызқұрттың денесінде адамға қарағанда бұлшық ет көбірек.

— Ягуарды заң бойынша қорғайтын жалғыз мемлекет – Белиз.

— Егеуқұйрық түйеге қарағанда ұзақ уақытқа сусыз шыдай алады.

— Сары шымшық балапандарын күніне 1000 рет тамақтандырады.

— Акула өзінің жемтігіне шабуыл жасағанда жемтігі жарақаттамау үшін көздерін жабады.

— Араның шағуынан жыл сайын улы жыланның шағуына қарағанда 3 есе көп адам өледі.

— Ұлудың қозғалыс жылдамдығы – 1,5 мм/сек.

— Жылан 3 жыл қатарынан тамақтанбай-ақ ұйықтай алады.

— Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.

— 12 қабаттан құлап келе жатқан мысықтың 7 қабаттан құлап келе жатқан мысыққа қарағанда тірі қалу мүмкіндігі көп.

— Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік – құмырсқа.

Оқуға кеңес береміз:

Жануарлар балаларымен

Жануарлар қалай көреді?

Жануарлардың рентген суреттері

Жануарларда интеллект бар ма?

Әлемдегі ең қатты тістейтін (шағатын) тіршілік иелері


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Мұхамедиұлы

Сиыр күніне, орта есеппен алғанда, 400 литр метан газын бөліп шығарады екен.

Түкті араның көзінде шаш өседі. Сол арқылы гүл тозаңын жинайды.

Чау-чау тұқымдас иті өзге иттерден тілінің қаралығымен ерекшеленеді.

Пікір қалдырыңыз