Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты. Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген бала-шағалы, ал Ибраһим әлі бойдақ екен. Екеуінің ортақ егіс алқабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, шыққан өнімді екіге бөлісіп, күнелтеді.
Бір жылы бидай егеді. Шыққан бидайды орып, екіге бөледі. Кейін осы бөлістірген бидайларды тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, сен осында күте тұр, мен қаптарды алып келейін» — дейді. Ибраһим: «Жарайды аға»-деп астық басында қалады. Халил қаптарды алып келуге кеткенде інісі ойланады: «Ағам үйленген, бала-шағасы бар. Маған қарағанда оған көбірек бидай керек» — деп, өзінің үлесіндегі бидайдан бірнеше күрек бидай алып, ағасының бидайына қосып қояды. Кейін ағасы қаптарды алып келіп: «Қане Ибраһим, тасуды алдымен сен баста»- дейді. Ибраһим: «жарайды» деп бір қапты толтырып алып кетеді. Ол кеткен кезде ағасы ойланады: «Аллаһқа шүкірлер болсын. Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Бірақ інім әлі бойдақ. Оған әлі көп жұмыс істеп, ақша табуы керек. Үй құрып, үйленуі керек» деп, өзінің бидайынан біраз күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы да оның үлесіне қосып қояды. Ағасы да өз кезегінде бірнеше күрек інісінің бидайына тастап отырады. Осылайша біршама жалғасады, бірақ бұл істен бір-бірінің хабары болмайды. Соңында кеш батып, күн қараяды. Ал бидайдың таусылатын түрі жоқ, тіпті азаймайды да. Аллаһу та’алаға бұл жағдай қатты ұнайды. Бұл бидайларына Хақ та’аланың береке бергені соншалық, қаншама күн тасып, бидайды тауыса алмаған екен. Олар бұл жағдайға таң қалады. Бидайлары азаюдың орнына керісінше көбейіп, қоймалары толып тасып кетеді. «Берекелі болсын» деген тіркестегі береке сөзінің шынайы мағынасын осы мысал айқындап тұрғандай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі