Өлең, жыр, ақындар

Төле бидің айтқаны

«Жылқыдан жылқының артықшылығы етінде де емес, жүзден жүйрік-мыңнан тұлпарлығында да емес, түбінде біз оны жейміз.

Сондықтан бір-ақ асым еті артық.

Ал қатыннан қатынның артықшылығы сұлулығында емес, тұла бойында да емес. Сұлу болсын болмасын, əр қатынның өзіне жарасымды қылығы болады. Сондықтан қылығы артық.

Ал жігіттен жігіттің артықшылығы, ол мыңды басқарған батыр болсын,

қол басқарған қолбасшы болсын,

ел басқарған хан болсын, артықшылығы онда емес.

Ер жігіттің артықшылығы бір-ақ ауыз сөзінде, егер сол сөзінде тұра білсе» — деген екен...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз