Өлең, жыр, ақындар

Рождество мен жаңа жылдың тарихы

Христиан әлемі желтоқсан айының 24-нен 25-не қараған түнді хазреті Исаның туған күні ретінде тойлайды. Алайда, хазреті Исаның тіпті туылған жылы да белгісіз. Оның үстіне, алғашқы кездері шіркеулер хазреті Исаның туған күнінің тойлануына қарсы еді. Римдықтар қыста жарық құдайы Митраның өздерін қалдырып кеткеніне қайғыратын. Ал күннің ұзара бастаған кезі 25 желтоқсанда болса күннің құлдықтан құтылу құрметіне ауқымды арсыздық аралас ойын-сауықтар ұйымдастыратын. 354 жылы Рим епископы Либериустың бұйрығымен 25 желтоқсан хазреті Исаның туған күні ретінде ресми түрде тойлана бастады.

Ал бұл түнге «Christmas», Рождество атауының қойылуы болса 597 жылы жүзеге асқан. «Christ» — хазреті Исаның есімі. Мақталған деген мағынаға келетін грекше «Hıristos» деген сөзден шыққан. «Mass» — нан және шараппен орындалатын христиандықтың әйгілі діни салттары. Цезарь жыл басын 1 қаңтарға ауыстырды. Ал күн мен түн теңескен уақыт 21 наурыз болса Иран күнтізбесінің жыл басы Наурыз және Зардушт мейрамы еді.

Бүкіл қоғамдарда жыл басы (жаңа жыл) тойланады. Осман Империясының мұсылмандары жаңа жылды Мухаррам айының басында тойлайтын, бірін-бірі құттықтап, сыйлықтар беретін.

Сауда-саттық жақсы жүретіні және көп пайда түсіретіні үшін заманымызда осы сияқты күндерге деген құштарлық ынталандырылуда. Шырша ағашына алғаш рет шамды Лютер жаққан. Бұл яһудилерден келген дәстүр. Алғаш рет 1837 жылы Францияда Орлеан герцогинясы Хелена Тюильри сарайына жаңа жылға қарсы шырша ағашын алдырды. Кейінірек бұл әдет бүкіл әлемге жайылды. Ал түйетауықтың (индейка) Рождество мен жаңа жылға еш қатысы жоқ.

Оқуға кеңес береміз:

Санта Клаус сандырағы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз