Кəсіпкер көжек
Мамық — сүйкімді көжек! Өзі сондай өжет! "Қоянмын" — деп тұрған жоқ... Ешкімнен қорықпастан есігінің алдынан дүкен ашып қойды. Тіпті егіз қонжықтар Томпи мен Монтиды күзетші қылып жалдап алды...
Əртүрлі жеміс-жидектер мен жаңғақтардан тосап қайнатып дүкен сөрелеріне тізіп тастады! Еттартқыштан сəбіз, қызанақ, пияздарды өткізіп, бұрыш қосып тəтті салаттарды да жасап қойған... Тəтті бəліш, самса, бауырсақтың да неше атасын пісіріп, аспаздықты жайнатып жіберіпті.
Таң атпай сылаң қағып Түкең келді:
— Сəлем Мамық! Жаңа піскен тəтті - дəмдіңнен не бар?
— Сəлем бердік Түлкі апай! Алдыңыздағының бəрі жаңа піскен! Қайсысын салайын?
— Самса нешеден?
— Самса — 120, бəліш — 70, бауырсақтың кілісі — 700 ден деді Мамық.
— Маған 5 самса, 7 бəліш, жарты кілі бауырсақ жəне анау 500 теңгелік тосаптан екі құтысын бере ғой- деді Түкең.
Қане балақандар?! Кім есепке жүйрік? Түлкі қанша ақшаға сауда жасады?
Гүлмекен Тікебаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аруна
Еңбегіңіз жемісті болсын!