Надир шах

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Тарих / Надир шах

Надир шах — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — Надир шах, Афшар, Афшаридтер әулеті, Иран — осы тақырыптарға байланысты.

Надир шах Афшар 1688-1747 жылдар аралығында өмір сүрген, Иранды билеген шах. Хорасанның Дерегез деген жерінде дүниеге келген. Оны Надир-кули бек деп те атаған.

1736-1747 жылдар аралығында Афшаридтер әулетінің негізін қалады.

1730 жылдың көктемінде түріктерге қарсы соғыс ашып, осыған дейін жоғалтқан біраз аймақтарын қайтарып алды.

Надир шахтың жаулап алушылық соғыстарының нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Грузия, Дағыстан, Ауғаныстан, Белуджстан, Хиуа және

Бұхар хандықтары провинция ретінде бірігіп, үлкен империя құрылды.

Надир ресми түрде 1736 жылдың 8 наурызында Иранның шахы ретінде таққа отырды.

Надир шах 1737-1738 жылдары Солтүстік Үндістанға жорығын бастады. Осы жорықтан бұрын 1738 жылы ол ауған қаласы - Қандағарға басып кірді.

Надир шахтың мазары

Надир шахтың мазары

Ал 1739 жылы Ұлы моғол империясының астанасы - Делиді жаулап алды. Үндістаннан тонаған байлыққа Надир шах парсы теңіз флотын салдырды. Бахрейн аралын арабтардан қайтарды.

Надир шах Ирандардың ақша соғу жүйесін өзгертіп, "надери" деп аталатын күміс тиындар соқтырды.

Ол салықтан түскен ақшаның көбін соғыс шараларына жұмсады. Осыдан кейін елде көптеп көтерілістер орын ала бастады. Бірақ Надир шах көтерілістерді аяусыз басып отырды. Ол Әмір-Темір сияқты өлген адамдардың бастарына мұнаралар тұрғызған.

Надир шах 1747 жылы Хорасанның Хабусан деген жерінде қайтыс болды. Оның мазары төбенің басында орналасқан.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Дәмір

Керегіме жарады, рахмет!

Түріктерге қарсы соғыс

1726 жылы Сефеви әулетінің өкілі шах Тахмасп ІІ-нің ауған әскерлерімен соғысына өз жасағымен қатысты. Бірте-бірте әскери билікті қолына алған ол Иран әскерінде реформалар жүргізіп, ауған әскерін бірнеше рет ауыр жеңіліске ұшыратты. Сөйтіп, Тахмасп ІІ-ні Иран тағына қайта отырғызды. Осыдан кейін Әзірбайжан мен Иранның көпшілік аумағын басып алған Осман империясына қарсы соғыс бастады. Хорасанда көтеріліс басталып, Надир шах Афшар көтерілісті басуға аттанғанда түріктерге қарсы шабуылды Тахмасп ІІ жалғастырды. Ауыр жеңіліске ұшыраған Тахмасп ІІ түріктердің шарттарына мойын ұсынып, бітім сұрауға мәжбүр болды. Бұл жөнінде хабардар болған Надир шах Афшар Тахмасп ІІ-ні биліктен тайдырып, орнына оның кіші ұлы Аббас ІІІ-ні отырғызды (1732). Надир шах Афшар түріктерге қарсы соғысты жеңіспен аяқтап, Иранды азат етті. Надир шах Афшар Ресейді Каспий теңізінің жағалауындағы аумақтарды Иранға қайтарып беруге мәжбүр етті. 1736 жылы жас билеуші Аббас ІІІ-ні тақтан түсіріп, өзін Иран шаһы деп жариялады.

Медина

Өте керемет ????

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Надир шах деген не?

Бұл бетте Надир шах тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Надир шах материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Надир шах тақырыбындағы материалдар Афшар тақырыбындағы материалдар Афшаридтер әулеті тақырыбындағы материалдар Иран тақырыбындағы материалдар Иран патшасы тақырыбындағы материалдар Хорасан тақырыбындағы материалдар kz2015 жариялаған басқа материалдар