ПІКІР
Бүгінгі күнгі қазақ әдебиетін, оның ішінде қазақ өлеңін асқарала биіктерге көтеріп жүрген замандас ақындарымыздың бірі — Сәкен Иманасұлы екеніне менің күмәнім жоқ. Оның есімі ұлттық поэзиямыздың өткен ғасырдың алпысыншы жылдары жаратылған Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов қатарында тұруға лайық.
С. Иманасов поэзиясы біздің қазақы руханиятымызды недәуір байтты десем, артық айтпаспын деп ойлаймын. Оның қаламынан туған ондаған кітаптардан өзіміз өмір кешіп отырған мезгілдің өлең тілімен күйленіп, кестеленген сазды шежіресін оқып, танимыз. Әрі бұл әлеуметтік ұраншыл, құрғақ декларативтік сарын емес. Анық сұлу, сырлы поэзия. Іштен, жүректен шыққан, кейде мұңды, нәзік, ал көбіне-көп ереуілшіл, бірбеткей, өжет, өршіл поэзия. Иманасовты өзге тұстас ақындардан ерекше айырып, бөлектеп тұратын да — оның осы өжет, өршіл мінезі.
Сәкен ақынның осындай елден ерек жемісті еңбегінің ресми қоғамият тарапынан әділ бағаланатын, сөйтіп ақынның өзін ғана емес, өзге де Сәкеншіл оқырмандарды риза ететін уақыты келді деп білеміз.
30.12.2003 ж Алматы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі