«Педагог» кәсіби стандарты енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Биыл колледждерге академиялық дербестік берілді. 4000 білім беру бағдарламасы жаңартылды. Қалған бағыттар бойынша да оқу бағдарламаларын жаңартамыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес, өңір әкімдіктерімен бірлесіп, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлауды енгізуді қолға алдық», — деді ол.
Министрдің айтуынша, кадрларды мақсатты түрде дайындау келесі жылы да жалғасады.
«Сонымен қатар педагогикалық жоғары оқу орындарының аккредитация стандарты және «Педагогтердің құзыреттілік шеңбері» — «Педагог» кәсіби стандарты жылдың сонына дейін дайындалып, тәжірибеге енгізіледі», - деді Асхат Аймағамбетов.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі