Рим императоры - Траянның толық есімі - Марк Ульпий Нерва Траян, 98-117 жылдар аралығында билік құрған.
Траянның есімі "Траян форумы", "Траян базары", "Траян бағаны" сияқты көптеген қоғамдық ғимараттар салуымен және ауқымды бағдарламаларымен танылды.
107 жылы Траян алыс шығысқа бет алып, Набатеаны жаулап алды. Сонымен қатар қысқа мерзімге Тастақты Арабияның билігін қолына алды.
113 жылы Парфян патшалығына қарсы жорыққа шықты.
116 жылы Сузы қаласына дейін жетіп, Рим империясын барынша кеңейте түсті.
Осыдан кейін ол қайтадан құрылыс жұмыстарын бастап, дамаскілік сәулетші әрі инженер - Аполлодордың үлгісімен Дунай өзенін кесіп өтетін көпір салды.
106 жылы Дакия елін толығымен жаулап алды. Ол бірнеше жаңа ғибараттар, ескерткіштер, сондай-ақ Италия мен өзінің туған жері - Римдік Испанияда көптеген жолдар салды.
Траян елді азаматтық император ретінде биледі. Мансап жолында сенаторлыққа дейін көтерілді. Римдік ғұлама - Плиниймен үнемі хат алысып тұрды.
Ол 117 жылдың тамыз айында Римге теңіз арқылы қайтып келе жатқан жолда науқастанып қалып, Селинус қаласында қаза тапты. Оның табыты Августтың кесенесіне қойылды.
Ары қарай билікті Траянның немере інісі - Адриан жалғастырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
айжан
Керемет
айжан
Ари кыскада, нуска