Өлең, жыр, ақындар

Мұғалімдер өз айлығын электронды портфолиодағы калькулятор арқылы есептейтін болады

ҚР Оқу-ағарту министрілінің аппарат мәжілісінде педагогтің жеке электорндық портфолиосының дизайны таныстырылды.

«Бұл жүйе – өте қажетті жүйе. Жыл аяғына дейін толығымен аяқтауымыз керек. Бірақ ішіндегі барлық тетіктері дайын болғанын күтіп отырмаймыз, біртіндеп іске қоса береміз. Бұл жүйе мектепте істейтін педагогтерге ғана емес, колледж мұғалімдеріне, балабақшадағы әріптестеріміздің бәріне тиесілі әрі қажет жүйе болады. Педагог асттестациясы да толығымен электрондық жүйе арқылы өтеді. Әр педагогтың жеке портфолиосы, білімі, санаты, тәжірибесі, жетістіктері, дипломы, біліктілік курстары туралы сертификаттары, бәрі осы жүйеде болады», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуына қарағанда, электрондық портфолио толық іске қосылғанда мұғалімдер қағаз жүзінде құжат тапсырудан толық құтылады.

«Аттестация болсын, конкурс болсын, директорлық лауазымға құжат өтізу қажет болсын, курсқа жазылса да, түрлі сайыстарға қатысса да электрондық портфолиосы бойынша бір кнопканы ғана басып, қажетті ақпаратты тікелей жібере салуға мүмкіндік алады», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол аталған құрал арқылы мұғалімдердің шағымдану процесі де жеңілдету көзделгенін атап өтті.

«Бұған тағы бір қосымша енгізіп жатырмыз. Қағазбастылық болса, педагогтің құқықтары бұзылса, арнайы фукнция арқылы электронды портфлиоға кіріп-ақ тікелей шағым түсіруге мүмкіндік береміз. Ешқайда барып жатпай, басқа қосымша сервситерге, ақпараттық жүйелерге сүйенбей, осы жерден-ақ, мысалы біздің №130 бұйрықта қарастырылмаған есептер болса, өзіне тән емес жұмысқа мәжбүрлесе, басқа да жағдайларда мұғалім өзінің жеке электрондық портфолиосынан тиісті ақпаратты тікелей жібере алады. Ол ақпарат бірден біздің жергілікті департаменттергетүседі. Олар аталған ақпаратпен дереу жұмыс істеуге міндетті болады. Корпоративтік поштасы да болады. Жаңалықтар да, сауалнамалар да, мұғалімге керек барлық номалар, ақпараттар осы жерге орналастырылып, біздіңәріптестерімізге ыңғайлы болады деп есептеймін», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрлікке қарасты Ақпараттық-талдау орталығының басқарма төрағасы Мағжан Аманғазының айтуынша, портфолиода педагогтің өзіне тиесілі айлығын есептейтін қосымша да орнатылмақ.

«Мұғалімнің жалақысын есептеуге арналған калькулятор, біліктілікті арттыру курсына қажетті құжат тапсыру, Ұлттық біліктілік тестіне қатысуға өтінім беру сияқты көптеген қызметтерді қарастырамыз. Бәрі бірден емес, рет-ретімен енгізіледі», - деді орталық басшысы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар