Өлең, жыр, ақындар

Студенттерге арналған жатақханаларда төлемақының өсуі себебі белгілі болды

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерге арналған жатақханаларда төлем сомасының өсуі себебін айтты.

«Биылғы оқу жылында университет жатақханасында тұру құны ғимаратты күтіп ұстау, қызмет көрсету шығындарына орай өсті. Бұл тұрғыда құрылыс заттары құнының өсімін, күрделі жөндеу, қызметкерлердің еңбекақы қоры, коммуналдық қызметтер, дератизация/дезинфекция жұмыстарын ескеру керек», - делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген мәліметінде.

Ведомство ақпаратына қарағанда, академиялық еркіндік аясында ЖОО құзыретіне оқу процесін жүзеге асыру, кадрларды іріктеу әрі орналастыру, сондай-ақ ғылыми, қаржылық-шаруашылық және Қазақстан заңнамасында белгіленген басқа да қызмет кіреді.

Сонымен қатар, қызметтің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін университеттерде корпоративтік басқару жүйесі – Директорлар кеңесі енгізілді. Осыған дейін университет ректоры жеке шешім қабылдау құқығына ие болса, енді корпоративтік басқару енгізілгеннен кейін ректор орындаушы болып саналады, яғни стратегиялық шешімдерді Директорлар кеңесі қабылдайды. Жатақханада тұру құнына қатысты шешімді де Директорлар кеңесі қарастырады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар