Журналистің қызметі қаншалықты еркін деген сауалға жауап бермес бұрын журналистің кім екеніне көз жүгіртейік. Журналист ең алдымен,ақпаратқа толы майданның жауынгері деп атасақ қателеспейміз. Себебі күнделікті өмірде болып жатқан үлкенді-кішілі жаңалықтар мен ақпараттардың лаулаған қара қазанында қайнап жүреді. Тек өз еліндегі емес ғаламдағы болып жатқан оқиғалардың жаршысы. Нақтырақ айтқанда жақсылық пен жамандықты қатар естіп,қоғамға айна қатесіз жеткізетін тұлға.
Журналистің кім екенін ұғынсақ келесі кезекте журналистің қызметі қаншалықты еркін деген сұраққа жауап берелік.
Қазіргі көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан бұл заманда журналистика мамандығының қарқынды алдыға жылжуы хақ. Яғни журналистер қазіргі таңда өздері қалаған жаңалықты көпшілікке еш кедергісіз тарата алады. Бірақ өкінішке орай біздің елде сөз еркіндігіне рұқсат жоқ. - Көптеген авторитарлық елдердің үкіметі "мемлекет қауіпсіздігін сақтап, экономиканы өркендету үшін қоғамдағы пікір қайшылығын барынша азайту керек" дейді. Яғни қоғамды қиратушы күшке айналмауы үшін баспасөзді бақылауға алып, сөз еркіндігін шектеу керек деген қағиданы ұстанады. Сол себепті көптеген журналистер өз ойларын,айтар пікірлерін,таратар хабарларын белгілі бір тұлғалардың сүзгісінен өткізу арқылы ғана халыққа жеткізеді. Журналистердің қызметінде хабар таратар,төтенше оқиғалар немесе халықаралық жиналыстар өтетін жерлерге баруға толықтай еркіндік берілген. Яғни,тіпті қан майдан соғыс болып жатсада журналистер сол жерден тікелей хабар таратуға қауқарлы. «Журналист деген халықтың қамын, мұңдының мұңын мұңдайтын шынайы шындық туы»демекші бейтараптылықты ұстана отырып билік пен қоғамның арасындағы алтын көпір болып отыр. Журналистика-қызығы мен шыжығы мол,қиындығы мен қызығы зор,шығармашылық жандардың биік өрісіне жеткізетін мамандық. Сол үшінде бұл мамандықты ешқандай сөзге сынып қалмайтын қайтпас қайсар, дарынды,еңбекқор,жаңашылдықтан қорықпайтын жандар ғана таңдай алады. Ал алдағы уақытта біздің елдегі актуалді мәселе сөз еркіндігіне рұқсат беріп,журналистер өз құқықтарын алады деген сенімдемін. Әлбетте,тәртіпке бағынған құл болмайды демекші,дәл қазіргі таңда тәртіп қандай болса соған бағынып,бірақ келешекте ол дүниелердің болмауына ат салысуымыз қажет.
Ержан Еркемай
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі