Өлең, жыр, ақындар

Түркиядағы журналистика

Журналистика әрдайым сұранысқа ие болатын мамандық. Алайда бұл мамандық әр елде әртүрлі дәрежеге ие. Мәселен, Түркия жайлы айтатын болсақ, ол елде тәжерибелі журналистердің дәрежесі өте жоғары, оларға арнайы сары карточка беріледі, және ондай карточкасы бар журналистің алдында көп есіктер ашылады. Одан бөлек билік журналистермен толық санасады, әрі онда Заңды түрде журналистер 4-ші билік болып саналады. Журналистердің қолы мәжілістегі 550 депутатқа еркін жетеді, яғни оларға кез-келген уақытта хабарласып, сұхбаттаса алады. Ең қызығы ол елде сотталған журналистердің біліктілігі жоғары деп есептелінеді, тіпті 59 журналист жаңа жылды абақтыда қарсы алған. Дал осындай жағдайлардан кейін журналистер билікке бас бұрады екен. Журналистері басым жұмысты өздері жасайды, Түркия журналистерінің біліктілігі жан-жақтылығымен өлшенеді, ол – журналист, ол – фотограф, ол – дизайнер, ол – оператор, ол – режиссер, ол – қажет болса түрлі кәсіптің білікті маманы. Түркияда журналистердің дипломына қарағанда қабілеттілігі басымырақ, яғни дипломыңыз болмай, талантыңыз болса жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары.

Түркиядағы теле-радиоларға мемлекеттен қаржылық көмек болмайтындықтан, ол жерде кез-келген адам қожайын. Телерадиодағы басты мәселе-авторлық құқық болып табылады, тіпті қарапайым әнді радиоға қосу үшін алдымен авторына қаржылай ақы төленуі міндетті. . Әр елдің өз ерекшелігі бардай, Түркиядағы журналистердің қызметі осындай екен. Журналистикада тиіп-қашқандар емес, сүйіп қосқандар ғана өмір сүре алады. Себебі, журналистика – жүректің мамандығы.

Гульназ Бахтиярқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз