Өлең, жыр, ақындар

Журналистика - бұл ертеңгі күнге қарағанда әлдеқайда қызықты

Француз жазушысы Бальзак «төртінші билік» деп баға берген бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі таңда қоғам мен мәдениеттің ажырамас бөлшегі. ХХI ғасыр, қазіргі заман - ақпараттық соғыс дәуірі. Себебі, ақпарат - қазіргі кездегі кұнды дүние. Ал журналистика - саласы барлық бағыттың аялық білімін талап ететін құндылыққа толы мамандық. Журналистиканың даму жолында жоғары оқу орындарының маңызы зор. Өйткені сауатты, жоғары квалификацияланған мамандар өздерінің осы жолдағы алғашқы іргетастарын білім ошақтарында қалайды.

ХАТУ университеті - мемлекет бойынша журналистика және репортер ісі мамандығы бойынша алдынғы қатардағы оқу орындарының бірі. Олай деуге нақты дәлелдер баршылық. Халықаралық ақпараттық -технологиялар университеті деп атының өзінде айтылып тұрғандай, бұл білім ордасында IT - журналистикаға басты көңіл бөлінген. IITU-да медиадағы практикалық сабақтар көптеп жүргізіледі. Университет қабырғасында жүріп-ақ еліміздің танымал БАҚ редакцияларының ішкі асханасымен толық танысу мүмкіндігі бар санаулы ЖОО-ның бірі - осы ХАТУ.

Бұл білім ошағында оқығаныма көп болмаса да, өзіме көп жаңалық аштым деп айта аламын. Күнделікті жарияланып жатқан ақпараттарды саралау, бағалауды үйрендім. Сонымен қатар, журналист, тіл маманы үшін маңызды дүние - сауаттылығымды арттыра бастадым. Менің дәл осы білім ордасын таңдау себебімнің бірі - ол университеттің бітіріп кеткен шәкірттерді жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі. Статистика бойынша студенттердің барлығы дерлік медиа саласынан өз орындарын тапқан. Студенттік өмір жайлы айтатын болсақ, бірден ойға ХАТУ түседі. Адам өмірінің ыстығы мен суығы қатар жүретін кезеңің дәл осы университетте өткізудің өзі бір бақыт. Студенттер үшін жұмыс жасайтын мекемелер, әр түрлі тақырыптық кештер, іс-шаралар, танымал тележүргізушілер мен продюсерлермен іскерлік кездесулер - осының бәрі студенттік өмірдің бояуларын қанықтандыра түспек. Сонымен қатар, студенттер де бір - бірінен қамқорлықтарын еш аямайды, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұрады. Болашақ әріптестеріммен тәжірибие алмасу, рухани тұрғыда қолдау алу алға жылжуға жігерлендірері сөзсіз.

Өткенімізбен салыстырғанда қазіргі кезде журналистердің арқасында елде орын алып жатқан жағдайлар бүкпесіз халыққа жеткізілуде. БАҚ-та жария етілген ақпарат ауқымы әлдеқайда өскен, БАҚ саны артқан. Қазір бір облыс емес әр қала жергілікті газет баспасына, телеарнаға ие.

ЖОО-ында замануи БАҚ- қа бет бұрып, теория мен қоса практикалық тұрғыда да мамандарды даярлайды.  Бұл журналистика саласына осы күнге дейін сіңірілген еңбектің жемісі екені белгілі. Қазіргі жастардың жасап жатқан жұмыстарына қарап, болашақта медиа бағыты бұдан да биік белестерді бағындыра алатынына сенім мол.

Қасымбекова Асылжан

ХАТУ студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер