Өлең, жыр, ақындар

IТ журналистикада оқудың қандай ерекшеліктері бар?

Заманауи журналистің ең басты артықшылығы- ақпаратпен жан-жақты жұмыс істеу қабілеті. Медиа нарықта да сұранысқа ие болу үшін, қазіргі талаптарға сай келу керек. Еліміздің бірқатар жоғарғы оқу орындарында журналистика жаңартылған жүйе бойынша оқытылады. IT саласындағы ең үздік университеттердің бірі, ХАТУ білім беру жүйесі студенттерге теориялық біліммен қоса толық тәжірибе беруге негізделген.

Университетте “Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы” кафедрасы 4 тарапқа бөлінеді:

1. Іскерлік журналистика, SMM & PR

2. Цифрлық журналистика

3. Халықаралық журналистика және интернет- қауіпсіздігі

4. Телерадио журналистика.

Бірнеше салаға бөліп оқу арқылы әр бөлімді толық меңгеруге болады. Студенттердің шеберлігін барынша арттыру мақсатында көптеген практикалық бөлмелер мен арнайы студиялар жасалған. Дәстүрлі жазба жұмыстарынан бөлек түрлі проекттер мен мақалалар тек электронды түрде қабылданады. Болашақ мамандар пиар негіздері, конвергентті журналистика пәндерімен бірге ақпараттық технологиялар саласын да жетік меңгере алады.

Сейлбек Аружан

ХАТУ студенті


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз