Журналистің қызметін еліміз қашан бағалап еді? Қоғамда ақпарат таратып, бір-біріне жетуі қиын билік пен халықтың арасында еңбек етіп жүрген жандардың қызметі қандай деңгейдегі бостандықты талап етеді? Әлемдік деңгейде еркін сипат алған бұл мамандықтың да өзіндік қиындықтары мен еркін шектейтін тұстары болады. Теріс оқиғалар мен пікірлерге тап болумен қатар, өз еңбегін кейде ашып жеткізуден бас тартуына тура келіп жатыр. Сөз еркіндігі елімізде әлі де күдік тудырады. Ақпаратты мың саралап, белгілі бір рұқсат алып қана жариялатып жүрген журналистер көп. Әлде барлығы түгелдей осы қатардан ба? Тұлғалардың ықпалынсыз еркіндікпен мәселелерді қозғап, көпір болудың өзі әрбір маман үшін арман. Дегенмен де, еркіндік 100% жоқ емес, бар. Заман мен қоғам талабына орай дер кезінде ақпаратпен қамтамасыз етіп, өз үлестерін қосып жүргендер аз емес. Сөз бостандығына орай мемлекетімізде арнайы заң да енгізілген екен. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі 451 Заңы “Бұқаралық ақпарат құралдары” туралы ережесінің 2-ші бабы, 1 бөлімінде: "Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады" делінген. Яғни, белгілі бір тыйымдарды ескере отырып, шекарадан өтпей сөзіңді еркін бұқараға жеткізу қиын емес. Ақиқат үшін жанын беріп қызмет атқарып, кейде жалған дүниені бұқараға ұсынып жатады. Дамудың алуан түрлі жолы болғандықтан, бұл да еркіндіктік бір кемшілігі.
Қорытындылай келе, журналистің қызметтік еркіндігі бар. Толықтай болмаса да, оны жоққа шығару мүмкін емес. Кейбір жуиналистердің осы сөз еркіндігін асыра сілтеп қолданатындығы тежеулерге әкеледі деп ойлаймын. Тарихымызда болмаған бостандық, қазіргі біз үшін-мүмкіндік. Елімізді жаңа әрі пайдалы, ең бастысы, сапалы ақпараттармен қамтып отыру-мақсатымыз.
"Тұран" университеті, Журналистика факультеті 1-курс, 2-группа: Серикбай Құндыз
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі