Өлең, жыр, ақындар

Психологиялық білімдердің адам өміріндегі маңыздылығы

Құмарғали Дильназ

Психология қазіргі күнде маңызыды рөл атқаратын ғылым саласына айналып отыр. Ол философиядан бөлінгеннен бері талай даму кезеңдерден өтті, яғни күрделі жүйеге айналды. Психологияның адам өміріндегі маңызы баршылық. Себебі тұлғаның дамуында қандай да өзгешеліктер болатын болса, оны жөндеуге психологиялық нормалардың қажеті болады. Жалпы біз мектеп табалдырығын аттағанда, психологтың қабылдауынан өтеді екенбіз. Неліктен? Психолог белгілі бір негіздегі тест сұрақтары арқылы біздің нормаға сәйкестігімізді тексереді. Яғни қоғамдық ортада қалай өмір сүру керектігін қаншалықты білітінімізді, жаңа ортаға сіңісіп кету қабілетімізді тексереді. Міне психологияның адам өміріндегі бірден-бір маңызы осы. . Адам түсінігі  көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады. Психология — жеке тұлғаның рухани болмысы. Дәлірек айтсақ ішкі жан дүниесі мінез-құлқы, түрлі сезімдері, ниеті, ақыл-ойы, құндылықтары. Қай уақытта болмасын психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі. Қазіргі таңда білікті психология мамандары мен өзінің өміріне бейжай қарамайтын, психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер