Өлең, жыр, ақындар

Қазақ білімінің қара шаңырағы - ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жоғары білім жүйесінің университеттік дәстүрлерінің іргетасын қалап, кәсіби ғылыми және педагогикалық мектептерді қалыптастыруының негізі болып табылады. ҚазҰУ бүгінгі таңда елдің ең жоғары оқу орны бола отыр.
1933 жылғы 20 қазанда Қазақ мемлекеттік университетінің іргетасы қаланып, 1934 жылы 15 қаңтарда ресми ашылуы болды. Қазақ мемлекеттік университетінің 1934 жылғы 19 қаңтардағы алғашқы ректоры болып Федот Трофимович Оликов тағайындалды.

Мен Әмірәліұлы Бақытжан осы үздік университеттің 1-ші курс студенттімін.Мен Ұлттық бірінғай тестілеуден 111 балл жинадым.Менің таңдауым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды.Метематика мамандығына түстім.Осы университетті таңдағаныма еш уақытта өкінбеймін.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, ҚазҰУстуденті болу өмірдің үлкен сәттіліктерінің бірі деп санаймыз. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, жоғарғы білімді және ой өрісі кең, бәсекеге қабілетті маман болу үшін жастардың жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін құтты мекен.
 
Әмірәліұлы Бақытжан ҚазҰУ
“МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА”1 курс студенті
Уразгалиева С.А жетекшілігімен


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер