Тілдің қадір-қасиетін арттырып, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеуді насихаттайтын атаулы мереке - 22- қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күні болып жарияланды.
Қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл.
Елдің әрбір азаматы мемлекеттік тілді, ұлттық болмысты айғақтайтын дәстүр мен мәдениетті шетелдіктерге брен ретінде насихаттау қажет. Оған бірден-бір дәлел ретінде сонау XVIII-XIX ғасырға зер салар болсақ, ақын-жазушылар, шешендер тіпті батырлар осы ана тілі арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған.
Тіл тағдыры - ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге, сөйлеуге міндетті. Бұл менің тілге қатысты ұстанымым. Кейде күнделікті өмірде дүкенде, оқу орындарында шетелдіктер қазақша сөйлеп жүргенде ішімде қуаныш сезімі ұялап, өз ана тіліме деген махаббатым арта түседі.
Премьер-министр Әлихан Смайловтың айтуынша, қазақ тілін білмейтіндерге ҚР азаматтығын бермеу туралы жаңа заң қабылданатынын тілге тиек етті.
Бұл дегеніміз, мемлекеттік тілдің құндылығын арттыру мақсатында жасалған қадамдардың бірі.
Мен ҚР бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін өз үлесімді қосамын, аянбай еңбек етемін. Тіліміздің қадір-қасиетін арттырайық!
Жанна Исенали Абдихалыққызы
Әл-Фараби ат.ҚазҰУ Журналистика факультеті, Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті;
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор - Н.Б. Рушанова
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі