Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты.
Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.
Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады
– Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.
– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.
Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты.
– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.
Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:
– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.
Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:
– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.
«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
11.03.2025 12:03
09.01.2025 15:33
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Жулдыз
рахмет издегенімді таптым
Зарма
Маған ұнады іздегенімді таптым бірақ маған жоспары да керек.
Шынар
Көп рақмет. Қалай тауып аламын деп отыр едім.
Нуржамал
Жоспары:1кумырсканын достары,
2 дан, 3 комек сурау, 4 жана достардын комеги, 5 ески достар.
Ақ тілек
Осыны жазған кісіге рахмет
айгерим
оте кушты
сафина
рахмет
Назым
Бірден таптым. Рахмет
Асем
Раxметтт
Рахметт
Керек жоспарымды таптым
Раглдд
Рахмет
Ғани
Спасибо
Асель
Рахмет
Анель
Рахмет бірақ маған
Мәтінін басты мақсаты керек еді