Өлең, жыр, ақындар

Менің таңдауым - Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ)!

Мектеп бітіргеннен кейін әр адамның алдында өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі – таңдаған саласына, мамандығына сай оқу орнын таңдау тұрады. Және де бұл ең маңызды сәт! Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Менде сол секілді өзімнің назарым ауған, көптің арманы болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтадым. Неге Казұу деген сұраққа жауап берсем. 1934 жылы еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Он алты факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді. Мекемелер көп жылдық оқу және жұмыс тәжірибесіне бай. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, қызметтерінің сапасы жағындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты IQNET Халықаралық сертификациялық жүйесінің ірі әлемдік сертификаттау орталықтарының куәлігін алды.

Ең алдымен Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті – еліміздегі ғана емес , әлемге де өзінің білім , ғылым деңгейімен әйгілі университет. Әлем университеттері бойынша 150-ші қатарда. Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө. Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. Студенттер сарайында өнерлі студенттерге арналған студенттер клубы жұмыс атқарады. Студенттер клубының дарынды мүшелері талай байқаулардың жеңімпаздары. Университетімізде дәстүрлі түрде «Жалын» бірінші курс таланттарын анықтау (қазіргі таңдағы «Фараби Фест» ), «Студенттік көктем», КВН, «Ана тілі аруы-Жігіт сұлтаны» сияқты байқаулар жоғары деңгейде өткізіліп тұрады. Сонымен қатар университетті көркейтетін, жастардың ұйымдастырушылық қабілетін ашатын әртүрлі ұйымдар қызмет жасайды. Атап өтсем «Сұңқар» , «Көмек», студенттер кеңесі және т. б. Сондықтан да мен еш ойламай, еліміздің үздік университеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсу үшін құжат тапсырдым. Менің таңдауым математика мамандығы бойынша «механика -математика» факультетіне тоқталды. Бұл факультетте математика ғылымдарын оқыту саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары кәсіби оқытушылар сабақ береді. Мен бұл мамандықты осы мамандықтың маңыздылығы үшін таңдадым. ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.

Механика-математика факультетінің 1-курс студенті: Әбді Асылзат Талғатқызы

Филология факультетінің аға оқытушысы Уразгалиева С. жетекшілігімен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз