Өлең, жыр, ақындар

Қазақ Ұлттық университет жарқын болашақ кепілі

Мен Түркістан облысы, Сарыағаш қаласынан келген студентпін. Аты жөнім Райымов Бақдаулет болады. Мен осы жылы Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс студенті атандым. Бұл біз үшін үлкен қуаныш және бақыт. Мен «Медицина және денсаулық сақтау»-факультетінің стоматология мамандығында оқимын.

Бұл университетке түсуімнің себебі 88 жылдық тарихы бар, әлем бойынша 150 мықты университетің қатарынан кіретін оқу орны. Бұл жерде оқудың озі бір бақыт. ҚазҰУ өзінің қалашығы және әсем табиғатымен танымал болған, жәнеде бізге деген барлық жағдай жасалған жаңа ғимараттары мен Ө.Жолдасбеков атындағы студентер сарайы бар.

КазҰУ-нің білім сапасы мен ұстаздары өте жоғары деңгейде. Ұстаздардың білім беруі ерекше және тәжірибесі мол. Бізге өз мамандығымыздағы теорияларды түсіндіріп болашақтағы жұмысымызға деген сенімділігімызды арттырып жатыр. ҚазҰУ-де оқу көптеген жандардың арманы.

ҚАЗҰУ-бұл студентердің болашағы мен мақтанышы. Біз үшін жетістіктер мекені. ҚазҰУ біз үшін жарқын болашақ кепілі.

Райымов Бақдаулет 1 курс стоматология ҚазҰУ.

Аға оқытушы Қайрақбаева Гулназ Солтанғазықызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз