Өлең, жыр, ақындар

Қазақ білімінің қара шаңырағы - ҚазҰУ

Мен Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласынан келген қазақ азаматымын. Аты жөнім Ақылбекова Балнұр Тоғызбайқызы.

Мектеп бітіргеннен кейін түлектер алдында олардың өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі - оқу орнын таңдау тұр. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Мен де еліміздің және басқа да мемлекеттердің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым, менің назарым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады.

Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты, қызметтерінің сапасы жағындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты IQNET Халықаралық сертификациялық жүйесінің ірі әлемдік сертификаттау орталықтарының куәлігін алды.

Мен қазіргі таңда ''Стоматология'' факультетінің 1 курс студентімін. Менімен бірге шетел азаматтары да білім алады. Түркменстан, Түркия, Қазақстан студенттерімен бірге оқу, тілдесу, пікір алмасу өте қызықты. Шетелден келген студенттерге көп жеңілдіктер бар.

Менің таңдауым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды және де мен Стоматология мамандығына түстім. Осы университетті таңдағаныма еш уақытта өкінбеймін.

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, ҚазҰУ студенті болу өмірдің үлкен сәттіліктерінің бірі деп санаймын. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, жоғарғы білімді және ой өрісі кең, бәсекеге қабілетті маман болу үшін жастардың жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін құтты мекен.

Өзбекстаннан келген студент Ақылбекова Балнұр Тоғызбайқызы 1 курс 

Медицина және денсаулық сақтау  факультеті Стоматология мамандығы

Аға оқытушы Қайрақбаева Гүлназ Солтанғазықызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз