Өлең, жыр, ақындар

Күніңізді сәтті бастаудың 7 тиімді әдісі

Таңымызды қалай бастасақ – күніміз дәл солай жалғасын табады. Шыны керек көбіміз сол бұрынғыдай өмірімізді сүру үшін оянамыз. Мұны өзгертетін кез келді деп ойламайсыз ба?

Күн сайын әр адам өзінің ең керемет нұсқасы болуы үшін талпынуы қажет. Бойыңызда жақсы әдеттерді қалыптастыруды бүгіннен бастаңыз. Күніңізді сәтті бастап, мақсаттарыңызға жақындай түскіңіз келсе, төменде көрсетілген 6 қадам сізге көмек бола алады.

1. Күлімдеңіз

Туған күн мерекеңізді немесе осыған дейін сізүшің өте маңызды болған күнді есіңізге түсіріп көріңізші. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болып, оятқыштың шылдырынан бұрын оянып алған боларсыз. Міне, әр күнді солай бастау керек. Нейрофизиологтардың айтуынша, мимикалық қозғалыстар ми жарты шарларымен тығыз байланысты. Сіз күлімдеген кезде бақытты сезім тудыратын сигнал миға барады. Осылайша өзіне жақсы көңіл-күй сыйлай білген адам кешке дейін жағымды энергияға толы болады.

2. Тыныштықпен үндесу немесе медитация

Әдетте ұйқыдан тұра салып телефонды іздейміз. Оның орнына 5 минутыңызды тыныштықта өткізіңіз. Ішкі әлеміңізге үңіліп, рухани назарыңызды жан дүниеңізге бағыттаңыз. Санаңыздан артық ойларды алып тастаңыз. Соның арқасында санаңыздың күйі өзгеріп, ерекше ынтамен күніңізді бастауға қуат аласыз.

3. Жоспар құрыңыз 

Алдағы күні жасаймын деген жұмысыңызды тек ойлап қана қоймай, қолыңызға қалам алып жоспарыңызды жазыңыз. Ең басына ауыр, ұзақ уақыт алатын істерді қойған жөн. Себебі жағымды энергияға толы сергектігіңізбен жоспарыңызды тиімді орындауға мүмкіндігіңіз мол болады.

4. Тек 5 минут

Таңыңыздың 5 минутын қарапайым дене жаттығуларына арнай отырып, күні бойына энергия алу мүмкіндігіңіз бар. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, спорт адамның көңіл-күйін көтеріп, сергектік сыйлайды. Сондықтан, бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабағын еске түсіріңіз де жаттығу жасауды бастаңыз! 

5. Су ішіңіз 

Бұл өте қарапайым кеңес болуы мүмкін, алайда ағзадағы су балансын реттеу маңызды. Мәселен оянған соң сіз жуынасыз, солайша ұйқыңыз ашылады. Ал азаңда астан бұрын бір стақан су ішсеңіз, ішкі мүшелеріңізді оятасыз. Сол кезде таңғы асқа ағзаңыз дайын болып, жақсы қорытады.  

 6. Оқы, оқы және оқы 

Кітаптың өміріміздегі асыл қазына екені бәрімізге белгілі. Жаңа бір нәрсеге үйренем десеңіз немесе әлем әдебиетімен танысып,тарихқа көз тастамақ ниетіңіз болса, әрине, кітап оқыған абзал. Күніне 10-20 беттен оқып тұрсаңыз, 1 жылда 7300 бет болады. Бұл 200 бетттік 36 кітапты құрайды. Тамаша емес пе?  

7. Өзіңді сүй! 

Айна алдына барып неше түрлі аффирмацияларды қайталаңыз не болмаса жай ғана өзіңізге алғыс айтуды әдетке айналдырыңыз. Бұл жақсы психологиялық көңіл-күй сыйлайды. Оған қоса адамды өзі секілді басқа ештеңі жігердендіре алмайтынын естен шығармаңыз. Мақсатыңызды айқын етіп, өзіңізге құрметпен қараңыз.

Адамқаласабарлығымүмкін екенін ұмытпағайсыз. Әр күндібағалап биік белестердібағындыруға дайын болыңыз. Жаңа күніңіз сізге қандай дүние дайындапқойсада, сізсақадай сай болуыңыз керек!

Зарема Тұрсынбаева


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз