Үш ғасыр импералисттік отарлау мен жетпіс жылдай коммунистік езгіде болған Қазақстан халқының тарихы санасында көптеген шабуылдар жасалынды.Алайда, ата-бабаларымыздан қалған ұлттық мұрамыздың арқасында қазақ халқының рухани және мәдени жадысы сақталып, қазіргі уақытқа дейін еліміздің бүтіндігін сақтап тұр. Дегенмен, ұлттық мұра мен төл мәдениеттің анықтамасын білген соң ғана, бұл ұғымдардың біз үшін қаншалықты маңызды әрі өзекті екенін түсінеміз. Ұлттық мұра - қазақ халқының ғасырлар бойы күрескен материалдық және материалдық емес құндылықтар. Ендігі кезекте, материалды және материалды емес құндылықтар не деген сауалға келсек, онда жауап былай болмақ: материалды құндылық- қазақ халқының ғасырлар бойы өндірген, күрескен, сақтап қалуға тырысқан және ұрпаққа қалтырған түрлі мәдени ескерткіштер. Материалды емес болса, бұл қазақ халкының қазақ деген этноним ретінде өзіндік сана сезімді қалыптастырушы түрлі мәдени символдар мен идеялар жиынтығы. Ал төл мәдениет дегеніміз қазақ халқына тән мәдени құндылықтар, қағидалар мен салт-дәстүрлер жиынтытығы. Сәйкесінше, ұлттық мұра мен төл мәдениетіміз біздің «біз» болуымыздың негізгі діңгейі. Сондай-ақ, Қазақстан халқы ұзақ тарихқа ие, әлемдік өркениет қазынасына енетін мәдени құндылықтардын иесі болып табылады.
Ескерткіштердің саны мен алуан түрлілігі бойынша Қазақстан Жерорта теңізі мен Таяу Шығыстың көптеген мемлекеттерінен кем түспейді. Археологиялық олжалар Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың - скифтердің, сақтардың, сарматтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың (б.з.д. I мынжылдық), содан кейін түріктердің отырықшы егіншілік және көшпелі мәдениеттері өркениетінің дамудың жоғары деңгейін растайды. Мысалы, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар. 20 ғасырдың аяғы - 21 ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістер мемлекет пен қоғамның тарихи-мәдени мұраға деген қатынасының сапалы өзгеруіне әкелді. Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қазақ халкының және этникалық диаспоралардын тарихи мұраларын сақтаудың құқықтық кепілдіктерін құру Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады. Олар мәдени мұраның маңызды компоненттерінің бірі ретінде маңызды әлеуметтік функцияларды орындайды, ғылым, білім мен мәдениетті дамыту, патриоттық сезімді қалыптастыру, идеялык-адамгершлік және эстетикалык тәрбиенің мақсаттарына қызмет етеді. 2012 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының ұлттык қауіпсіздігі туралы» заңында /4/ кездесоқ емес, ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қатерлер қатарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани мұрасының жоғалуы аталады. (6-бап) Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының қазіргі жағдайы мемлекет ғасырлар бойғы дәстурлерді сақтау және дамуға, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, кесенелерді, ежелгі мешіттерді қалпына келтіру, жаңа тарихи-мәдени музей-қорықтар кұру, Қазақстан халыктарының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар мұрағат құжаттарын анықтау секілді жұмыс жасалынды.
Ерекше тарихи, ғылыми, мәдени және көркемдік маңызы бар тарихи-мәдени кұндылықтар ретінде тарихи-мәдени қорықтар және қорық мұражайлары саналады.
Қазақстан Республикасында келесі тарихи-мәдени мұражай-қорықтар жұмыс істейді:
1. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейі;
2. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі
3. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі;
4. «Отырар» мемлекеттік археологиялык қорық-музейі;
5. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі;
6. «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі;
7. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі;
8. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі;
9. «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі.
Әлбетте бұл қорық мұражайлары мен тарихи-мәдени қорықтар материалдық ұлттық мұрамыздың ескерткіштері және төл мәдениетіміздің заттай белгісі болып табылды.
Сонымен қатар төл мәдениетімізді және ұлттык мұраны сақтап қана қоймай, сонымен қатар оның маңыздылығын халыққа насихаттап, елдің рухани идеологиялық санасын дұрыс жолда сақтау үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар өз қызметін атқарып жатыр.
Қастер Айжан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі