Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы дін саясаты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Философия және саясаттану” факультеті  “Дінтану және мәдениеттану” кафедрасы Дінтану мамандығы 3-курс Әбіш Айнұр

Жетекші: ҚазҰУ аға оқытушысы Кудерина Айжан Нурхамитовна

Қазақстан Республикасы Орта Азиядағы алпауыт мемлекеттердің бірі. Жер көлемі үлкен болғынымен Қазақстанда 19 милионға жуық адам ғана өмір сүреді. Бұл көрсеткіш Қазақстан аумағы үшін өте аз деп айтуға болады. Бірақ осы 19 милион халық әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған. Тиісінше әр түрлі дәстүрлер мен мәдениет,діни көзқарастар кездеседі. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет және онда 18 діни конфессия бар. Осы 18 конфессия арасында алауыздық тумауы үшін және бір адам өзге дін өкілін сенімі үшін кемсітпеуі үшін Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен діни таңдауы заңмен қорғалады. Атап айтар болсақ 1992 жылы қабылданып 2011 жылы өзгерістер енгізілген “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда” азаматтардың діни көзқарасын қорғай отыра діни қызметпен миссионерлік жұмыс ережелері, діни әдебиеттердің тексеруден өту ережелері, діни бірлестіктердің құқықтарын сақтау керек ережелер жинағы. Қазақстан көп ұлтты, көп дінді зайырлы мемлекет. Зайырлылықты сақтау және дәріптеу мақсатында Қазақстан Респуликасының алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2003 жылдан бері “Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары” сьездінұйымдастырып, өткізіп келді. Бұл әлемнің ешқандай мемлекеті қолға алмаған батыл қадам деп санаймын. Өйткені әр алуан дін өкілдерін бір дөңгелек үстел басына жинап олармен қазіргі әлемде болып жатқан діни мәселер мен кикілжіңдерді ортаға салып ақылдасып шешімін табу ол өте үлкен жауапкершілік. Дін мәселесі адам болмысындағы өте биік әрі нәзік мәселерлердің бірі болғандықтан әр бір айтылған сөздің салмағы маңызды және жаупкершілігі өте жоғары. Жауапкершілігі қандай зор болса пайдасыда өте ауқымды болған бұл шара Қазақстандағы діндер арасында одан аса әлем діндері арасындағы ауызбіршілікті, келісімді жоғарылатады. 

Одан бөлек бұр шара Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін бір мәрте көтерді.

Биыл Қазақстан Респуликасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген жетінші сьеді өте орынды және  өз маңыздылығын дәлелдеді. Онда президентіміз айтып өткендей дін көшбасшыларының осындай ауқымды дөңгелек үстелде диалог құрып,келісім жүргізуі әлемде  қазіргі уақытта болып жатқан әскери қақтығыстарды  тоқтуға улкен көмек берер еді..

Жәнеде өз елімізде өмір сүріп жатқан ұлтар арасындағы діни және мәдени  татулық,ұлтаралық медени татулыққа алып келері анық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз