Барлығымыз білетіндей адамның жануардан айырмашылығы тек сөйлей алуында. Тіл - ең үлкен қару. Қазіргі 21-ғасырдың дерті де осы тақырып болып отыр. Бұл мәселені шешуде әлі де күресіп әлек болудамыз. Патриоттық сезімі бар кез-келген азамат немесе азаматша міндетті түрде өз тілін құрметтей біледі деп ойлаймын. Ана тілі өз тілің, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте, - деген сөздер еріксіз еске түседі екен. Неліктен бұл мәселе өзекті? Мәселені шешуде дұрыс жүйе қолданылама? Жастарды қойып, тіпті орта жастағылар да бұл мәселенің кейіпкерлері болып отырғанына не себеп? Осы сұрақтар көкейді теседі. Біріншіден қоғам ықпалы. Неге? Себебі әлеуметтік топ бәрібір де ортаға ықпал етпей қоймайды. Вирус секілді, мысалы бір адам басқаша өмір ұстанымын ұстанса келесі де соны қайталайды немесе біреудің істегені дұрыс болып шығады деген ойды қалыптастырады және сол принциппен жүреді. Өкінішті-ақ. Бұл жерден көретініміз қазіргі заманда әр адамның өз ойының болмауы, өзгелерді үлгі тұтуы, өздерін үлгі ретінде көрсетуге қорқуы, өз ұстанымы бола тұра жасқанып соны істемеуі немесе сол нәрсемен жүрмеуі орын алған. Бәлкім бұның барлығы әлеуметтік желіден болар деген пайымдауға келейік. Расымен де солай, бірақ 100 пайыз емес. Шамамен 80 пайыз десек болар бәлкім. Екіншіден осы себеп болып отыр. Видео, бейнеролик, сурет тағы да басқа біз көретін дүниелер әсерін тигізбей қоймайды. Күнделікті қолданып, көріп жүргендіктен бұл дүние міндетті түрде әдетке айналады. Үшіншіден адамдардың мінез-құлқы. Жоғарыда айтып кеткенімдей психологиялық тұрғыда мұны қарастыруға болады. Індет пе, дерт пе бұны да білмедік. Кішкентай баланың мобильді телефонға көп телміруі, оның дамуына қатты әсер етеді. Әсіресе тілінің шығуына. Мәселені айта берсек, бітпейді. Тұлғаның өз елінің тілінде сөйлеуі өте маңызды аспект. Ана тілін сыйламаған адам ешнәрсе құрметі жок болғаны деп саналады. Орыстану саясаты қайта келгендей! Бірақ дәл солай емес. Ғаламтор әсерінен көпшілік қауым орыс тілінде сөйлеп кетті. Орыс тілін ыңғайлы санадыма, ұнады ма оны да нақты шарт кесіп айту қиын. Қорыта келе әрбір азамат пен азаматша өз тілінде сөйлеуге міндетті. Ана тілін құрметтеген өлмейді. Туған жерге сыйластықты тым болмаса өз тілінде сөйлеумен көрсетсе деген мақсат.
Султанбек Аружан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі