Өлең, жыр, ақындар

Елбасы

Ұлым дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін ұл қайдан шығады.

Ахмет Байтұрсынов

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы экономикамен бірге білім және ғылым саласын дамытуға айрық­ша көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда елі­міздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандартқа сәйкес  же­т­і­ліп келеді және оның отан­дық үл­гісі қа­лып­тасуда десек, мұнда Елбасы Н.Наза­рбаевтың инновациялық ой-тұ­жырым­дары мен тікелей қамқорлығының маңызы зор болғанын атап өтуіміз қажет. Елбасымыздың еңбектерінің  маңызы тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігіне негізделеді. Оның «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділерді ерекше суреттеп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған.

Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған.

Сонымен қатар, «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.

Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті. Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай жасала бастады.Бұл сапалы еңбектің көрінісі деп ойлаймын.

Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан халқының, қазақ ұлтының, оның бүгінгі және келешекте дүниеге келер ұрпағының өз тарихындағы мақтан тұтар тұстарының, тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін құрудағы атқарған ерен еңбегі мәңгі ел есінде.

Дана Абдрахим


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз