Корейская косметика премиум класса

Қазақстанның рухани жағдайы және діни ахуалы

Ең әуелі Қазақстан мемлекеті соңғы жылдары біршама қиындықтарға кезікті. Солардың алғашқысы 2020 жылы бастау алған бүткіл әлемге тараған індет болды. Оның салдарынан қаншама Қазақстандықтар қайтыс болды. Және саяси ахуал мен қоса діни ахуалыда күрт төмендеді. Зайырлы ел болғандықтан біршама ұлт өкілдеріде сол індеттен зардап шекті. 2021ге дейін созылған індет тоқтап енді аяғына тұрып есін енді жинаған ел үшін тағыда бір келесі сынақ келіп тұрды. Ол 2022 жылғы “қаңтар оқиғасы” ондада еліміз көптеген дағдарысқа ұшырап қаншама азаматтарымыз бұл өмірмен қоштасты. Сол оқиға Қазақстанда қалай бастау алды және олардың артында кімдер тұр? – деген сұрақтар баршамызды мазалайды. Терроризм актісі орын алды деп жариялады, демек бұл жерде саяси мәселеден бөлек діни мәселеде бар болғаны. Қолдарына қару ұстап халыққа Ішкі істер қызметкерлеріне қарсы шығып оқ жаудырған кімдер? Және неліктен олай жасады? Міне бұл жағдайдада біршама сұрақтар мазалайды. Қазақстан мемлекеті зайырлы және діни еркіндігі бар мемелекет болғандықтан көптеген діни ағымдардың дамуына таралуына үлкен мүмкіндігі бар платформа, соның ішінде теріс деструктивті ағымдарға “Зікіршілер” “Талибтар” “Аль-каида” “Мұсылман бауырлар” және т.б-лары жатады.

Қазіргі кезде діни ахуалға жол беруге болмайды себебі дін аралық қақтығыс болуы мүмкін немесе диструктивті ағымдардың салдарынан адамды арандату арқылы экстремистік актілер орын алуы әбден мүмкін.

Қазақстанға тән дәстүріне сәйкес “ханафи” масһабымен христиан дінінің проваславиялық ағымы бізде басым дін болып табылады. Менің ойымша дінімізді өзге ағымдардан, диструктивтен арылтқанымыз жөн болатын сияқты. Сонда өзге діни ағымға адасушылық және арандатушылық орын алмас еді деп ойлаймын. Жастардың діни сана сезімін оятып, діни білімін арттырса келешекке деген оң қадам деп санаймын.

Осы 2022 жылымыздың ортасында президентіміз “Жаңа Қазақстан” деп жариялажы. Міне соған орай сонғы екі жылдағы қиындықтардың бәрін артқа тастап “Жаңа Қазақстан” -ға барлығымыз өз үлесімізді қосып Қазақстанның діни жағдайымен мәдени-әлеуметтік жағдайын бірге дамытып қолға алайық. 

Мен өзім болашақ дінтанушы ретінде өзімнің ойым жоғарыда айтып өткендей елімізді, дінімізді азғындықтан, арандатушылардан, диструктивтен тазаласақ дінімізге басқа бағыттан келген адастырушылар жоғалып тек қана жүрегінде иманы бар отанын елін құлай сүйетін ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ұлттық кодты сақтайтын жастарымыз көбейер деп сенемін.

Дін адам жанында,
Адам мемлекет жанында,
Солай болса  барлығы
Ұлт пен иман, ел мен дін бәрі мәңгіге!


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану кафедрасы
Жетекші Кудерина Айжан Нурхамитовна
3 курс студенті Байтөлеуов Жандос Алмасұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз