Мағжанның күнделікті тұрмыстағы қолданылып жүрген өлеңдерін барлығымыз білеміз. Мағжан атамыздың өлеңдерінде қандай да бір жалын бар және сол жылынды екінің бірі түсіне бермейді. Мұқағали поэзияның атасы болса, Мағжан лириканың қаһарманы. Мағжанның көптеген өлеңдері әйелдерге арналғанын барлығымыз білеміз. Сонысына карамастан Мағжан өзіндегі рухты және діни сауатын пайғамбар өлең жолдарын түсіріп кетті.Мысалы:
Күн батыста қараңғылық қаптаған,
Күні батып жаңа таңы атпаған.
Түнеріп жүр түннен туған перілер,
Табынатын басқа Тәңір таппаған.
Бұл өлең жолдарынан не байқаймыз қазақ халқына белгілі бір қараңғылық келді. Қараңғылық ол надандық. Күні тәуелді болған халықтың жайын қандайда бір атақ алу үшін нашарлатқан қанпезерлерді де сүреттеді. Барлығымыз білетініміздей көптеген медреселерді сол кезде жауып тастағаны да айтылды. Енді осы жердегі адам баласының азғындығына Мәкең шыдап тұра алмады да:
Түн баласы...Түн жолына түскен ол,
Сақаусың деп Мұса тiлiн кескен ол,
Тәңiрiнiң сүйiктi ұлы Айсаның
Тiтiркенбей ұрттап қанын iшкен ол...
Бұл жердегі Ібілістің адамға деген кегель көрсетіп тұр. Ібілістің Мұса пайғамбармен кездесуін және Ібілістің еврей халқына сыбыр етіп Иса пайғабарды өлтіруін де айтып өтті. Бұл жердегі христиандардағы шарапты Ібіліс Исаның қаны деп адасушылыққа алып келгендігінде жазып өтті.
Түн баласы түнерген түн жамылған,
Аллаға емес, әзәзiлге табынған.
Iнжiлдi өртеп, табанға сап құранды,
Әдiлдiктi күткен ессiз қарыннан.
Дәл осы жерде Түн баласының арсыздыққа барғанын. Құдайын ұмытқандығы жайлы керемет бір пайымдап өтті десек қателеспейміз. Қасиетті кітаптарды қорлағандығында бәріміз білеміз. Кеңес үкіметі кезінде дінді халықтың апиыны ретінде көрсетіп, кітаптарды өртеп жаққандығы да өздеріңіз мәлім.
Ерте күнде отты Күннен Гун туған,
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам.
Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдi,
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Мына бір мақамға ой салматын адам Мағжан атамыз өзін не пайғамбарға теңеп тұр деген сөздер кетеді. Шындығына келгенде Бұл жерде Гун дегеніміз түркілердің арғы атасы болып келеді. Өзінің түркілердің ұрпағына теңеп түн баласына жалынды өлең шумақтары мен қарсы тұра алам дегенді алға тартады.
Күншығыстан таң келедi – мен келем,
Көк күңiренед: мен де көктей күңiренем.
Жердiң жүзiн қараңғылық қаптаған,
Жер жүзiне нұр беремiн, Күн берем!
Қайғы басқан жер жүзіне өзінің Гуннің аруағы арқылы жер жүрсізіне жарық бергісі келеді. Тар мағынада ойласақ бұл анимизге жақын деп ойлайсыздар. Терең мағынасы жарық ол Жаратқанның белгісі ретінде түсіндіргісі келді. Яки Мәкеңнің айтқысы келгені әлемді құдайсыздықтан құтқарғысы келді. Осындай айбынды шығармалар қазақ халқында жетерлік, бірақ жүрекке дейін жетіп ой толғайтындай мәселерді көтере білген Мағжан Жумабаевқа біз қарыздармыз.
Төлеу Әлішер
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. Философия және саясаттану факультеті. Жетекші Тунгатова У. А
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі